Ана өмірдің шуағы


Естуре Ұлдананың орындауында өлең шумағы «Ана»



бет2/4
Дата29.03.2023
өлшемі201,79 Kb.
#77126
1   2   3   4
Байланысты:
8 Наурыз. Ашық сабақ

Естуре Ұлдананың орындауында өлең шумағы «Ана»
Батыр да туған анадан, ақын да туған анадан. 
Ананың биік тұғыры - анадан туған бар адам.
Пайғамбарымыз Мұхаммед ананы құрмет санаған,
Анаға мәңгі борыштар елдегі барлық дана адам 
Ақ сүтін беріп өсірген, бұзық болсам - кешірген.
Тілін алсам - айналған, күнәм болса - өшірген.
Ақ анашым,анашым, саған тәнті бала шын! 
Мөлдір, кәусар бұлақсың, мен сүрінсем - жылапсың, 
Шыңға шықсам - қуанып, мен құласам - құлапсың
Ақ анашым, анашым, сендей бар ма жанашыр
8 Наурыз 2012 жыл көктемі,
Қыстың кетті аязының өктемі.
Мерекеңіз құтты болсын ханымдар,
Күндей болып жарқыраңдар көктегі!

Әйел, қыздар сендер көктем гүлісің,


Ақындардың өлең арнар жырысың.
Ұрпақ жалғап, өмір сыйлап адамға,
Ғасырларға жалғасады бұл ісің.

7 - оқушы:
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.

2 - жүргізуші:
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, меніңше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандайАхметхан Дәриғаның орындауындағы «Ана - Әке» әнін, қабыл алыңыздар.

Ән «Ана - Әке»

2 - жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге – демекші, ендігі кезекте қазақтың « Флеш моб», қабыл алыңыздар.

Би «Флеш моб»
1 - жүргізуші:
Дүние ойдан шығалы,
Өзімді өзім ұмытып.
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып, – дей отырып, ендігі кезекті әнге берейік.

Сайлауова Мақпалдың орындауында
«Перзент парызы» әні

2 - жүргізуші:
Ойын «Ананың алақанын сипап сезу» Үш баланың көздерін жауып байлаймыз. Аналардың орны ауысқаннан кейін, балалар көздері байлаулы күйде барлық аналардың алақанының арасынан, өз анасының алақанын сипап сезу арқылы табу керек.

2 - жүргізуші:
Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл күйлер.
Алдарыңызда қазіргі үнді биі,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекте, Нахыпбек Бекзаттың орындауында би «Майкл Джексон Smooth Criminal »қабыл алыңыздар!
1 - жүргізуші:
Ана ол біздің елде ардақты адам,
Кішісі де, үлкені де ардақтаған.


Өзінің аяулысы да Отанын да,
«Ана» деп біздің халық текке айтпаған, – деп кезекті көрініске береміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет