Анаэробты клостридиялық хирургиялық инфекция


Жасырын кезен 7 – 10 күнен 1 айға дейін болуы мүмкін



бет5/6
Дата13.03.2023
өлшемі1,7 Mb.
#73706
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
317552.pptx

Жасырын кезен 7 – 10 күнен 1 айға дейін болуы мүмкін.

Басында науқастың басы ауырады, әлсірейді, қатты терлеп мазасызданады, жарасы керіп ауырып, айналасындағы бұлшық еттері тырысып тартылады. Ауру дамуында беттің мимикалық бұлшық еттері тоникалық, клоникалық тырысып науқастың аузын ашқызбайды. Науқастың бет пішіні менсінбей кұліп тұрған адамның бетіне ұқсайды. Сіреспенің бұл белгісін – сардоникалық күлкі симптомы деп атайды.

Бұлшық еттерінің жиырылуы мойын, арқа, іш, аяқ-қолға тарап, ұстамалы түрде қайталанып, қатты ауырып науқас әбден әлсірейді. Болар – болмас дыбыс, жарық тітіркендіргіш факторлар дереу барлық дене бұлшықеттерінің тырысуына әкеледі. Барлық бұлшықеттер тартылғанда науқас доға тәрізді иіліп, өкшесімен шүйдесіне тіреліп тұрады. Бұл позаны опистотонус деп атайды.


Опистотонус
Сіреспе ауруының алдын алу. Балаларда және ересек адамдарда жедел арнайы алдын алу :
  • Кез келген жарақаттардан тері және шырышты қабықтардың жарақаттануында
  • 2 – 3 дәрежелі күйіктерде және үсік ауруында
  • Медицина мамандарының көмегінсіз үйде босанған әйелдерде
  • Асқазан – ішек жолдары операцияларында
  • Жануарлар тістегенде

  • Сіреспені шұғыл спецификалық алдын алуда қолданылады :
  • АС-анатоксин
  • Сіреспеге қарсы адам иммуноглобулині(СҚАИ)
  • СҚАИ болмаған жағдайда – сіреспеге қарсы қан сарысуы


Тері ішіне жасалатын сынама
Сіреспеге қарсы қан сарысуын енгізер алдында жылқының тазартылған, сұйылтылған 1:100 қан сарысуымен тері ішіне сынама қояды. Сынама қою үшін 0,1 мл бөлінген және жіңішке инелерімен еккіштер қолданылады. Сұйылтылған қан сарысуын 0,1 мл көлемде білектің ішкі беткейіне тері ішіне енгізеді. Реакцияны 20 минуттан кейін бағалайды.
Егер енгізілген жерде пайда болған ісінудің диаметрі немесе қызаруы 1 см аз болса 0,9мм сынаманы теріс деп санайды. Егер енгізілген жерде пайда болған ісіну немесе қызару 1 см және одан көп диаметрге жетсе сынаманы оң деп санайды.
Егер тері ішіне жасалған сынама теріс болса сіреспеге қарсы сарысуды жауырын асты аймағына немесе иықтың сыртқы беткейінің жоғарғы және ортаңғы үштің бірінің шекарасына, 0,1 мл мөлшерде теріастына енгізеді (стерильді еккішті қолданады, ашылған ампуланы стерильді сүрткімен жабады). 30 минуттан кейін реакция болмаған жағдайда стерильді еккішті қолданып қан сарысуының барлық тағайындалған дозасын тері астына жауырын асты аймағына немесе иықтың сыртқы беткейінің жоғарғы және ортаңғы үштің бірінің шекарасына (алдын алу мақсатында), көктамыр ішіне немесе жұлынми өзегіне (емдік мақсатта) енгізеді. Препаратты енгізу екпе мерзімін, дозасын, препаратты дайындаушы кәсіпорынды, серия нөмірін, препаратты енгізуге реакцияны көрсетумен бекітілген есептік формада тіркеледі..


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет