Шіру инфекциясы дегеніміз – тіндердің өліеттенуі мен олардың кейін шіріп ыдырауымен сипатталатын жараның инфекциялық асқынуы. Шіру инфекциясы кезінде тіндердің өліеттенуі баяу, толассыз жүреді, шектелу байқалмайды, жұмсақ тіндер мен сүйектерді қамтып ауыр интоксикация дамиды.
Жарадағы жергілікті өзгерістер өліеттенген тіндердің сасық иісті қара бурыл түсті массаға айналуымен сипатталады.
Дифтерия
Дифтерия (күл ауруы) – коринебактериялар тобының Леффлер бактериясымен қоздырылатын, ағзаның улану белгісімен және мұрын, жұтқыншақ шырышты қабаттарының фибринозды қабынуымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.
Дифтерия қоздырғыштарының кіру қақпалары болып ағзаның жамылғылары (тері мен шырышты) есептеледі.
Ең жиі орындары жұтқыншақтың шырышты қабаты,көмей, мұрын, көздің дәнекер қабығы, жыныс мүшелері, жараның үсті, тері және т.б.