Анаэробты клостридиялық хирургиялық инфекция



бет4/6
Дата13.03.2023
өлшемі1,7 Mb.
#73706
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
317552.pptx

Тіндердің ісініп , араларында газ түзілуінде тінішілік қысым жоғарылап, жарада қан айналымы бұзылып, сау бұлшықеттер , жұмсақ тіндер некрозға ұшырап, анаэробтын өсіп өнуіне қажетті қоректі заттар көбейеді. Жараны шетінен басқанда ішінен газ көпіршіктері шығады.

Газды гангрена дамуы үшін әсер ететін факторлар:

  • Топырақ пен кір киімдердің қиықтарымен ластанған, өліеттенген жұмсақ тіндерге, әсіресе мыжылған бұлшық етке толы жыртылған ауыр жаралар
  • Анемия, шок, қатты тоңу, жгут салу, тамырларды байлау, жараны қатты таңу, тіндердің гипоксиясы
  • Науқас иммунитетін төмендететін жағдайлар
  • Жараланған жердің транспорттық иммобилизациясында және тасмалдау кезінде қосымша жарақаттануы

Газды гангрена емі

  • Арнайы (спецификалық) ем бактериологиялық диагноз анықталғанға дейін, газды гангрена қоздырғышына қарсы 150,000 антитоксикалық бірлік поливалентті антигангренозды сарысуды (антиперфрингенс, антиэдематиенс және антисептикум әрқайсысы 50000 а.б доза) науқастың көктамырына баяу тамшылатып енгізеді. Әрбір 100мл сарысуды 100 – 400мл дене температурасына дейін жылытқан натрий хлордың 0,9%ерітіндісімен араластырып қолданады.

Газды гангренада жедел хирургиялық операция 3 бөлінеді:

  • Анаэробты инфекция ошағын кеңінен тіліп, өліеттенген тіндерді әсіресе бұлшықеттерді алып тастау
  • Ауыр, прогрессивті интоксикация дамыған жағдайда жгут салмай гелиотина тәсілімен (балтамен шапқандай) ампутация жасап, жараны тікпейді.
  • Аса асқынып кеткен жағдайда ампутация істелген аяқ, қолдың тіндеріне қосымша тілік жасау
  • Операциядан кейін жараларды тотықтырғыш ерітіндісімен (калий перманганаты, сутегі асқын тотығы) көп мөлшерде жуып, 10%натрий хлор ерітінділерімен таңғыш салып, қимылын шектеу.

Сіреспе

Сіреспе ( tetanus – гр тілінен аударғанда тырысу, сіресу) – жедел спецификалық инфекциялық ауру. Қоздырғышы спора түзуші анаэроб Clostridium tetani, сіреспе таяқшасының тетаноспазмин экзотоксины. Ауру қоздырғыштары адам организміне жаралар арқылы түсіп, экзотоксиндер бөлгенде сіреспе дамиды. Топырақпен ластанған кездейсоқ жараларда сіреспемен ауыру қауіптілігі жоғары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет