Жараны қараған кезде тері жамылғысы бозғылт тартқан, кейде сарғыштануы да мүмкін, бет-әлпеті қуқылданып, тілі құрғап, жамылғымен қапталады. Тамыр соғысы жиілейді, АҚҚ төмендейді, дене қызуы субфебрилд
Науқас организмінде айналыста жүрген токсиндерде бейтараптау
Науқастың ағзалары мен жүйелердегі өзгерістерді түзету
Инфекция ошағын тазалау 3 типтегі операциялар арқылы жүзеге асырылады және оларға мыналар жатады: зақымданған тіндерді тілу, зақымданған тіндерді алып тастау және ампутациялар(эзартикуляциялар)
Зақымданған тіндерді жалпақ қылып «лампас тілігімен» тілу. Шандыр қапшықтарын, бұлшық еттерді сүйекке дейін ұзына бойы тілу зақымданған тіндердің барлығын қамтуы тиіс. Тереңдегі анаэробтық инфекциямен зақымданған бұлшық ет массивтеріне ауа жеткізу. Зақымданған жердің көлеміне байланысты 2-ден 5-6 тілікке дейін жасалады және олардың біреуі жара арқылы өтіп, оны бар тереңдігіне дейін ашады. Операциядан болған жараны марганец қышқылды калий немесе сутегінің асқын тотығымен шыланған дәкемен бостау етіп толтырады.
Зақымданған тіндерді кесіп алып тастау (кең некрэктомия) – тілікке қарағанда түбегейлі операция болып саналады. Алдымен шандыр, бұлшық еттер, шел қабаттары кесіп алынады, Бұл процесс тек жара аймағында және шектеулі болған кезде ғана жасалуы мүмкін.
Ампутация немесе экзартикуляция. Науқастың өмірін сақтап қалу үшін, дерт кеудеге шаппаған кезде, ампутация анаэробтық инфекция кезінде жасалатын операциялардың ішіндегі ең түбегйлісі.
Қоздырғышы спора түзу арқылы дамитын клостридиалды микробтары.
Анаэробтар қорытып шығаратын эндо-,экзотоксиндердің әсерінен тіндер үдемелі түрде өліеттенеді, ісінеді, тіндерде газдың түзілуі орын алады және ауыр интоксикация дамиды. Токсиндер әсерінен тіндерде туындайтын өзгерістерді 2 кезеңге бөледі:
Қан тамырларының өткізгіштігінің жоғарылауына байланысты плазма және формалық элементтер тінаралығына жиналады, тіндер токсикалық ісінуі кезеңі болады.
Тіндерде өліеттенген бұлық еттердің гликогені, белоктары, қантының ыдырауында газ түзіліп, бұлшықет және дәнекер тіндерін қысып прогрессивті өліеттендіру кезеңі жүреді.