Ерітінділердегі қышқылдық-негіздік тепе-теңдік
Қышқылдар мен негіздердің тепе-теңдіктерін толық түсіндіріп сипаттайтын жалпы теория жоқ. Қазіргі кезде қышқылдық-негіздік қасиеттер әртүрлі теориялық концепциялар көзқарасынан түсіндіріледі. Осы теориялық концепциялардың өздеріне тән кемшіліктері мен артықшылықтары бар. Ең бірінші қышкылдар мен негіздердің қасиеттерін түсіндірген классикалық электролиттік диссоциациялану теориясы. Оны 1887 жылы Сванте Аррениус ұсынған. Бұл ұғым бойынша: қышқылдар диссоциацияланғанда сутек-иондары мен аниондарға ыдырайды, ал негіздер – гидроксид-иондары мен катиондарға ыдырайды. 1916 жылы Льюис ұсынған теория бойынша: қышқылдарға электрондар жұбын қосып алатын заттар , ал негіздерге – электрондар жұбын бере алатын заттар жатады деп айтылған. 1923 жылы Бренстед және Лоури қышқылдар мен негіздердің протолиттік теориясын ұсынды. Бұл теория барлық қосылыстардың ( соның ішінде органикалық қосылыстардың да) қышқылдық-негіздік қасиеттерін түсіндіріп, осы қасиеттерге еріткіштердің әсерін бағалады. Протолиттік теория бойынша протонды бөліп шығаратын заттар қышқылдар қатарына жатады, ал протонды қосып алатын заттар – негіздерге жатады: НА ↔ р + АВ + р ↔ ВН+ Қышқыл және түзілген негіз қосарласқан жұпты құрайды. Көптеген қосылыстар протонды бөліп та , қосып та ала алады. Мысалы, HSсілтілік ортада қышқыл ролін атқарады, ал қышқыл ортада протонды қосып алып – негіздік қасиет көрсетеді. Мұндай қасиет амфотерлік, ал осындай қасиеті бар заттар - амфолиттер деп аталады. Протон алмасуымен сипатталатын реакцияларды протолиттік реакциялар деп, ал тепе-теңдікті – протолиттік тепе–теңдік деп атайды. Реалды жағдайларда протолиттік реакциялар екі қосарласқан жұптың арасында ғана орын алады: қышқыл протонды негіздің қатысуында ғана бере алады : HCl + H2O ↔ Cl- + H3O+ қыш. нег. нег. қыш. H2O + NH3 ↔ NH4 + + OHқыш. нег. қыш. нег. H2SO4 + H2O ↔ HSO4 - + H3O+ қыш. нег. нег. қыш. HSO4 - + H2O↔ SO4 2- + H3O+ қыш. нег. нег. қыш. Жалпы түрде жазатын болсақ HA + B ↔ BH+ + A
Протолиттік ілімде еріткіштің протолизі маңызды орын алады. Қышқылдық – негіздік қасиеттері бар еріткіштер амфипротты еріткіштер деп аталады (су, спирттер, қышқылдар, аминдер және т.б.). Мысалы, су протолизі: H2O + H2O ↔ H3O+ + OH