Қазақ тіліне жақын қарақалпақ, ноғай тілдерінен мәтіндер келітру арқылы бұлардың өзара туыстық жақындағына көз жеткізіңіз.
Сабақта қарастырылатын мәселелер
Қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдеріндегі дауысты дыбыстардың көне тілдегі көріністері
1
Қазақ тілінің қыпшақ тілдер тобындағы дауысты дыбыстар ерекшеліктері, оның көне түрік тілі дауыстылары жүйесіне қатысы мен ерекшелігі
2
Түркі тілдерінде бір буынды сөздер құрамындағы дауысты мен көп буынды сөздердің бірінші және келесі буындарындағы дауыстыларды бір-бірінен ажыратып қарау керек. Өйткені, бір буынды түбір құрамындағы дауысты әрі тұрақты, әрі сапалық жағынан басқа сөз құрамындағы дыбысқа бағынышты емес.
Көп буынды сөздер құрамындағы дауыстыларда мұндай қасиет жоқ: олар көбіне айнымалы болып келеді және сингармонизм, ұйғыр умлауты тәрізді құбылыстар оларға қатты ықпал жасады.
Оның үстіне фонемалар жүйесін анықтау үшін комбинаторлық, позициялық өзгерістер әсер етпейтін жағдайдағы дауыстылар қарастырылуға тиіс.
Ал комбинаторлық, позициялық өзгерістер әсер етпейтін жағдай тек бір буынды түбір құрамында ғана болады.
B. B. Радлов төлеуіт тілінің вокализмін еске алып, түркі ата тілінде 8 дауысты а, о, ө, у, і, а, у, ф(бұлар қазіргі қарашай-балқар, қырғыз, құмық, түрік тілдерінде) бар деп қараған еді. Кейін әзірбайжан тілінің ерекшелігін ескеріп, олардың санын 9-ға жеткізеді (э).
Кейінгі зерттеулер көбіне Радлов ұсынған осы жүйеге сүйенеді. Кейін Б. Я. Владимирцов пен Н. М. Поппе монғол вокализмінің ерекшеліктеріне сүйеніп, түркі негіз тілінің (сондай-ақ. түркі-монғол негіз тілінің) вокализм жүйесіне қосымша мынадай фонемалар тән деп көрсетеді: ia/ чуваш тіліндегі