«Аналитикалық химия» «6В01541-Химия-Биология» мамандығы Тобы: еп-20-16к Емтихан сұрақтары125 І – деңгей (10 балл)


Вернердің координациялық теориясы



бет14/47
Дата05.12.2023
өлшемі0,79 Mb.
#134420
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47
Вернердің координациялық теориясы - швейцариялық химик Альфред Вернер 1893 жылы ұсынған координациялық валенттілік пен кешенді қосылыс туралы теория. Альфред Вернер кез келген элемент өзінің әдеттегі валенттілігін толық қанықтырған соң да, тағы да қосымша координациялық валенттілік көрсетуге қабілетті болып келеді деген пікірді білдірді. Нақ осы координациялық валенттілік есебінен кешенді қосылыс түзіледі. Ал Вернер теориясы бойынша әрбір кешенді қосылыстағы ішкі және сыртқы сфера ажыратылады.
Кешенді қосылыстар туралы түсініктің негізін Швейцария химигі Альфред Вернер ұсынса, мұны тұрақтандыра отырып, сәтті дамытуға Л.А.Чугаевтің, А.А.Гринбергтің, В.В.Лебединскийдің және т.б жұмыстары үлкен рөл атқарды.



  1. Концентрлеу және бөлу әдістері

Бөлу – анықталатын және кедергі жасайтын компоненттерді (концентрациялары шамалас) бір бірінен ажырату операциясы. Концентрлеу – концентрацияларының айырмашылығы өте үлкен болатын компоненттерді бөлу. Анықталатын компонент – микрокомпонент, ажыратылатын – макрокомпонент. Концентрлеу – ол нәтижесінде микрокомпонент пен макрокомпонент концентрациялары не мөлшерлері қатынасының артуына әкелетін операция. Абсолютті концентрлеу – микрокомпонент үлгінің үлкен массасынан оның кіші массасына ауысады, бұл жағдайда микрокомпоненттің концентрациясы артады. Салыстырмалы концентрлеу – микро- және макрокомпонент арасындағы ара қатынас артады. Негізгі мақсат – матрица құрамын өзгерту. Маңызы - Бөлу анықтаудың талғамдылығын арттырады; - Концентрлеу анықтаудың сезімталдылығын арттырады (10−8 − 10−6 % дейін); - талдау әдісін таңдауды жеңілдетеді, кеңейтеді; - матрицаның денсаулыққа зиянды компоненттерін (радиоактивті, уытты) кетіреді; - талданатын үлгі алуды жеңілдетеді; - кей жағдайларда градуирлеу, стандартты үлгілерді қолдану мүмкін болады. Кемшіліктері - Бөлу және концентрлеу операциялары талдау уақытын ұзартады, күрделендіреді және жиі талдауды қымбаттатады; - Микрокомпоненттердің шығындары немесе олардың реактивтердегі, қоршаған ортадағы қоспалармен ластануы орын алуы мүмкін. Бөлу неге негізделген? Қоспадағы бөлінетін компоненттердің екі фазалар арасында әр түрлі таралуына: қат. –сұйық; қат. –газ; сұйық –газ; сұйық –сұйық. Екі фазалы жүйелердің нұсқалары: • екінші фаза химиялық және физикалық әсер ету нәтижесінде (тұнба) пайда болады; • екінші (қосымша) фаза алдын ала еңгізіледі (сұйық –қат.–сорбция; сұйық –сұйық–экстракция).Бөлу және концентрациялау қажеттілігі келесі факторларға байланысты болуы мүмкін: үлгіде анықтауға кедергі келтіретін компоненттер бар; анықталатын заттың концентрациясы әдістің анықтау шегінен төмен; анықталатын компоненттер сынамада біркелкі таралмаған; калибрлеу аспаптарының стандартты үлгілері жоқ; үлгі өте улы, радиоактивті және қымбат.
Бөлу- бұл операция (процесс), нәтижесінде бастапқы қоспаны құрайтын компоненттер бір-бірінен бөлінеді.
шоғырлану- бұл операция (процесс), оның нәтижесінде микрокомпоненттердің концентрациясының немесе мөлшерінің макрокомпонент концентрациясына немесе мөлшеріне қатынасы артады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет