«Аналитикалық химия» «6В01541-Химия-Биология» мамандығы Тобы: еп-20-16к Емтихан сұрақтары125 І – деңгей (10 балл)



бет38/47
Дата05.12.2023
өлшемі0,79 Mb.
#134420
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47
Сұйық хроматография

Өнімділігі жоғары сұйық хроматография (HPLC; ескіде Қысымы жоғары сұйық хроматография деп те аталды) — аналитикалық химияда қоспадағы компоненттерді бөліп, анықтап, мөлшерлеу үшін қолданылатын әдіс. Оның негізгі құрылымдық ерекшелігі - қатты адсорбент материалдан жасалған стационарлы фаза бойымен жылжымалы фазаны үлкен қысыммен сығатын сорғылар. Үлгідегі әр компонент адсорбент материалымен әртүрлі әрекеттеседі, сондықтан да олар баған бойымен әртүрлі жылдамдықпен қозғалады, соның әсерінен қоспа бөлінеді.
HPLC көптеген мақсаттарда қолданылады: өндірісте (мысалы, дәрілер мен тамақ өнімдерін зерттеу үшін), заң қызметінде (мысалы, допингтерді анықтау), зерттеулерде (мысалы, күрделі биологиялық материалдың компоненттерін бөлу), медицинада (мысалы, қан талдауын жүргізу).



  1. Ионалмасу және ионды хроматография

Ионалмасу хромагографиясы сұйықтық хроматографияның бір түрі болгандықтан, сұйық бағаналы хроматография түрлерінен айырмашылығы шамалы. Бұл - иондарды алмастырғыштар деп аталатын сорбенттерде иондар қоспасын бөлудің сорбциялы динамикалық әдісі. Ол ионалмастырғыштар құрамына енетін иондарды ерітіндідегі иондарды стехиометрлік қайтымды ауыстыруға негізделгені. Бұл құбылыс ертеректен белгілі болғанымен, ол тек иониттер деп аталатын, синтетикалық ион алмастырғыштар - ион алмастырушы шайырлар жасалған соң ғана дами бастайды. Әуелде табиғи ионалмастырғыш ретінде амин қышқылдарын пайдалану иондарды нақтылы бөлуге мүмкіндік бермеді және олар химиялық тұрғыдан алғанда тұрақсыз болды. Синтезделінген ионалмастырғыштардың сыйымдылығы мен қайта өңделуі жағынан едәуір қасиетке ие, олар қышқылдар мен негіздердің әсеріне тұрақты, тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштардың қатынасуынан бүлінбейді. Әдетте ионалмастырғыштар жоғарғы полимерлік материал болып табылады. Шайырдың қышқылдық не негіздік сипатын анықтайтын түрлі функционалды топтары бар көлденеңінен тігілген полистирол бұған мысал бола алады. Иондардың алмасуын тепе-теңдікпен көрсетуге болады: Ар + Bu -> An + Bp мұндағы р жоне u индекстері еріткіштер мен ионалмастырғыш фазаларына қатынасты. Ионалмасу хроматографиясындағы бөлу, талданатын иондардың ионалмастырғышқа бекітілген кері иондарға қатысты айырмашылығына негізделген. Ионалмастырғышқа бекілген ионды кейде тұрақтандырылған деп те атайды. Алмасатын иондар кері иондар деп аталатын бекітілген зарядты теңестіреді. Ион алмасуға қатынасатындар қозғалысты фазалар кұрамына жатады. Хроматография кезінде бағанаға сынамамен енгізілген анықталынатын ион A (27.31) теңдеуге сәйкес құрамында В ионы бар шаймалықтың үздіксіз қозғалысында қозғалысты кері В ионмен алмасады. Мұндайда тепе-теңдік А ионының десорбциясына қарай ығысады, яғни ол ерітіндіден келетін В ионымен алмасады да ионит қайтадан әуелгі күйіне келеді. Бұл кезде сынама бағана бойынша ілгері жылжып, алмасу аймағына жетеді де, қайтадан алмасу құбылысы қайталанады. Мұнда хроматографияның басқа түріндегідей сорбция-десорбция кұбылысы сан рет қайталанады. Бекітілген иондарға кері таңбадағы ынтықтығы кіші иондардың аймағынан қалыңқырап отырады. Бұләуелгікүйқалыптасқаншажүреді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет