Аналитикалық химия іргелі ғылым ретінде. Аналитикалық химияның пәні мен міндеттері


Цериметриялық титрлеу. Әдістің мәні, титрант, оны дайындау және



Pdf көрінісі
бет21/29
Дата25.11.2023
өлшемі37,66 Mb.
#126518
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29
Байланысты:
АНХ сессия

72. Цериметриялық титрлеу. Әдістің мәні, титрант, оны дайындау және 
стандарттау. Әдіс көрсеткіштері. Әдісті қолдану. 




73. Шөгінді титрлеудегі реакцияларға қойылатын талаптар. Титрант 
түрі бойынша әдістерді жіктеу. Шөгінді титрлеу қисықтарын есептеу, 
салу және талдау. 
Титриметрлік талдау әдістері. Оларда колданылатын реакция-р же 
орындау жолына байл.жіктелуі. 
Титриметриялық әдіс анықтайтын затпен реакцияласуға жұмсалатын 
реактивтің мөлшерін дәл өлшеуге негізделген.Жиі реактивтің мөлшерін табу 
үшін концентрациясы белгілі ерітіндінің әрекеттесуге кеткен көлемін 
анықтайды, сондықтан бұл әдіс көлемдік анализ деп те аталады. 
Аналитикалық химияда титр (T) ерітіндінің концентрациясын 
белгілеудің бір жолы. Титр 1 мл ерітіндідегі еріген заттың грамм не 
миллиграмм мөлшері. 
Титрі анық белгiлi ерiтiндiнi стандартты ерітінді дейді. Титрлеу деп 
стандартты ерітіндіні анализдейтін ерітіндіге ептеп эквивалентті нүктеге 
жеткенше қосу процесін айтады. Химиялық элементтер, не олардың 
қосылыстары бір-бірімен олардың химиялық эквиваленттеріне сәйкес белгілі 
массалық мөлшерде әрекеттеседі. Басқа сөзбен айтқанда бір заттың 
мольэквиваленті екiншi заттын сонша мольэквивалентімен реакцияласады. 
Титрлейтін ерітіндіні, не титрант деп атайды. 
Титриметриялық әдісте кез-келген химиялық реакциялар пайдалана 
берілмейді. Титриметрияда пайдаланылатын реакциялар белгілі шарттарға 
жауап беруі керек: 
1. Реакция аяғына шейін жүруі керек. Анализдің нәтижесі дұрыс болу 
үшін титранттың эквивалентті мөлшері қосылғанда реакцияның толық жүру 
мәні 99,9%-тен кем болмау керек. 
2. Реакция үлкен жылдамдықпен жүруі керек. 
3. Ерітіндіде титрант тек анықтайтын затпен белгілі стехиометриялық 
қатынаста реакцияласуы қажет. 
4. Реакцияның аяқталғанын, яғни эквивалентті нүктені анықтайтын 
мүмкіншілік болу керек. Егер бұл нүкте тәжрибеде индикатордың түсінің 


өзгеруіне, не ерітіндінің электрохимиялық не физикалық қасиетінің өзгеруіне 
сүйеніп табылса, оны титрлеудің соңғы нуктесі деп атайды. Титранттың 
теориялық жолмен есептеген мөлшері құйылған нүктен дiң эквивалентті 
нүктесі дейді. Идеалды теориялық есептеген мөлшері құйылган нуктені 
титрлеудің эквивалентті нүктесі дейді. Идеалды жағдайда титрлеудің соңғы 
нүктесі мен эквивалентті нүкте бір-біріне сәйкес келеді. 
Титриметриялық анализдің әдістерін анализде пайдаланылатын 
химиялық реакциялардың түріне қарай бөледі. Бұл реакциялар: 
протондармен 
алмасатын, 
электрондармен 
алмасатын, 
аз 
диссоциацияланатын (комплекстік) бөлшектер түзетін және нашар еритін 
қосылыстар түзетін реакциялар. Осыған байланысты титриметриялық 
анықтауды мынандай әдістерге бөлуге болады: 
кышкыл-негiздiк титрлеу (протолитометрия); 
тотығу-тотықсыздану титрлеу (редоксиметрия); 
комплексометриялық титрлеу (комплексометрия); 
тұнба алып титрлеу (седиметрия) 
Титриметриялық әдістерді ОРЫНДАУ жолына қарай былай бөледі; 
1.тікелей титрлеу әдісі - анықтайтын зат концентрациясы белгілі 
ерітіндімен титрленеді;
ауыстыру әдісі - бұл әдіс анықтайтын зат пайдаланатын реагентпен 
әрекеттеспейтін, не реакция. 
2.стехиометриялық жолмен жүрмейтін жағдайда пайдаланылады. 
Мысалы кальций иондарын перманганатометрия әдісімен анықтау. Кальций 
иондарын ҚЫМЫЗДЫҚ Қышқыл аниондарымен тұнбаға түсіреді: 
Ca2+ + C2042- -- CaC204 Жуылған тұнбаны күкірт қышқылында 
ерітеді: 
CaC204 + 2H3O+-- H2C2O4 + Ca2+2H2O 
Пайда болған қымыздық қышқылын калий перманганатының 
ерітіндісімен титрлейдi: 
5H2C204 + 2MnO4 + 6H3O+ -- 10СО2 +2Mn2+ + 14H2O 
3.кері титрлеу әдісі - анализдейтін ерітіндіге артық мөлшерде алынған 
титранттың белгілі көлемін құяды, яғни анықтайтын компонентпен реакция 
толЫҚ жүргеннен кейін ерітіндіде титранттың бос мөлшері қалады.
Тұндыру әдісінде титрлеу қисығының маңызы зор, себебі бұл қисық 
әдісті анализге пайдалануға болатынын не болмайтынын анықтайды және 
қажетті индикаторды таңдап алуға мүмкіншілік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет