3.Оқыту технологияларын дамыту Бұл технология – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін - өзі өзгертуші субьект дәрежесінде көтерілуі көзделіп , оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалынады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы:көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс – тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым – қатынас сипатында, танып – білу үрдісін ұйымдастыру және ондағы коммуникациялар түрлерінде, т.б.
Әлемдік педагогиканың, көбінесе, жүгінетіні – Л.С.Выготскийдің идеяларына негізделген В.В.Давыдов пен Д.В.Эльконин және Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйелері. Л.С.Выготскийдің идеялары Еуропа елдерінің көптеген университеттерінің педагогика факультеттерінде оқытылады. Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беру аясында қолдауын табуда. Бірақ оны жалпы білім беретін мектептерде іске асыру көптеген қиындықтар тудыруда.Өйткені, ұсынылған әдістемеліктер мен технологиялар көбіне дербестік сипатта, сондықтан кез келген мектепте әр түрлі ерекшелікті балалар арасында қолдануын таба алмай жүр.
Дамыта оқыту – білім беру мекемесінің әрбір сабақта, күнделікті қарым – қатынаста,мектепте және мектептен тыс істе асырылатын өзекті мақсаты, сонымен қатар, болашақты болжаған оқушы тұлғасын өзіндік жетілдіруіне, өзіндік қалыптасуына жеткізетін амал.Оқушы тұлғасының дамуы түсінігіне оның қалыптасуына, біртұтастығына және бөлек бөліктеріне (сезімділік, зерде, ерік, құндылықтар, білімділік және тәжірибе, т.б) поэзитивті өзгерістер енеді Даму дегеніміз – материалдық және идеялық объективтілердің қайтымсыз, нақты бағытталған, жаңа сапаның пайда болуына алып келетін заңды өзгерісі. Егер жаңа сапа қандай да бір қатынаста ескіден озса, онда дамудың прогрестік, ал егер ескіге жол берсе, регрестік түрі келбетінде тұрады.
Прфессор Б.Д.Элькониннің пікірі бойынша «дамыта оқыту жүйесімен білім алған балалардың дүниеге деген көзқарастары терең және көріп – білудің жаңа тәсілін игергендері көзге түседі, яғни дүниеге және оны тану үрдісі баланың сол үрдіспен толық шұғылдану және қызығу таныту жағдайында пайда болады. Қазіргі заманғы жаңашыл жағдайларда жаңашыл міндеттер туа бастайды, соның негізгісі - дамыта оқыту педагогикасын не қалыптастыру, яғни дамыта оқытудың педагогикалық не балалық психологиясын емес, дамытушы білім берудің жүйесін қалыптастыру». В.С.Лазаре ойы бойынша, дамыта оқыту бөлек бір сыныпта болуы мүмкін емес , ол үшін әбден жаңа типті мектеп қажет, педагогтерді ғана дайындамай басқарушыларды да арнайы даярлау қажет.
Дамыта оқыту идеясы бойынша оқушыға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім–сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі.Әр оқушы өз ойын білдіріп, пікір айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес.Дегенмен,әр бала жасаған еңбегінің нәтижесін бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылау үйренеді.
Осындай негізде құрылған іс - әрекеттер бір – бірімен тығыз байланысты: «Қажеттілікті анықтау, оның мотивін шығару, мақсат қою, мақсатқа жету жолдарын ашу мақстақа жету үрдісі (әрекет, операциялар), нәтижесін шығару». Сонымен, жалпылап айтқандап, оқушы тұлғасының дамуына ықпал жасайтын сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:
• оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын (білім беру стандарты бойынша) игеру жүйесін жетілдіру;
• оқыту үрдісінде оқушының теориялық және өнімділік ой құрастыру әрекеттерін, танымдық қабілеттерін белсендіру;
• оқушылардың танымдық қызығуларын, оқуға деген мотивациясын дамыту;
• оқу материалын игеруде және іс - әрекеттерінде жете ұғынуға талпындыру;
• белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын, серіктестігін ұйымдастыру;
• көбіне оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану;
• оқушылардың өзіндік жұмыстарының ізденісті – зерттеу түрлерін ұйымдастыру;
• оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану;
• оқыту барысында әр түрлі шапшаңдықпен және әр түрлі көлемді (стандартқа сейкес) оқу материалын игерудің мүмкіншілігін ашу;
• дамытушы оқытуға арналған ойындарды қолдану;
• жаттығу сабақтарын сапалы ұйымдастыру (коммуникациялық жаттығулар, зейін, ес, ойлау жәнеп т.б. дамыту жаттығулары ).
Осы міндеттерге жүгіне отырып, дәстүрлі білім беру жүйесінде де оқушы дамуына жәрдемдесетін кейбір қажетті қасиеттер бар. Олар:
• мектепте және әрбір сыныпта, оқу тобына мұғалімдер мен оқушылардың күш – жігерлерін біріктіретін оңтайлы жағдай тудыратын тілектестік жұмыс жағдайын қалыптастыру;
• оқушы мен мұғалімнің қарым – қатынасы (өзара сыйласу, түсіну, әрекеттестік ұстанымымен жеке тұлғалық түсінушілік негізінде іске асырылуы );
• оқыту үрдісінде репродуктивтік және шығармашылық іс - әрекеттер оқушылардың жеке бас ерекшеліктерімен, уақытша жағдайымен, оқыту материалының деңгейімен анықталуы;
• оқыту деңгейінің анықталған бірізділікті бірітінділеушіліктің болуы (оқыту жылдарына байланысты, нәтижелеріне байланысты, білім беру стандарттарына сәйкес, т.б. ) ;
• оқу материалы бөлек – бөлек пәндерге бөлінуі және соған қоса кіріктірілген курстардың да болуы (табиғаттану,әлеуметтік ғылымдар, қоршаған орта және т.б. ) ;
• оқушылардың шығармашылық мүмкіншілігінп тудырып, қабілеттерінің жан – жақты дамуына ынталандыруы көздеген әр түрлі әдіс – тәсілдерінің кең қолданылуы (диалог – сабақтар, ғылыми жоба қорғау сабақтары, пікірталас, іскерлік ойын сабақтары, т.б. ) ;
• оқушылар әжептеуір уақыт аралығында мысалы, (бір, не бірнеше жыл) белгіленген бір тұрақты топтарда сабақтасуы. Бұл топтардың ішінде аз санды топтар қалыптасып уақытша (бір, не бірнеше сабаққа) қызыметтесуінің мүмкіндігі және жұппен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс жүргізілуі;
• балалардың эмоционалды – сезімділік және абстрактілігі, логикалық ой құрастырылуын дамытуға ықпал етілуі;
• үкіметтің білім беру саласындағы стандарттары бәріне бірдей естен шығармай, жалпы білім беруді кемсітпей, оқыту үрдісінде әрбір оқушының қажеттіліктері мен қызығуларының ескерілуі;
• оқу жоспарларында міндеттелген және таңдап оқитын пәндердің үйлесімді қосылуы;
• оқушылардың танымдық қызығуын арттырып және білім алу нәтижелерін жүйелі талдаудан өткізіп, бағалауы;
• оқушыларидың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерінің ұйымдастырылуы [15].
Қазіргі біздің елдің мектептерінде осындай бірталай баптары игерілу үстінде. Олар: мектептерде өзіндік басқару ұйымдары, топтық жұмыс істеу әдістері мен түрлері, таңдап оқитын курстардың санының көбеюі, т.б. Осының барлығын іске асыру үшін кәсіби шеберлігін шыңдауға шаршамайтын, ұсаздықпен жалықпайтын, танымгер, өз ісіне құштар, яғни демократиялық әулеті жете дамыған мұғалім қажет. «Бала ұрпақты баулу,тәрбиелеу–аға ұрпақтың мойнына жүктелетін тарихи парыз, игілікті уәзипа» - деп, ақылшы ақын М.Әлімбаев айтқандай, әрбір еремек адамның сана – сезіміне салмақты орын алуы тектік қорымызды сақтауға жетелеуші алғы шарт болып табылады