Аналитикалық химияның даму тарихы мен кезеңдерін зерттеу. Массалар әрекеттесу заңы. «Химиялық анализ»


Электролиттік диссоциация теориясы. Диссоциация константасы. Бронстед-Лоури теориясының қазіргі түсініктері



бет5/48
Дата19.04.2023
өлшемі0,79 Mb.
#84403
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Аналитикалық химия

4. Электролиттік диссоциация теориясы. Диссоциация константасы. Бронстед-Лоури теориясының қазіргі түсініктері.
Электролиттік диссоциация теориясы • Электролиттер - ерітінділері немесе балқымалары электр тогын өткізетін заттар (қышқылдар, негіздер, тұздар); • Электролитеместер - ерітінділері немесе балқымалары электр тогын өткізбейтін заттар (оксидтер); • С. Аррениус – электролиттік дисссоциация теориясының авторы;
Электролиттер • Қышқылдар – сутегі катиондарына және қышқыл қалдығының аниондарына диссоциацияланатын электролиттер: НAn ↔ Н+ + An • Негіздер – металл катиондарына және гидроксид иондарға диссоциацияланатын электролиттер: Kt. ОН ↔ Kt+ + ОН • Тұздар – металл катиондарына және қышқыл қалдығының аниондарына диссоциацияланатын электролиттер: Kt. An ↔ Kt+ + An-
Электролиттік диссоциация теориясы • Электролиттік диссоциация – заттардың еріткіште ерігенде оң және теріс зарядталған иондарға ыдырауы; • Катиондар – оң зарядталған, аниондар – теріс зарядталған иондар; • Аррениус теориясының кемшілігі – иондар еркін, еріткіш молекулаларына тәуелсіз бөлшектер ретінде қарастырылады; • Ерітінділердің химиялық (гидраттық) теориясы (Д. И. Менделеев) – еріген заттың еріткішпен әрекеттесуіне негізделген теория;
Электролиттік диссоциация теориясы • Біріккен теория (И. А. Каблуков) – иондардың сольватациясына немесе гидратациясына негізделген; • Сольватация (гидратация) – еріген зат пен еріткіш (су) бөлшектерінің арасындағы әрекеттесу; • Сольваттар (гидраттар) – сольваттану (гидраттану) барысында түзілетін молекулалық агрегаттар; • Сольваттық (гидраттық) қабықша – орталық бөлшекті қоршайтын еріткіш (су) молекулаларының қабаты;
Диссоциациялану константасы және дәрежесі • Электролиттік диссоциация константасы (К) – электролиттің еріткіште иондарға ыдырау қабылетінің сипаттамасы; • Диссоциациялану константасы (К) жоғары болса, электролиттің диссоциациялану қабылеті жоғары; • Диссоциациялану константасы (К) еріген заттың, еріткіштің табиғатына және температураға тәуелді; • Диссоциациялану константасы (К) температура көтерілгенде, жоғарылайды; • Электролиттің концентрациясы шекті шамада әсер етпейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет