Аналитикалық химияның даму тарихы мен кезеңдерін зерттеу. Массалар әрекеттесу заңы. «Химиялық анализ»



бет61/66
Дата24.03.2022
өлшемі0,79 Mb.
#28693
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Толқындық сан - циклдік жиіліктің толқын жылдамдығына қатынасы.[1]

Белгісі — k, формула:



{\displaystyle k\equiv {\frac {2\pi }{\lambda }}={\frac {2\pi \nu }{v_{p}}}={\frac {\omega }{v_{p}}}={\frac {E}{\hbar c}},}

Қарқындылық - толқынныңтаралубағытынаперпендикулярорналасқанбірлі-жарымалаңарқылытолқынментасымалданатынорташақуат; энергияағыныныңтығыздығы, яғниуақытбірлігіндеауданбірлігіарқылыөтетінэнергиямөлшері.

Инфрақызыл толқындарды кейде жылулық сәуле деп те атайды. Адамның көзіне әсер етіп, көру сезімін туғызатын электромагниттік толқынның бөлігін көрінетін жарық дейді. Ол ұзындығы 380 нм (күлгін түс) мен 760 нм (қызыл түс) толқын аралықтарында болады және электромагниттік толқындардың диапазонында өте шамалы бөлікті құрайды.

Толқын ұзындығы 400 нм-ден 10 нм-ге дейін болатын ультракүлгін сәулелерді шапшаң электрондардың әсерінен туындайтын солғын разряд арқылы алады. Ультракүлгін сәулелерді 1801 жылы И. Риттер мен У. Волластон алғаш рет шығарған. Ультракүлгін сәулелер де инфрақызыл сәулелер секілді көрінбейді. Бірақ химиялык активтігі жоғары. Шыны ультракүлгін сәулелерді жақсы жұтады. Зерттеу жұмыстарында кварц немесе арнайы жасанды кристалдар қолданылады. Бұл сәулелерді атомдар немесе молекуладағы электрондар бір энергетикалық денгейден екінші деңгейге ауысқан кезде шығарады.



Оптикалық спектр (грек. optіke – көзбен қабылдау жөніндегі ғылым, лат. spectrum – көрсету, бейнелеу) - көрінетін жарықты, инфрақызыл және ультракүлгін сәулеленулерді қамтитын электромагниттік толқындардың жиынтығы.[2]

Оптикалық спектрлер

Оптикалық спектрлер – толқын ұзындығы диапазоны 103 – 10 – 3 мкм аралығындағы электрмагниттік сәуле шығару спектрлері. Оптикалық спектрлер шығару спектрлері (эмиссиондық спектр деп те аталады), жұту спектрлері (абсорбциялық спектрлер), шашырау және шағылу спектрлері болып ажыратылады. Оптикалық спектрлер физиканың бір саласы – спектроскопияда зерттеледі. Оптикалық жарыққа электромагниттік толқындар шкаласының инфрақызылкөрінетін және ультракүлгін сәулелерінің диапазоны жатады. Түріне қарай оптикалық спектрлер сызықтық (жеке спектрлік сызықтардан), жолақтық (тығыз орналасқан спектрлік сызықтардан тұратын жолақтар) және тұтас (толқын ұзындығының кең ауқымын қамтитын) спектрлер болып бөлінеді. Тұтас спектрді термодинамикалық тепе-теңдіктегі қызған қатты денелер мен сұйықтықтар шығарады. Тұтас спектрдегі энергияның толқын жиілігі бойынша таралуы М.Планктың сәуле шығару заңына бағынады (қ. Жылулық сәуле). Сызықтық спектрлер атомдардағы электрондардың энергия деңгейлері арасындағы кванттық ауысу нәтижесінде пайда болады (қ. Атомдық спектр). Қарапайым молекулалардың электрондық, айналмалы және тербелмелі энергия деңгейлері араларындағы ауысулар жолақтық спектр береді (қ. Молекулалық спектрлер). Сызықтық және жолақ спектрлерді сиретілген газдар мен булар шығарады. Оптикалық спектрді тіркеу үшін фотографиялық әдістер, сонымен қатар ультракүлгін сәулелер диапозонында фотоэлементтік әдістер мен фотондар есептеуіштері, ал инфрақызыл сәуле диапозонында термоэлементтер мен болометрлер кеңінен қолданылады. Заттардың құрылысын, құрамын зерттеуде оптикалық спектрдің маңызы зор.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет