Күшті қышқылдар: HCl, HNO3, H2SO4, HBr, HI, HClO4
Әлсіз қышқылдар: HCN, HF, H2S, HCOOH
Күшті негіздер: бірінші және екінші топ металдарының гидроксидтері:LiOH, NaOH, KOH, RbOH, CsOH
Әлсіз негіздер: NH3, CH3NH2, C5H5N
Льюис теориясы:
Льюис теориясы бойынша қышқылдар электрон жұбын қабылдаушылар, ал негіздер электрон жұбын берушілер.
Мысалға NH3 пен BF3 арасындағы реакцияны алайық. NH3-де бос электрон жұбы бар, ал BF3 октетті формасы толмаған(сыртқы қабатында 6 электрон). Сол себепті, BF3 тағы екі электронды қабылдайды, бор мен азот арасында коваленттік байланыс түзіледі. Бұл жағдайда BF3 — Льюис қышқылы, ал NH3 — Льюис негізі.
5.Химиялық есептер химияны оқытудың құралы мен әдісі ретінде
Химия есептері сан және сапа есептері болып екіге жіктеледі. Сапа есептерін эксперимент есептері деп те атайды, өйткені оларда сандық мәліметтер болмайды, химиялық тәжірибелер жасау арқылы шығарылады. Химиядан білім мен білік қалыптастыруда, оқушылардың алған білімін бақылап, бағалауда эксперимент есептерінің маңызы зор. Эксперимент есептерін шығару арқылы оқушылар теориялық білімін баянды етеді, іс жүзінде қолдана білуге үйренеді.Эксперимент есептері оқушылардың таным әрекетінің сипатына қарай бірнеше типтерге бөлінеді. Солардың мектепте іс-жүзінде жиі қолданылатындары: химиялық құбылысты бақылау және түсіндіру; заттың сапалық құрамын анықтау; затты тани білу, заттарды алу; заттың жіктелу белгілерін табу; қоспаның құрамын анықтау және бөлу; құралдар қарастыру.Методикалық әдебиеттерде және арнайы оқу құралдарында сан есептерін жіктеудің бір ізгі түсірілген жүйесі кездеспейді. Бір автордың өзі сан есептерін әр түрлі негізге сүйеніп жіктейді. С.Г: Шаповаленко оқу материалының сипаты, түрі және символикасы бойынша сан есептерін жеті типке бөледі.
1 тип. Тәжірибе мәліметтері, масса сақталу заңы және құрам тұрақтылық заңы бойынша есептеулер
2 тип. Заттың қарапайым және нағыз формуласын табу.
3 тип. Химиялықформулаларбойыншаесептеулер
4 тип. Химиялықтеңдеулербойыншаесептеулер.
5 тип. Ерітінділердайындаужәнеолардыңқанықпасынанықтауғабайланыстыесептеулер.
6 тип. Газдыңтығыздығыбойыншамолекулалықмассасын, молекулалықмассасыбойыншатығыздығынжәнеқалыптыжағдайдагаздардыңкөлемінесептеу.
7 тип. Араласесептер.
Достарыңызбен бөлісу: |