7.Оқыту әдістері туралы түсінік.
Химиялық білім берудегі әдістердің жіктелуі және химияны оқытудың әдістері білім беру тәжірибесі мен әдебиетіндегі дидактико – әдістемелік құралы арқылы жүзеге асуы керек. Білім беру мен білім алудың жіктелуі – құрылатын нәтижелі және перспективті әдістемелік интеграция – дифференцация әдістемелік тәсіл болып табылады, ол интеграция мен дифференцияның түрлі негіздеріне, сонымен қатар түрлі мысалдар мен әдістеріне негізделген.
Химия мұғалімі (бастапқы немесе тәжірибелі) химиялық білім беру әдістерін оңтайлы таңдау мен іске асыру үдерісінде оның барлық жұмыс істеу деңгейлерін орынды ескерілуі керек:
1. Методологиялық деңгей. Бұл деңгей бізге ұсынылған дидактика және химияны оқыту методикасында химиялық таным және басқада жалпы нысандарды байланыстырумен жетекші идеяларарды жүзеге асыру мақсатында, үздіксіз интеграция идеясын және материяның әртүрлі түрлерін саралауда, қозғалыс және энергияда (бір бөлігі, химиялық), ғылыми – жаратылыстану және гуманитарлық білім беру тапсырмаларын шешу мақсатында, химиялық және басқа ғылымдармен байланысында интегративті тәсілмен жұмыс істейді.
2. Жалпы логикалық деңгей. Бұл деңгей дидактика және жеке химияны оқыту методикасында кең қолданылатын индукция, дедукция, аналогия, анализ, синтез, салыстыру, ерекшелеу, жариялау, жалпылау, систематикалық, моделдеу, жобалау, интеграция әдістерді біріктіреді.
3. Жалпы педагогикалық деңгей. Бұл деңгейге мазмұндау (дәріс, әңгіме, суреттеу, әңгімелеу) әдістері сияқты сұхбат, өзіндік жұмыс әдістері жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |