бе гіне айналады. Бір сөзбен айтқанда,
нық. Ғылыми терминмен басты ауырт-
көр сете алады. Демек, бұл жиілік ре-
сур сын үнемдеуге сеп.
2) Жеткізілім сапасы. Ең алдымен,
ала ды. Көрермен түймені басу арқылы
өзі не қажет тілді таңдап алады. Осы-
лай ша тіл мәселесі шешілмек. Бұл, әри-
не, қымбатқа түседі. Есесіне, біздің ха-
кү рес мәселелері талқыға салынды. Әсі-
бел гілі. Осыған орай құзырлы органдар
ры лып жатыр. Дегенмен жиынға қатыс қан
кү шейтуді тапсырды. Сол сияқты, жүктерді
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№72 (298) 6.05.2010 жыл, бейсенбі
www.alashainasy.kz
5
e-mail: info@alashainasy.kz
ТАҒЫЛЫМ
? Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Келісімсіз басқа жұмысқа ауыстыруға бола ма?
Мен аурухананың жансақтау бөлімінде медбике болып істегеніме алты жыл болды.
Жақында жаңадан келген аудандық аурухана бастығы менің өтінішімсіз мені аурухананың
қабылдау бөліміне ауыстырмақшы. «Ауыспасаң жұмыстан босатамыз» дейді. Бірақ менің
басқа бөлімге ауысқым келмейді. Келісімсіз мені басқа бөлімге ауыстыра ала ма?
Әсемгүл ӘМІРБЕКОВА, Қызылорда облысы
ҚР Еңбек кодексінің 41-бабына сәйкес, қыз-
мет керді басқа жұмысқа ауыстыру деп: 1) қыз-
мет кер жұмысының (еңбек функциясының)
өз геруі, яғни жұмысты басқа лауазым, маман-
дық, кәсіп, біліктілік бойынша орындау; 2)
орын дау кезінде еңбек шартында келісілген
еңбек жағ дайлары (жалақы мөлшері, жұмыс
уақыты мен тынығу уақытының режимі, жеңіл-
діктер мен басқа да жағдайлар) өзгеретін жұ-
мыс ты тапсыру; 3) жұмыс берушінің оқшау-
ланған құрылымдық бөлімшесіне ауыстыру; 4)
жұмыс берушімен бір ге басқа жерге ауыстыру
есептеледі. Осы Кодекс те көзделген жағдай-
ларды қоспағанда, қызмет керді басқа жұмысқа
ауыстыруға қызметкердің келісімімен жол бері-
леді, ол еңбек шартына тиісті өзгерістер ен гізу-
мен және жұмыс берушінің актісімен рәсім-
деледі. Бұл ретте қызметкердің басқа жұмысқа
ауысудан бас тартуы онымен еңбек шартын
бұзуға негіз болмайды.
Заңгер мамандардың айтуына қарағанда, айтылып отырған фак-
ті заңбұзушылық факті болып табылады. Бұл жөнінде кәсіпорын қыз-
меткерлері жазбаша түрде мекеме орналасқан жердегі Бақылау
және әлеуметтік қорғау департаментіне мәлімдеуі тиіс. Шағым да-
рыңыз бойынша аталған органның мемлекеттік еңбек инспекторлары
мекемеде тексеріс жүргізуі, жұмыскерлердің бұзылған еңбек құқық-
тарын қалпына келтіруі және еңбек заңнамасын бұзған жұмыс беру-
ші г е тиісті шара қолдануы тиіс.
13 сағаттық жұмыс күні заңды ма?
Біз шетелдік мекемеде 1,5 ставкамен күніне бес сағат үс-
те ме жұмыс істейміз. Күндік жұмыс уақытымыз жеті сағат. Бес
сағат үстеме жұмыс уақыты мен түскі тамақтанатын уа қыт ты
қос қан да, күніне 13 сағат жұмыс істейміз. Осы дұрыс па, яғни
ратифи кацияланған халықаралық шартта көрсетілген бе?
Егер бұл заңға қайшы болса, кімге шағымдануымыз керек?
Ерғали ЖҰМАНҒАЛИЕВ, Атырау облысы
АҚИҚА
Т
Қуанышбек ҚАРИ
Әділдікке жете алмаған майдангер
Барлауда домбырасын қалдырған батырлар қайда екен?
ЕСТЕЛІК
Бүгінде 80-нің жуан ортасынан асқан Өміртай Ахмадиев – қаһарлы
күндерде соғысқа барлаушы ретінде қатысқан ардагер. Ол 1942 жылы
ақпан айында 19 жасында соғысқа түсті. Майдан алдында бес айдай
Забайкалье әскери округінде болып, арнайы оқу-жаттығу курстарынан
өткен Өмекеңнің тобы Орынборда 59-полк құрамында тағы да жарты
айдай болып, соғыс тәртібіне бейімделеді. Орынбордан 10 шақырым
жерде орналасқан бұл полкке тек соғыстың алғы шебіне
баратындарды оқытып, дайындау жүктелген болатын.
Жасы 90-ға таяған ақтө бе лік
Ахметбек Нұрманов ақ са қалға
тағдыр тарихтың бұ ралаңдары
мен әр саяси кезеңдегі
әділетсіздікті бастан кешуді
жазыпты. Сұрапыл со ғыс
тұтқиылдан лап еткенде
бұ ғанасы қатпаған жас әскери
фашистердің екпініне алғаш
болып қарсы тұрғандардың бірі
еді. Кейін тұтқынға түсіп
қалғанда, адам төзгісіз азап,
аштық пен суыққа шыдай
жүріп, қасиетті Отаны – Кеңес
Одағы үшін соғысуды ойлады.
Алайда сол кездегі саяси режим
тұтқында болған май дан герден
теріс айналды. Оның «халық
жауының» тұқымы екенін,
Түркістан ле гионында болғанын
бетіне ба сып, қатаң жазалады.
Тіпті сотталғандығы алынып
тас талса да, кеңестік режим
әл де қашан келмеске кетсе де,
егемендік алып, Мұстафа
Шоқайдың өмірі мен ол құрған
Түркістан легионына деген
көзқарас өзгерсе де, Ахметбек
ақсақал әлі күнге дейін соғысқа
қатысушы деп саналмай келеді.
Өмірінің азы қалған май дангер
мемлекеттен жеңіл дік талап
етпейді, тек «Ота нын сатқан»
деген негізсіз жа ладан арылуды
ғана қалайды.
ЕР ТАРҒЫН, ЕР САЙЫН МЕН
ЕДІГЕЛЕР ДЕ СОҢҒЫ
СОҒЫСҚА «ҚАТЫСТЫ»
Бір қызығы, осы полк құрамында қазақ
жауынгерлері көп болғандықтан, әрбір ба-
та льонда бір-бір жырау және әншілер бол-
ған екен. Олар алғы шепке әзірленіп жат қан
жауынгерлерге жігер беріп, «Ер Та р ғын», «Ер
Сайын», «Едіге», «Қамбар батыр», «Ер Қо-
са й» тәрізді ірі эпикалық жырларды жатқа
соғып отырады.
– Жаттығудан келгенде, беті-қолды
жуып тамақтанып алып, жыр тыңдаймыз.
Жыр дың бәрінде дерлік Отан, ел, жер қор-
ғау тақырыбы айтылады. Осыны тыңда-
ғаннан кейін біз сияқты жастар шоқтай
жа нып шыға келеміз. Біз де сондай бола-
мыз деп еліктейміз. Біз соғысқа «жолдама»
алғанда Орынбордан Орскіге алып келді.
Жыраулар сонда да жанымызда жүрді.
Солардың жырымен жігерленіп, вагонға
міндік, – дейді сол бір шақты еске алғанда
Өміртай ақсақал.
Бұл кезде Мәскеу түбіндегі Рязань, Мәс-
кеу, Иванов, Владимир, Ярослав об лы с тары
жауынгерлерінен құралған 4-екпінді ар-
мия ның құрамындағы 135-дивизияның
кетеуі кетіп, қатары біршама азайып қалған
екен. Оған Орынбор, Қызылорда, Орал,
Гурьев, Петропавл облыстарынан барған
барлығы дерлік қазақ жігіттері қосылып,
әскерге жаңа толықтыру жасалады.
КАЛИНИН МАЙДАНЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚТЫҢ ҚАС БАТЫРЛАРЫ
Ө.Ахмадиев құрамында болған Кали-
нин майданы қазақтардың көптігімен
ерекшеленетін. Басқасын былай қойғанда,
батыр қазақтардың алғашқылары осы Ка-
ли нин майданынан шыққаны белгілі. Ай-
та лық, олардың қатарында қазақтардың
арасында бірінші болып Кеңес Одағының
Батыры атанған әйгілі Төлеген Тоқтаров,
батырлығы бертінде ғана бағаланған
даңқ ты Бауыржан Момышұлы мен Мәлік
Ғабдуллин, «шығыс жұлдыздары» атанған
қазақ қыздары Әлия мен Мәншүк бар еді.
Осындай жанқияр жауынгерлерден жасақ-
талған Калинин майданы Мәскеудің сол-
түс тік-батысын қорғап тұрды.
– Калинин майданының мұрны бұзыл-
са, немістер Мәскеуді басып алуы әбден
мүмкін еді. Қазақ дивизияларының көбі
сонда болды. Мәселен, 300-інші және 301-
б ри гада Калинин майданының сол қана-
тын дағы шепті мығым ұстады. Қазақтың
101-інші және 103-дивизиясы да осы ма й-
данда болды. Біздің жігіттердің «Мәскеуді
алып қалған – қазақтар» деп мақтанатыны
да сондықтан. 1942 жылдың маусым
айын да 135-дивизияға Қазақстаннан ке-
ліп қосылған құрамның командирлері
болмаса, басқасы түгелдей дерлік, анықтай
айтқанда, 90 пайызы қазақ болды. Өкініш-
ке қарай, сол қазақтың көбі қырылып қал-
ды ғой, – дейді Өмекең сұрапыл соғыс тағы
есіл ерлерді еске алып.
БАРЛАУҒА ӘР БАРҒАНЫҢ
– БІР МАЙДАН
Барлау – соғыстың ішіндегі соғыс.
Май дан шебінің тағдырын шешетін де осы
– барлау. Барлаудан алынған мәліметтер
байыпты болса ғана алға жылжуға болады.
Олай болмаған жағдайда мүлде керісінше
жағдайға ұшырау аса қиын емес. Сондық-
тан соғыста барлаушы болған Өміртай ақ-
са қалдың небір сындарлы шақтарды өт-
кер гені анық. Оны тұщынудың өзі оңай
бол масы хақ. Өйткені барлауға әр барға-
ның бір-бір майданмен бірдей болғаны
ақиқат. Өмекеңнің өзі былай дейді:
– Өзіміздің полктер мен дивизиялардың
қай жерге бекінгенін ғана білеміз. Біздің
құрамда саперлер, радист және атқыштар
болады. Атқыштар алғы шептен бізді қор-
ғап өткізіп жібереді де, өздері қалып қоя ды,
ал бірге еріп шыққан саперлер жолы мызды
ашып, аршып отырады. Біз екі жақ тың алғы
шебінен өтерде не оң жақ, не сол жақ қа-
на т тан алдайтын атыс жібереді. Сол ара-
лық та біз ары қарай өтіп кетеміз. Қайтарда
да солай, біздің жақ келе жатқанымыздың
хабарын алысымен жолды ашып, дайын-
дап қояды. Рация арқылы байланысамыз.
Атыс басталып кеткенде, біз де сол көр се-
тілген бағытпен жылжып береміз.
Иә, бұл әр күніңді емес, әр сәтің тара-
зыға тартылған, өлім мен өмір бел десіп,
адам тағдырын санаулы секундтар шешкен
алапат күндер болатын...
Ардагердің айтуынша, немістердің
барлауы күшті болғанға ұқсайды. Олар
бергі жақтың барлаушыларына ұқсап, 20-
30 болып топырлап жүрмейді. 5-6-дан
аспай тын неміс барлаушылары барлық
техникамен жарақтанған. Оның үстіне
олар бұдан бұрын да соғысты өткерген
тәжі рибелі болып келеді.
– Біз неміс барлаушыларымен салыс-
тырғанда бала болдық. Бір фашистің
барлаушысын алу үшін 4-5 адам керек.
Сон да соғыстағы немістер өңшең алып
денелі, денсаулығы мықты келеді. Бірақ
немістер арасында жараланғаны болса,
тастап, өздері өлтіріп кете береді. Біздің
барлаушылар серігін қайткен күнде де
алып кетуді ойлайды. Бізден тұтқынға түс-
кендер болған жоқ. Бізді «тұтқынға түспең-
дер» деп үгіттеп жіберетін, – деген Өміртай
ақсақал 1942 жылы Ржев түбінде 39-ар-
мия ның түгелдей, 3-екпінді армияның
басым бөлігі қырылғанын, соның ішінде
101-інші және 103-дивизиялардың шығы-
ны көп болғанын айтады.
– Бұл турасында кезінде атауға да қор-
қатын. Айтылса, енді ғана айтылып жатыр.
Мәселен, Белый қаласын аларда жай адам
тұрмақ, тұтас армия қырылып қалған үлкен
трагедия болды, – деп күрсінеді Өмекең.
Ол кісінің өзі болса, Ржев маңындағы май-
данда барлау кезінде ауыр жараланып,
оралады. Кейін осы ерлігі үшін «Қызыл
жұлдыз» орденімен марапатталған еді. Ал
мұның алдындағы барлаудағы батылдығы
үшін Өмекең екі мәрте «Ерлігі үшін» меда-
лінің иегері атанған еді.
Бұрынғы барлаушының айтуынша, ол
Тверь орманында, жау тылында жүріп жа-
ра ланған. Аяғынан жараланып, ес-түссіз
жатқанда, оны серіктері екі күн бойы плащ -
палаткамен тасып жүрген екен. Оқиға екі
жақ барлаушыларының барлау дан қайтып
келе жатып атысқан кезінде өрістеген.
Өміртай ақсақал осы шайқаста жара-
лан ған өзін алып шыққан қасындағы
серіктері Сатқан Серікбосынов пен Оразхан
Сұраншыновты елжірей еске алады. Ес-
түссіз жатқан Өмекеңді Сатқан мен Оразхан
кезек-кезек арқалап, 419-дала госпиталіне
жеткізіп, өздері кезекті тапсырмамен әрі
кеткен екен. Бір өкініштісі, барлаушының
бір ротадағы қандыкөйлек достарынан
осы күнге дейін еш хабар жоқ.
ҚАН МАЙДАНДА ҚАРАҒАЙ
БАСЫНДА ҚАЛҒАН ДОМБЫРА
– Сол Сатқан ән-күй десе, жанып түсе-
тін жігерлі, шымыр жігіт еді. Ол ара-ара-
сын да уақыт болғанда, барлау жорығынан
оралғанда әнді де нақышымен шырқап,
күйді де келісті тартатын. Домбыра шыл-
дығына тәнті болған майдандастарға
Сатқан көбінесе Махамбеттің әндері мен
Құрманғазының күйлерін тартып беретін,
– деген Өмекең Сатқанның майдан дала-
сында қарағай басына домбырасын іліп
кетуге мәжбүр болғанын айтады.
Ақсақалдың айтуынша, бірде тағы да
жорыққа барар алдында «домбыраны
қай т тік?» деген мәселе туындайды. Тастап
кету қиын, алып жүруге тағы болмайды.
Барлаушылар жау тылында домбыраны
алып жүрудің қиындық келтіретіндігін
аңдаған соң, бір амалын қарастыру керек
болады. Сонда олар домбыраны орманда-
ғы қарағай ағашының басына іліп, тастап
кетуге бекінеді. Кейін қайтып оралып,
домбыраны алуға ұйғарғанымен, қанды
майдан оған еш мұрша бермеген...
– Сатқан домбырасын қимай, қайта-
қайта сүйіп, қарағайдың басына шықты.
Биіктегі бұтақтың біріне ілген соң, қайта
түс кенде оның көздерінде жас тұрды. Бар-
лауда барысша беріспейтін, жауға алдыр-
май жұлқынып жүретін жігіттің егілгенін
көріп, біздің көңіліміз босады. Содан ба,
Сатқан бірнеше мәрте қарғып барып,
қара ғай басындағы домбырасын кеудесіне
ұстап, сүйіп қоштасты. Сөйткенше болған
жоқ, бұйрық беріліп, ілгері кетуге тура
келді. Ал қайран Сатқан домбырасына
қай та-қайта қарағыштап, бейне қимас
жанын қалдырып бара жатқандай күй
кешті. Сірә, домбырасын қайтып көрмесін
сезді ме екен? – дейді ақсақал.
...1989 жыл. Жамбыл облысы Талас
ауда ны «Ойық» совхозында ән кешін өткіз-
ген белгілі ғалым, композитор Ілия Жақа-
новқа бір қария келіп, өзінің соғыс кезінде
Калинин майданында шабуылға шығып
бара жатып, қарағай басына ілінген дом-
быраны көргенін айтып береді. «Қара ғай
басында ызыңдап тұрған домбыра бір сәт
туған жердің самалын жеткізіп, жігер бер-
гендей көрінді», – деген қарт сонда ком-
позитормен біршама сырласқан екен. Бұл
жайында композитор 1996 жылы Алма-
ты да өткен авторлық кешінде әңгімелеп
береді. Арада бір жыл өтеді. Бірде Ілия
аға мызға Өміртай ағаның інілерінің бірі,
белгілі дәрігер, ғалым, бүгінде марқұм
Мұх тар Айтқазин хабарласып, қарағай
басына ілінген домбыраның иесін білетін
Өмекең жайында сөз қозғайды. Ілекең де
алыстағы орыс орманындағы оқиғаның
куәгері Өміртай ақсақалды көріп, бір тіл-
десуге құмартыпты. Мұқаң кейін Өміртай
Ахмадиев пен Ілия Жақановты өз үйінде
қонақ етіп, әсерлі жүздесуге себепкер
бола ды. Содан кейін Сатқан Серікбосы-
нов ты майдангер де, композитор да екі
жақ тап іздестіре бастаған...
ЖАҚСЫМЕН ЖАҚЫННЫҢ
ӨЗІ ДЕ ЖАҚСЫ
Өміртай Ахмадиев кезінде батыр Бау-
кеңмен де жақын араласып тұрған екен.
Өмекең батырды алғаш 1942 жылы көріп-
ті. Қарт майдангер сол тарихи сәттерді бы-
лай деп еске алады:
– Бірде Ржев қаласы маңындағы Палат-
кина, Денисовка елді мекендеріне 30-40
шақырым жерге дейін барлау жүргізуге
дайындалып жаттық. Комиссар «қазақ
жігіт тері штабқа келсін» деген соң, ротадағы
төрт қазақ сонда келдік. Келсек, штабта
диви зия командирі Ромашев, өзімізді ша-
қырған қазақ тілін жақсы білетін жерлес
комиссар Булабуевпен қатар барлаушылар
тобының бастығы Антонов және ыңғайлы
ықшам киінген командир, қараторы қазақ
отыр екен. Бұл қазағымыз атақты Бауыржан
Момышұлы болып шықты. Сонда біздің
әскердің немістерге бірігіп соққы беру
жағы сөз болып, Баукең қазақ жігіттерінен
барлаушылар іздеп келген екен. Бұдан
кейін Баукеңді 1963 жылы бір-ақ көрдім.
Содан бастап аралас-құралас болудың сәті
түсті.
Жақсының алдын көрген Өміртай Ах-
ма диев соғыстан кейін сол кездегі ҚазМУ-
ді бітіріп, бейбіт күндегі еңбек жолын Шы-
ғыс Қазақстан облысындағы Күршім
ау да нында мұғалім болудан бастайды.
Одан кейін 21 жыл бойы Аягөз қалалық
атқару комитетінің төрағасы қызметін ат-
қарып, сол кездегі қоғам ісіне белсене ат-
са лысады. Бүгінде Өмекең – 4 баладан 4
немере, 4 шөбере сүйіп отырған бақытты
ата.
Небәрі 19 жасында соғысқа аттанып,
ерте сыналып, ыстық күйінде шыңдалған
ардагердің арманы да, айтары да әлі көп.
Ал арманның үлкені – Сатқан досының бір
хабары болар еді...
ӘУЕЛІ СТАЛИНДІК РЕПРЕССИЯ
ҚАН ҚАҚСАТТЫ
Ақтөбе облысының Ойыл ауданы орта-
лығындағы ел ішіне сыйлы отбасының
шыр қы 1936 жылы кенеттен бұзылды. Ах-
мет бек Нұрмановтың әкесі – Ташкент руха-
ни училищесінің түлегі Хасан хазірет Нұр-
мұ
ханбетұлы мешіт қызметкері әрі
ха лық тық медицинамен кісі емдейтін. Қу-
ғын-сүргін науқанына үн қосқан ауылдағы
әлдеқандай арызқойлардың әрекетінен
Хасан ақсақал мұсылмандық қызметі үшін
тұтқындалып кете барды. Бір жылдан соң
оны саяси жендеттер атып тастап, дүние-
мүлкін тәркіледі, бала-шағасын «халық
жауының тұқымы» ретінде қоғамнан шет-
тетіп, тентіретіп жіберді. Әкесі ұсталған
кез де 14 жастағы Ахметбекке қорғансыз
бауыр ларына бас-көз болуды аманат еткен
еді. Алайда Хасан хазіреттің бір баласы
түрмеге айдалса, енді бірқатары аштыққа
төзбей, өмірден өтіп кетті. 1939 жылы
Ойы л дағы қазақ мектебін тұңғыш рет ал-
тын медальмен тәмамдаған Ахметбек
Нұр манов (қуғын-сүргіннің салдарынан
фамилиясы осылай өзгертіледі, негізі –
Нұ р мұханбетов) Алматыдағы Қазақ ме м-
л е кеттік университетіне емтихансыз түсіп,
білім ала бастағанда, жас жігіт әскерге ша-
қы рылып, әуелі финн соғысына, кейін ме м-
ле кеттік шекараға жөнелтілді.
АЗАПТЫ ӨМІРДІҢ ЕКІНШІ
КЕЗЕҢІ ТҰТҚИЫЛДАН ТҰТАНҒАН
СОҒЫСПЕН БАСТАЛДЫ
1941 жылдың 22 маусымы күні фашис-
тік Германияның Кеңес Одағының батыс
шекарасына тұтқиылдан басып кіргені
хабарланды. Ахметбек Нұрманов шекараға
ең жақын орналасқан № 1856 артиллерия-
лық бөлімнің топ командирі еді. Алғаш қы-
да қоян-қолтық ұрыстан гөрі шегіне жүріп,
қару-жарақты үнемдей жүріп ұрыс салуды
көздеген бөлім кейін жаудың берік қор-
шауын бұзу туралы соңғы шешімге келеді.
Кескілескен шайқаста фашистердің күші
басым түсіп, кеңес әскерінің 40 жауынгері
тұтқынға алынады. Польша жерінде тұтқын
Нұрмановқа 45 980 нөмірі беріледі. Кейін
Чистяков қаласында бірыңғай азиялық
нәсілділер бөлек лагерьге жатқызылады.
Достарыңызбен бөлісу: