Ананың аты ана. Әсіресе бала үшін ананың орны бөлек



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата26.01.2017
өлшемі3,17 Mb.
#2760
1   2   3   4   5   6

«ОТАНЫМЫЗДЫ САТАЙЫҚ» 

ДЕГЕН ОЙ БОЛҒАН ЕМЕС

Чистяковтағы азап абақтысында 7-8 ай 

адам төзгісіз еңбек етіп жүрген уақытында 

Нұрманов осы лагерьге Мұстафа Шоқай 

есімді қазақ оқымыстысының келгенін 

ести ді. Бұл дарияға батып бара жатқан 

адамның қол жетер жерден қармануға 

бола тын тал көргені сияқты жайт еді. Бірақ 

Нұр манов Шоқаймен кездесе алмайды. 

Лагерьден індет тарамауы үшін сырттан 

келгендердің темір торларға жақындауына 

рұқсат етілмейтін. Бірақ іштегі жауынгерлер 

бұл азаматтың түркі тілдес әскерлерді қа лай-

да құтқаруға уәде бергенін анық естиді. «Біз 

бұл тұтқыннан шығып, қайтып барып Кеңес 

Одағына қызмет етуді ойла дық. Соған жетуді 

аңсадық, ал Түркістан легио нының қандай 

мақсатта құрылға нын да шаруамыз болмады. 

Өйткені біз жас едік, саясатты түсінбедік. 

Немістерге жұмыс істеп не қылайық? Бізді 

кеңес әскеріне қар сы айдағанда, керісінше, 

олардың жағына шығып кеткеніміз содан. 

Ал оған дейін біз де бас еркіндігі болған жоқ, 

тұтқын бо лып, қай да айдаса сонда жүрдік, 

басқа ама 

лымыз болмады», – дейді 

Ахметбек ақ сақал.

ФАШИЗМ АБАҚТЫСЫН КОЛЫМА 

ТОЗАҒЫ АЛМАСТЫРДЫ

1944 жылы америкалық десант әске-

ріне қарсы соғысуы тиіс болған тұтқындар 

олардың жағына өтіп, кеңес елшілігі өкіл-

де рімен кездесуге мүмкіндік алады. Италия 

жерінде Кеңес Одағының лауазымды 

тұлғалары бұлардың өз үйлеріне аман-

есен оралуына жағдай жасайтынын хабар-

лайды. Бірақ Еуропадан Иранға, одан 

Әзір  байжанға  жеткен  тұтқындар  күтпеген 

көз қарасқа тап болады. Қиямет көріп, 

арып -ашып келген әскерлер еліне қай та-

рылмай, олардың үстінен «Отанын сату» 

дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалады. 

Кейбір мәліметтер бойынша осы жерде 

әскерлердің бірқатары тергеу басталмай 

жатып өлтірілген. Ал Ахметбек Нұрманов 

бір топ тағдырласымен бірге Кузбасс кені-

шін де жұмыс істеп, үш жылдан соң елге 

ора лады. Бұл – НКВД-ның арбауымен ел 

ішінде домалақ арыз жазу өрістеп тұрған 

кез.  Соңына тыңшы еріп, ақыры Сұлтан-

ға лиев, Ержанов, Жүсібәлиевтер бастаған 

ауыл азаматтарының арызы бойынша ол 

«АҚШ-тың пайдасына шпиондық қызмет 

етті, Ота нын сатты, антикеңестік үгіт жүр-

гіз ді» деп айыпталып, 30 жылға, соғыстан 

мүге дек болып келген ағасы 10 жылға сот-

талып кетеді. 

КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ ӨЗІ ҚҰРЫСА ДА, 

ЗАҢЫ ӘЛІ КҮШІНДЕ ТҰР

Сібірдегі стратегиялық қорғаныс кә-

сіпо рнында ауыр еңбек еткен Нұрманов 

сегіз жылдан соң өзінің мерзімінен бұрын 

босап, елге қайтарылатыны туралы қуа-

нышты хабар естиді. 1955 жылдың қараша 

айында әскери тұтқынға рақымшылық 

жасалып, сотталғандығы алынып таста ла-

ды. Ахметбек ақсақал туған ауылына 

оралып, жағдайдың қиындығына қара-

мас тан, екі жоғары оқу орнын тәмамдайды. 

Ойылдағы қазақ және орыс мектептерінде 

неміс тілі және математика пәндерінен 

сабақ берген оқу-ағарту ісінің үздігі – осы 

өңірден шыққан талай танымал азаматтың 

ұстазы. Аудандық мұражайда оның педаго-

гикалық қызметі жайлы көп дерек бар. Ең 

бастысы, кезінде қорқа-соқтай қарайтын 

ауыл жұрты бүгінде ақсақалын соғыс және 

еңбек ардагері ретінде құрметтейді. Бірақ 

бұл – халықтың ғана құрметі. Әйтпесе 

1939-1944 жылдары соғыста болғанын 

растайтын әскери билеті бола тұра, әлі күн-

ге дейін «соғыс ардагері» деген мәртебесі 

жоқ. Әлдеқашан құрдымға кеткен кезіндегі 

кеңестік режимнің салқыны осы күнге де-

йін майдангерге мемлекет тарапынан қам-

қорлық жасауға кедергі келтіріп отыр. Ала й  да 

Ахметбек ақсақал үкіметтен ешқандай 

әлеу меттік жәрдем де, баспана да талап 

етпейді, тек құзырлы органдардан «Отанын 

сатқан» деген жаладан ақтауды ғана өтініп, 

шарқ ұрып жүр. Жақында ол еліміздің Бас 

әскери прокурорына хат жолдаған. Әзірше 

жауап жоқ. Кезінде Ақтөбе облысының 

Ойыл ауданында соғыс кезінде жау қолына 

түскен төрт ардагер тұратын. Бүгінде олар-

дан жалғыз Ахметбек шал ғана қалды. 

Тоқ  санға келген ол құқық қорғау орган да-

рының өзін түбі ақтайтынына сенімді. 



Болатбек МҰХТАРОВ, 

Абат ҚАРАТАЕВ

Бүгінде жалпы әлемде әскери тұтқындарға деген көзқарас басқа. АҚШ 

тұтқында болған майдангерлеріне арнайы медаль беріп, әлеуметтік жеңілдіктер 

тағайындады. Кейбір мемлекеттер жеке бас амандығы үшін опасыздыққа барған 

азаматтарын да әлдеқашан ақтап алған. Ал посткеңестік кеңістік елдерінде РКФСР 

Қылмыстық кодексінің күші әлдеқашан жойылғанына қарамастан, тұтқындарды 

ақтау мәселесі жолға қойылмай келеді. Сол себепті қазір бірқатар ресейлік 

тарихшылар кезінде неміс лагерьлерінде отырғандарды кеңестік жүйе заңымен 

қудалау үшін оларға қатысты дәл 30-жылдардағы қуғын-сүргін кезіндегідей 

ешқандай тексерусіз, нақты айғақсыз, бір ғана арыздың негізінде соттау 

тәжірибесі қалыптасқанын айтып, осы қылмыстық істерді қайта қарауды талап 

етуде. Ахметбек Нұрмановты ұстатып жіберген де – нақты құқықтық айғақ емес, 

қарапайым ауыл адамдарының арызы болатын. Біз соғыс ардагерінің тағдыры 

туралы хатты ҚР Премьер-министрінің блогына жолдадық. Үкімет басшысының 

нұсқауымен қазір хат Бас прокурор Қайрат Мәмидің атына жіберілді. Құзырлы 

орган басшысы бұл жайтқа бейжай қарамайды деп сенеміз. 

P.S. 

немесе тұтқында болғандар қашан ақталады?



Өміртай Ахмадиев  маршал Г.Москаленкомен. 1979 жыл

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№72 (298) 6.05.2010 жыл, бейсенбі                  



www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

АЛАШ АЗАМАТЫ

? Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

ДАТ!


Ерлан САИРОВ, 

Мәдени саясат және өнертану институтының 

директоры, саясаттанушы:

Кілемдерді тазалау үшін алдымен 

оның шаңын қағу керек, содан кейін 

мына әдістердің бірін қолданған жөн: 

біріншіден, тең мөлшерде алынған 

сабын ұнтағы мен сода қоспасының 

жылы судағы ерітіндісін кілемнің бетіне 

сеуіп, щеткамен ысқылайды. Артынан 

ылғалды, одан кейін құрғақ шүберекпен 

сүртеді. Егер дайын ерітіндіге аздаған 

мөлшерде скипидар құйса, онда оның 

тазартқыштық қасиеті одан сайын жақ-

сарады. Екінші әдіс - алдын ала сабынды 

суда қайнатылған ас тұзының ұнтағын 

кілем үстіне сеуіп, содан кейін оны сы-

пыр ғышпен бірнеше рет сыпырады. Тұз 

ұнтағы кілем шаңын бойына сіңіріп 

ала ды да, оны жақсы тазартады, тө се-

ніш ке әр беріп тұрады. 

ҚР Қаржы министрлігі Кеден комитеті 

маман дарының мәліметінше, еліміздің ше-

ка расында жүргізілетін кедендік бақылау-

дың ерекше түрі болып табылатын жеке 

тексеру қандай да бір азаматтың ел аумағы 

арқылы жасырын түрде заңсыз тауар әкетіп 

бара жат қаны жайлы толық негізделген де-

рек тір келген жағдайда жүргізіледі. Ол 

үшін кеден дік ұйымның жетекшісі, оның 

орын басары, болмаса бақылау-өткізу бе-

ке тінің лауазымды қызметкерінің жазбаша 

шешімі болу қажет. Тұлғаның жеке заттарын 

тексеру тек қана оның рұқсаты бойынша 

кедендік бақылау аймағы немесе халы қа-

ралық әуежайлардағы транзиттік аймақ-

тарда жүзеге асырылады. 

Кілемді қалай тазалау керек?



Біз қалалы жерде тұрғандықтан, кілем, текемет сынды заттарды таза-

лау ға қиналамыз. Ал арнайы қызмет көрсететін орындар өте қымбат ақы 

алады. Сондықтан кейде көлік жуатын жерге апарып, білгенімізше тазар-

ту ға тырысамыз. Сұрайын дегенім – кілемді үй ішінде қалай қолдан таза-

лау ға  болады?

Гүлбибі ӘБУҚЫЗЫ, Алматы қаласы

Шекарадан өткенде жолаушының кедендік декларациясы, тауарлар мен 

көліктер бақылауынан бөлек, кеденшілер кейде азаматтардың жеке заттарын 

да аударып-төңкеріп тексеріп жатады. Мұндай тексеру не себепті жүргізіледі?

Еркебұлан СЕРІКҰЛЫ, Қарағанды облысы

Кеденшілер неге жеке 

мүлкімді тексереді?

– «Ел бірлігі» доктринасы өткен 

жылдың қоғамда пікір 

қалыптастырып, ұлт зиялы 

қауымының арасында үлкен қызу 

талқыға айналған тақырыбы 

болды. Құжат қайта қаралып 

қабылданып жатыр. Осы арада 

нақты қазақ халқының мүддесіне 

шешілген мәселелеріне тоқталып, 

халықтың жалпы талабы 

орындалған жерін атап өтсеңіз. 

– Біріншіден, осы тәріздес жоба бүгінгі 

таңда біздің қоғамға ауадай қажет. Өйткені 

XXI ғасырдың басы дүниежүзіндегі үлкен 

геосаяси өзгерістерден басталды, Екінші 

дүниежүзілік соғыстан кейінгі қауіпсіздік, 

қаржы, гуманитарлық, басқа да жүйелер 

кешені бүгін жұмыс істемей отыр. Ялта 

жүйе сі бүгінде жұмыс істемейді, өйткені 

өздеріңіз білесіздер, Югославиядағы жағ-

дай, одан кейін Грузиядағы ахуал сол 

соғыстан кейінгі және дүниежүзіндегі тәртіп 

принциптерінің қазіргі кезде әлсіреп кет-

кенін көрсетті. Егер айналамызға көз жүгір-

тетін болсақ, біз әлі күнге дейін құбы лы сын, 

табиғатын білмейтін неше түрлі қауіп-қатер 

келуі ықтимал. Өйткені бүгінгі таңда дү-

ниежүзінде өте үлкен саяси-эко номи калық 

өзгеріс болып жатыр. Дамыған елдер қата-

рына бүгін Азия елдері келіп отыр. Көршіміз 

Қытайдың жүргізіп отырған саясатының 

түпкі мақсаты – дүниежүзінің гегемоны болу. 

Оның арғы жағында бізге беймәлім Үндістан 

тұр... Сонымен бірге дүниежүзінде көптеген 

рухани-мәдени үлкен процестер болады. 

Осындай алапат заманда қазақ қоғамы бір 

жұдырық болып бірігіп, өзінің билігімен бір 

перспективалық бағытта ойлап қана қоймай, 

сол бағытта жүруі қажет. Сондықтан бізге 

болашақта қандай мақсат қоямыз, қазақтың 

ұлттық мүд делері мен ұлттық мұралары не, 

осы қазақ ұлты мен биліктің арасында қа-

рым-қатынас қандай болуы керек, Қазақ-

станда тұрып жатқан басқа да ұлт өкілдері-

мен өзара бай ланыс, мемлекет құраушы 

ұлттың  ара сын дағы  қарым-қатынас  прин-

цип тері қан дай болуы керек, біз қайда 

бара жатыр мыз? Міне, осы сұрақтарға 

жауап табу үшін белгілі бір құжат дайындау 

керек болған. Ол бүгінгі таңда дайындалды. 

Қазақта «келісіп пішкен тон келте болмас» 

деген жақсы бір сөз бар. Енді бұл доктри-

наны қабылдау – бүгінгі таңдағы қазақтың 

билігі мен қоғамының арасында ешқандай 

қара ма-қайшылық жоқ екендігін, билік 

пен қазақтың қоғамының ойлағаны да, 

көз дегені де, меңзегені де – бір нәрсе, ол қа-

зақ мемлекетін дамыту екендігін айқын дап 

көрсетті.

Бүгін Егемендік алған 20 жылдың ішін-

де біз қазақтардың өзге ұлт өкілдерінің 

алдындағы міндеттері күшейіп, басқа ха-

лық тың алдындағы жүгі артып отырған ды-

ғын есте сақтауымыз керек. Өйткені қазақ-

тар – мемлекет құраушы ұлт. Сондықтан 

біздің мемлекеттің дамуы, сонымен бірге 

қазақтың рухани өмірі, мәдени деңгейі  

қазақтардың басқаларға деген көзқарасы 

қандай болуымен байланысты. Сондықтан 

бүгінгі таңда қазақтың мемлекеттігін әрі 

қарай дамыту үшін қазақтардың өзіне үл-

кен салмақ түсіп отыр. Өйткені біз өзіміз дің 

ақыл-парасатымызбен,  «тауларды  ала сар т  -

пай, даланы асқақтатайық» прин ци пімен, 

басқа ұлттарды өзінің айналасына топ тас-

тыра білу, ұйымдастыра білу керек. Екінші-

ден, елдің иесі болу үшін біз қазақ тардың 

өз ішіндегі проблемаларын түген деп, соны 

шешудің алғышартын жасауымыз қажет. 

Соңғы кездері қазақ қоғамының ішінде 

әртүрлі өзгерістер болды. Қазақтың исла-

мы ның өзі екі-үш түрге бөлініп кеткен, бізге 

христиан мәдениеті жағынан үлкен қысым 

келіп жатыр. Осының барлығы біз дің ұлт-

тың бір жұдырық болуының қажет тілігін 

тудырады. Тағы бір фактор – еліміздің 

территориясы өте үлкен, қазба байлықтары 

өте мол, сонымен бірге адамның тығыздығы 

өте төмен. Яғни осындай үлкен территория 

бола тұра, орасан көп қазба байлықтарына 

ие бола тұра, бүгінгі таңда мемлекетті әрі 

қарай дамыту үшін бізге орталық танды-

рылған және өте күшті мемлекет қажет. 

Президент дегеніміз – мемлекеттің симво-

лы және саяси құндылық дегеніміз осыдан 

шығады. Өйткені бүгін Қазақстанда өте 

күшті шоғырланған билік болмайтын бол-

са, онда еліміздің ертеңгі жағдайы мүш кіл 

болуы мүмкін. Әрине, елімізде биліктің 

рөлі жоғары. Өйткені бүкіл реформалардың 

барлығы үстінен жасалған. 

– Үстінен жасалған реформа 

дегеніңізді ашып түсіндірсеңіз...

– Егер, естеріңізде болса, 90-жыл да р-

дың басында еліміздің саяси мәселелеріне 

байланысты неше түрлі сәуегейлер пайда 

болған. «Осы мемлекет табысты мемлекет 

қатарына қосыла алмайды, ертең қазақтар-

дың өздері ішінен бөлініп кетеді» деген, 

бірақ ешқайсысы бүгінгі таңда мақсатына 

жеткен жоқ. Өйткені дер кезінде орталық-

тандырылған билік пайда болды және сол 

билік реформалардың барлығының үстінен 

жүргізілді. Енді Елбасының жаңашыл ин-

дустриялық бағдарламасына сәйкес,  мо-

де р низацияның екінші этапына өту мақсаты 

тұр. Модернизацияның екінші эта пына өту 

деген – ол экономиканың жаңа бір қыр ла-

рына келу, технологиялық төртін ші-бесінші 

бөліністерге жету, яғни шикізат тық эконо-

ми кадан жаңашыл инновациялық эконо-

ми каға өту деген сөз. Реформалардың екі н  ші 

кезеңі де үстіден жүргізіліп жатыр, бірақ 

осындай экономикалық интеллекту алды 

секіріс жасау үшін қоғам мен билік «бір тіл-

де сөйлеуі» қажет. 



– Сіз қоғамда мәдениет пен 

экономиканың арасында тікелей 

байланыс бар деген тұжырым 

жасай келе, соны дәлелдеуге 

тырысып жүрген зерттеушісіз. Осы 

доктрина мен экономиканың ара сы-

нда байланыс болуы мүмкін бе?

– Экономиканы дамыту үшін ұлтты мә-

де ни-рухани тұрғыдан топтастыратын бір 

идеялар қажет. Мұны мен емес, белгілі 

футурологтер Фукуяма, Хантингтондар әр-

бір елдің дамуы сол елдердің құндылық-

тары мен мәдениетіне сәйкес екендігін 

дәлелдеп берді. Міне, біз өзіміздің ертеден 

келе жатқан құндылықтарымызды, салт-

дәстүрімізді дамудың факторына айнал-

дыруымыз қажет. Осы тұрғыдан алғанда 

да, құжат – таптырмайтын дүние. Неге? 

Өйт кені дүниежүзінде интеллектуалды эко-

номика деген ұғым бар. Адамның даму 

индексі – дүниежүзіндегі негізгі көрсеткіш, 

яғни адам неғұрлым интеллектуалды бол-

са, соғұрлым мәдениетті болады. Егер адам 

білімді болса, әрине, мәдениеті жоғары 

болады. Доктринаны талқылау барысында 

Ассамблея өзінің қоғам алдында мәміле-

гершілік миссияны орындай білетіндігін 

көр сетті. Енді осы сарынды ары қарай да-

мы та отырып, Ассамблея қазақ мүдделері 

мен құндылықтарына басқа халық өкіл-

дерін иландыру миссиясына көшуі қажет. 

Өйткені бүгін басқа ұлттың өкілдері егер 

Қазақстан экономика мен әлеуметтік жағы-

нан дамыған ел болса, онда міндетті түрде 

осы қазақ халқының айналасына топтасу 

керек екенін түсінді. Міне, осы топтасудың 

механизмдерін жасаудың белгілі бір 

тетіктерін жасау міндеті тұр. Халықаралық 

тәжірибеде әрқилы доктриналар бар. 

Мысалы, XIX ғасырдағы «Монро доктри-

насы», ол Америка Құрама Штаттарының  

Америка материгіндегі басымдықтарын 

анықтап берген. Сондай-ақ XX ғасырда 

дүниежүзілік соғыстан кейін екі жүйенің 

бейбіт өмір сүруі жөніндегі «Черчилль док-

тр и насы» қабылданды. Сол сияқты «Кен-

неди доктринасы» бар. Енді XXI ғасыр дың 

басында халықаралық дәрежеде, Қазақ-

станда қоғам дамуының «Назарбаев док-

тринасы» деген жаңа бағыт пайда бо лып 

жатыр. Біз оны қалаймыз ба, қала май мыз 

ба, бірақ ол бәрібір іс жүзіне асып жатыр. 

Док три наның негізгі бағыттары – ұлтаралық 

тату лық, қазақ халқының рухын белгілі бір 

дәре жеге көтеру, қазақтың халықаралық 

дәрежедегі беделді, сонымен бірге басқа-

лар ға өзінің сөзін өткізе алатын мемлекетін 

жасау. Ең негізгісі – қазақ ұлтының сапасын 

жаңарту. Осы 20 жылдың ішінде осындай 

негізгі параметрлер іс жүзіне асты деп 

айтуға барлық негіз бар. 

– Сіз жаңа қазақ халқының бір 

жауапкершілігі, міндеті бар деп 

айтып өттіңіз. Мысалы, қарапайым 

халықтың бойында қандай 

жауапкершілік болуы керек?

– Нақтылап айтсақ, қазақ ұлтының 

бойындағы ең бірінші миссия – біздің 

ғасырлар бойы аңсап келген Тәуелсіздікті 

сақтап, ары қарай дамыту, ұрпақтан-ұрпақ-

қа жеткізіп отыру. Бұл – Қазақстанда тек 

қана қазақтардың ең негізгі миссиясы. 

Міне, осы миссияны орындау барысында 

әртүр лі тараптар пайда болады. Ол қазақ-

тың дәстүрі мен салтын сақтап, одан әрі 

қарай дамыту, қазақтың мәдениеті Қазақ-

стан мәдениетінің ең негізгі элементтерінің 

бірі емес, ең негізгісі болу керек. Сонымен 

бірге әлеуметтік тұрғыдан келетін болсақ, 

әрине, қазақтардың өзінің жеке білігін 

арттыру, өйткені бұл ғасырда интеллек-

туал дық потенциалдың деңгейі өте жоғары 

болмаса, ұлт ретінде, халық ретінде дегра-

дацияға ұшырайды. Сондықтан міндетті 

түрде өзінің мәдениетін, потенциалын әр-

кез көтеріп отыруы керек. Яғни халықаралық 

деңгейде білімді және парасатты ұлт дәре-

жесіне көтеру. Өйткені бүгінгі таңда қазақ-

тардың саны 10-ақ миллион. Сондықтан 

ұлттың сапасы өте жоғары болмай, мемле-

кеттің сапасы жоғары болмайды. Біз сапалы 

ұлт тар қатарына өтуге ұмтылуымыз керек, 

олар  дың қатарын, өздеріңіз білесіздер, жа-

пон дар, Еуропа елдері толықтырып отыр. 

Бізге ұлттың сапасын көтеріп, халықаралық 

деңгейде мәселерді шешетін мемлекет 

қатарына жетуден басқа балама жоқ. Сон-

да ғана шет мемлекеттер бізбен санасатын 

болады. Осы жақын арада болған Қыр ғыз-

стан дағы жағдайға байланысты Қазақстан 

өзінің халықаралық дәрежедегі мәмілегер 

бола алатындығын дәлелдеп шықты. Ұлы 

державалардың өздері бүкіл мәселе лерді 

Қазақстан арқылы шешіп отыр. Яғни билік-

тің бүгінгі таңдағы халықаралық аренадағы 

абыройы қазақтың абыройына айналып 

отыр. Бір сөзбен айтқанда, бір адам  ның 

фак торы мемлекеттің даму фак торына ай-

на лды. 


– Доктринаның ұлттық тарапқа 

байланысты арнайы бөлімі бар 

екен. Ұлтты ұйыстыру, жалпы, 

ұлттық рухты қалыптастырудың 

әлемдік тәжірибеде екі түрі бар. 

Мысалы, Франция, Германия 

сияқты унитарлық мемлекеттерде 

ұлттық рух – француздар мен 

немістердікі, ал федеративтік 

мемлекеттерде басқаша. Қырық 

құрам АҚШ-ты алатын болсақ, ол 

елде де ұлттық рух, ұлттық арман 

деген түсініктер бар. Бірақ ол жерде 

ұлттық рух ұғымы мемлекеттік рух 

сөзімен синоним болып тұр. Бұл 

жерде біздің доктринада қазақ 

ұлтының миссиясы қазақтың деп 

емес, жалпы ұлттық рух деп 

көрсетілген. Бұған не дейсіз?

– Дүниежүзінде ұлттық мәселерге өте 

көңіл бөледі. Мысалы, Францияда «әрбір 

француз жоғары дәрежелі француз бол-

ғанда ғана Франция дамиды» деген түсінік 

болса, Германиядағы принцип – «бір ме м-

ле кет – бір ұлт»; Жапонияның принципі де 

соған ұқсас. «Бір мемлекет – бір рух». 

Осы ның ішінде Қазақстан бүгінгі таңда 

қазақ халқының саны 60%-дан асқан-

дықтан, 20 жылдың ішінде осы мемлекетті 

қалыптастыра алатын халық ретінде дәлел-

деді. Әрі қарай қазақтың рухы басқа ха-

лық тарға көп беріле беретін болады да, 

аяғын да, қазақ ұлты, қазақи рух, қазақи 

салт- дәстүр бүкіл Қазақстанның салт-дәс-

түрінің синониміне айналады. Қазірдің 

өзін де осыған келе жатырмыз. Егер қарай-

тын болсақ, тіл мәселесі енді шешіле бас-

тады, басқа ұлттардың барлығы қазақша 

сөйлеу құндылық екенін, жеке басына пай-

далы екенін сезгендіктен, қазір біздің қо-

ғам да қазақша сөйлеу сәнге айналып келе 

жатыр. Бұл – өте жақсы нәрсе. Қазақ тың 

дәстүрлі музыкасы төл мәдениетіне байла-

нысты, кей кездері мүлде қаржы салмай-ақ, 

құндылықтар жасауға болады. Қазір кез 

келген тойға барсаңыз, қазақтың «Қара-

жор ға» әнін айтып, биін билейтін болып 

жүр. Мә се ле – басқа ұлт өкілдері осы әнге 

өте құш тар. Яғни «Қаражорға» тек қана қа-

зақ  тарға ғана емес, Қазақстанның халық-

тарына бел гілі бір құндылық болып отыр. 

Осындай кішкентай іс арқылы біз ұлттарды 

өзіміздің  айналамызға  топтас тыруы мыз 

керек. Сонымен бірге «ұлттық мәдениет 

терри ториясы»,  «Қымызмұ рын дық»,  «Қа м а-

жай» сияқты инфрақұрылым дылық жо ба-

лар жасау қажет. Осылар бір тіндеп басқа 

ұлт  тарды қазақтың айналасына топтас ты-

ру ға алып келеді. 

– Доктринаның соңғы бөлімінде 

ұлт болып ұйысу үшін мемлекеттік 

тілді дамыту керек деп келеді де, 

екінші сөйлемінде Қазақстанды 

мекендейтін өзге этностардың тілін 

дамыту қажет дейді. Бұл екеуі 

бір-біріне қайшы емес пе?

– Жақында біздің институттың «Тағы-

лым» клубына Ресейдің Мәдениеттану инс-

титутының директоры, белгілі мәдениет-

танушы К.Разлогов келді. Соның айтуынша, 

бүгінгі жаһандану заманында бір-ақ мәде-

ниеттің иесі болу мүмкін емес. Мысалы, біз 

қазақ бола тұра қызметке қазақы шапан 

немесе мәсі киіп бармаймыз ғой. Үстімізде 

еуропалық костюм, кейбіреулеріміздің 

қолы  мызда жапон сағаты – осының өзі біз-

дің бірнеше мәдениеттің иесі екенімізді 

көрсе теді. Сондықтан қазақтарда күшті қа-

за қи рух пен қазақтың ең жақсы қасиеттерін 

бойы мызға сіңіріп, изоляцияда қалып 

қалмау үшін міндетті түрде ағылшын тілінде 

сөйлеуіміз керек. Дүниежүзінде мәдениеттің 

белгілі бір еңбектерін бойымызға сіңіруіміз 

қажет. Бұл – бүгінгі өмір заңдылығы. Яғни 

бізде екі-үш идентификациялық-мәдени 

код болуы шарт. Өйткені интернет, мәдени 

алмасу, сонымен бірге теледидар – оның 

барлығы бұрынғы сияқты жалғыз иден ти-

фи кациялау кодтан алшақтатып отыр. Бүгін 

жаһандану процестерін ешкім жоққа шы-

ғара алмайды, жаһанданудан алшақ кеткен 

елдер: Солтүстік Корея, Иран және полине-

зиялық тайпалар. Сонымен бірге Қазақ-

станда тұрып жатқан басқа халықтардың 

бар лығы міндетті түрде қазақтың жақсы-

лығын бойына сіңіріп, қазақты мемлекеттік 

ұлт ретінде сыйлай отырып, олар да өзінің 

мәдениетін, дәстүрін дамытуы керек. Себе-

бі өз мәдениетін меңгермеген ұлт өкілі мә ң -

гүрт тікке ұрынады. Ал мәңгүрт адам өз Ота-

нын құрметтей алмайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет