Ананың аты ана. Әсіресе бала үшін ананың орны бөлек



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата26.01.2017
өлшемі3,17 Mb.
#2760
1   2   3   4   5   6

 Сұхбаттасқан 

Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ

ЖЕҢІСКЕ – 65 ЖЫЛ



Майдан 

журналистикасына 

қатысты қос кітап 

студенттерге 

таныстырылды

Кеше Алматыдағы Халы-

қаралық бизнес универ-

ситетінде Орталық Азия 

баспасөз үйірмесінің ұйым-

дастыруымен Ұлы Жеңістің 

65 жылдығына арналған 

кездесу өтті. Онда Журналис-

тер академиясының 

президенті, тарих ғылымы-

ның докторы Сағымбай 

Қозыбаевтың «Опаленная 

войной. Казахская фронтовая 

печать» тарихи-публицис ти-

калық кітабы мен ҚР Жоғары 

оқу орындары қауымдас ты-

ғы ның  президенті,  экономика 

ғылымының докторы Рахман 

Алшанов құрастырып 

шығарған «Отанды қор ғау-

да» басылымының кітапқа 

топтастырылған нұсқасы 

сту денттер  қауымына 

таныстырылды.

ЕТ

e-mail: info@alashainasy.kz



АЛАШҚА АЙТАР ДАТЫМ!

Модернизацияның екінші кезеңіне өту үшін қазақ ұлты-

ның өзі XXI ғасырдың күн тәртібіне сәйкес, белгілі бір деңгей-

де өсу керек. Өсу үшін бізге міндетті түрде ұлтты ұйыс тыра-

тын, жұмылдыратын үлкен-үлкен бағдарламалар керек. 

Доктринадағы елдің этносаясатындағы үлкен құбы лыс – «бір 

ел – бір тағдыр» принципі. Яғни қазақ ұлтының айналасында 

басқа ұлттарды топтастыруға бағытталған жаңа принцип. 

Қазақ ұлты – елімізде тұратын басқа ұлт тар ды дамытудың 

факторы және басты кепілі. Бұл жерде Қазақ стан халқы 

Ассамблеясының рөлі мен орны басым бағыт тар дың біріне 

айналуы қажет.

«Отанды қорғауда» – соғыстың Ленин-

градты қорғау кезеңінде дүниеге келген 

майдан баспасөзі. Оның алғашқы нөмірі 

1942 жылдың 6 қарашасы күні жарық 

көрді. Тарихшылардың айтуынша, қоршау-

да қалған батыр қала Ленинградты азат 

етуге қатысқан жауынгерлердің үштен бірі 

қазақтар болатын. Сол себепті орыс тілін-

дегі «На страже Родины» газетінің жанынан 

оның қазақша нұсқасы шыға бастайды. 

Ұлы Жеңіске дейінгі аралықта сұрапыл 

соғыстағы барлық қазақ жауынгеріне рух 

берген басылым бүгінде отандастары мыз-

дың ерлік ғұмырының құнды шежіресіне 

айналды. Бұл газеттің беттерінде оқ жауған 

аспан астындағы әскерлердің қайрат-

жігері, туған ауылдарына деген сағынышы, 

жауынгерлік кезеңнің басқа да жариялы-

құпия лы сәттері көрініс тапты. Майдан 

дала  сында түсірілген фотосуреттердің құн-

дылығы – өз алдына бөлек әңгіме. Соғыс 

кейінгі ұрпақ үшін тарих қана болғанымен, 

сол кездегі адамзат үшін аумалы-төкпелі 

ауыр жағдай еді. Соған қарамастан, осы 

майдан баспасөзі бас редакторының орын-

басары, академик Түймебай Әшімбаевтың 

жұбайы газет тігіндісін ұзақ жылдар бойы 

көздің қарашығындай сақтап, бүгінге жет-

кіз ген. Бұл – құнды жәдігердің жалғыз 

данасы. Әшімбаевтар отбасынан алынып, 

Ұлттық кітапхананың сирек кездесетін 

руха ни дүниелер қорына тапсырылған ескі 

газеттерді профессор Рахман Алшанов 

шашауын шығармай топтастырып, хро-

ноло гиялық тәртіп бойынша түптеп, энци-

клопедиялық жинақ етіп шығарды. Осы 

кездесуде тарихшы Сағымбай Қозыбаев-

тың қазақтың майдан журналистикасына 

қатысты жаңа зерттеуі де жария етілді. 

Еңбек Диқан Әбілев, Түймебай Әшімбаев, 

Қалижан Бекхожин, Федор Боярский, Бау-

бек Бұлқышев, Мұса Дінішев, Әбу Сәрсен-

баев, Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Мо мы ш-

 ұлы сынды майдан қа лам герлері атқарған 

журналистік жұ мыс ты саралайды. Бұл құн-

ды екі кітапты Халықа ралық бизнес уни -

вер  ситетінің  сту дент тері  енді  өз  кітапха на-

ларынан алып оқитын бо ла ды.

Сағымбай ҚОЗЫБАЕВ, Журналистер 

академиясының президенті, тарих 

ғылымының докторы:

– Соғыс жылдары барлығы 20-ға 

жуық басылым қазақ тілінде жарық 

көрді. Газеттер 5-6 жауынгерге 

бір-бірден тиді. Майдан баспасөзі 

түрлі себеппен сақталмай, бізге 

жетпеді. Ең алдымен, олар  

ақпараттық насихат құралы 

болғандықтан, көбіне «оқы да, 

басқаларға бер» немесе «оқы да, 

өрте» деген қағиданы ұстанды. 

Өйткені қарсыластар нақты 

деректерге толы бұл газеттердегі 

ақпаратты өз пайдаларына шешуі 

әбден мүмкін еді. Сол себепті 

әскерлеріміз газеттерді оқып болып, 

махорка орауға пайдаланды. Ал 

майдан журналистеріне келсек, 

Орталық Азия аумағында барлығы 

200-ге жуық қаламгер болса, оның 

74-і қазақ еді.

Болатбек МҰХТАРОВ

Бір мемлекет – 

бір рух


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№72 (298) 6.05.2010 жыл, бейсенбі



www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz

ДОДА

ДОДА


СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ

БІР


ЛІК ПЕН ТІР

ЛІК


МӘСЕЛЕ

ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙ



? Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Әзірбайжан астанасы Бакуде бокстен жастар арасындағы әлем 

біріншілігінің аяқталғанын білемін. Бірақ жерлестеріміздің соңғы 

көрсеткіштерінен хабарсызбын. Естуімше, бірде-бір боксшымыз жүлделі 

орынға ілікпепті. Сонда қазақ жастары, шынымен-ақ, намысты қолдан беріп 

қойған ба?

Құбаш ҚАЛДЫҒАЛИЕВ, Орал қаласы

Спорттық гимнастикадан Қытай құрамасы Сидней Олимпиадасындағы қола жүлдесінен 

айырылыпты. 10 жылдан кейін қытайлықтарды тиісті жүлделерінен айыруға не себеп 

болды екен? «Қытай спортшылары допинг қолданады» дегенге ешкім сене қоймас, тәйірі.

Ербол ӨМІРЗАҚ, Қарағанды облысы

Спорттық гимнастикадан Қытай құрамасы-

ның командалық сындағы қола жүлделерінен 

айырылғаны рас. 2000 жылғы Сидней Ол им-

пиадасында Қытай құрамасының бір қызы туған 

жылын дұрыс жазғызбапты. Жасын жасырған. 

Нақтырақ айтқанда, Дон Фансяо 2000 жылы 14 

жаста болыпты. Ал Олимпиада ойындарының 

талаптары бойынша (тіпті хар тиясы бойынша 

десек те болар), спортшылар төрт жылда бір 

өтетін осынау дүбірлі додаға 16 жастан бастап 

қатыса алады. Халықаралық гимнастика феде-

рациясы (FIG) биылғы жылдың ақпан ай ын да 

осы мәселеге байланысты тер геу жүр гі зіп, Дон 

Фансяоның 2000 жылы 14-те бол ғандығына 

көз жеткізді. Сөйтіп, Ха 

лық 

аралық олим 



пиа-

да комитеті Қытайдың гим 

насшы қыз 

дарын 


командалық есептегі қола жүл де лерінен айыр-

ды. Қола медаль сол жолы төр тінші орын ға 

ие болған АҚШ аруларына бұ йырды. Есте-

ріңізге сала кетейік, Сидней Олим пиа дасында 

алтынды Румыния қыздары еншілеп, күмісті 

Ресей құрамасы олжалаған-ды.

Жігіттер жерге қаратты

10 жылдан кейін Олимпиадада алған жүлдесінен айырылды

Иә, өкінішке қарай, әлем чемпио-

натында бірде-бір жерлесіміз жүлделі 

орындарға іліге алмады. Каспий 

дің 


арғы жағалауына аттанған 11 бокс-

шымыз үмі 

тімізді ақтай алған жоқ. 

Руслан Ма ди ев (54 келі), Арбек Әбду-

ғаниев (81 ке лі) және Асқар Көпеншеев 

(91 келі) бі рін шіліктің бірінші күні-ақ 

ұтылып қал ған болса, екінші кезеңде 

Әнуар Мұза фа ров (48 келі), Дархан 

Жұмсақбаев (57 келі), Сабыржан Бақ-

бергенов (60 ке 

лі), Мейірім Нұр-

сұлтанов (64 келі), Әділет Рақышев (75 

келі) және Дәулет Мұсабаев (91+ келі) 

сынды жігіттеріміз жеңіліске ұшырады. 

Нәтижесінде, ширек финалға 51 келі 

салмақ дәрежесіндегі Нұрлан Әбжанов 

пен 69 келідегі Жәнібек Әлім ханұлы 

ғана жетті. Бірақ бұл жігіттер де бар 

өнерлерін толық паш ете алмады.

Айта кетейік, 

мұн дай  мас қара-

лықты қазақ бок сі 

б ұ р ы н - с о ң   д ы 

көрген жоқ. Мұ-

ның ал дындағы 

Мек сикада  өт-

кен жастар ара-

сын дағы әлем бі-

рінші 

лігінен 2 кү-



міспен ор ал ғанда, «қа-

зақ боксі, қайда бара сың?» деп бай-

балам салғанбыз. Сөйтсек, қа зіргімен 

салыстырғанда сол кездегі бокс шы ла-

рымыз «айналайын» екен. Қазақ бокс інің 

болашағы осылар екенін ескерсек, онда 

мұндай масқараға төзгенше, былғары 

қолғабымызды шеше салғанымыз жөн 

болар еді.

Осыдан бір жыл бұрын Эверест шыңы-

на жапсарлас орналасқан Лхотце шың ын 

бағындыруға аттанған Қазақстан аль-

пинистері межелі жерге «сынық сүйем» 

қал ғанда, қайғылы оқиғаға ұшырап, қа-

пелімде тәжірибелі альпинист Сергей Са-

мойловтан айырылып қалған. Содан аза 

тұтып, кері қайтқан.

Бұған дейін жазғанымыздай, Қазақ-

стан альпинистері әлемдегі ең биік 14 

шың ды бағындыру мақсатында бұрын-

соңды болмаған жобаны жүзеге асыруда. 

1991 жылдан бері осы шыңдардың 13-

інің ұшар басына шықты да. Қалғаны – 

биік тігі 8516 метрлік Лхотце шыңы ғана. 

Осы шыңды бағындырып, алдарына қой-

ған мақсаттарына жету үшін еліміздің мұз-

балақ альпинистері биыл да Гималайға 

аттанған.

Қазақстан альпинистерінің капитаны 

Мақсұт Жұмаевтың хабарлауынша, олар 

қазір Лхотценің 7000 метрден астам 

биіктігін еңсерген. 7000 метрлік биіктікте 

былтыр мерт болған Сергей Самойловтың 

сүйегін қар астынан әзер тауып алыпты. 

Себебі былтырдан бері бірнеше рет қар 

көшкіні болғанға ұқсайды. Былтыр оны 

біздің альпинистер уақытша шың төсіне 

жерлеп кеткен. Әу баста «сүйегін күзде 

әкелеміз, қазір жеткізу мүмкін емес» деген-

ді. Бірақ қоңыр күзде де Самойловтың 

денесі туған елге жеткізілмеді. «Ауа райы 

қолайсыз болды» деп естігенбіз.

Жұмаевтың хабарлауынша, Самой-

лов тың сүйегі әзірше шың етегіндегі қос-

тардың біріне уақытша жерленбек. «Қай 

қосқа жеткізеріміз де белгісіз, қадірлі 

до сымыздың денесін төмен түсірудің өзі 

қаржыға байланысты. Қазақ елі өзінің 

ар 

ыстай азаматының сүйегін қашан 



шетелге қалдырып еді? Мұндай болған 

ем 


ес қой. Ал Сергей Самойлов Отан 

үшін үнемі зеңгір аспан түстес туымызды 

жоғары көтеріп жүріп, жан тапсырған. 

Көк байрағымызды әлемдегі ең биік 

шыңдардың басына қадап жүріп, 2009 

жылдың 26 мамырында мерт болған», – 

деп қынжыла жазыпты.

Осыған орай, біз кеше ҚР альпинизм 

және құзға өрлеу федерациясының 

басшысы Қазбек ВАЛИЕВПЕН 

хабарластық:

– Сергей Самойловтың сүйегін 

елге әкелу тек қаржыға тіреліп тұр. 

Бұл – оңай шаруа емес. Альпинис-

тің мүрдесін тасымалдауға шамамен 

15 000 АҚШ доллары көлемінде 

қар жы керек, – деді әйгілі ардагер 

аль пинист.

Самойловтың 

сүйегі елге қашан 

әкелінеді...

Гималай тауындағы Лхотце 

шыңының ұшар басына 

өрмелеп бара жатқан Қазақстан 

альпинистері былтыр осы шыңда 

мерт болған қадірлі достары 

Сергей Самойловтың сүйегін қар 

астынан тапты.

Қазақстан ұлттық құрамасы Астанаға 

жиналып, 1-29 сәуір аралығында жат-

тығу жиынын өткізген болатын. Содан 

соң Италияға барып дайындықтарын пы-

сық тады. Нақтырақ айтқанда, Боль занода 

Италия құрамасымен екі рет жолдастық 

кездесу өткізді. Бірінші ойында біздің 

хок кейшілер 2:0 есебімен жеңіске жетті. 

Голдарды Александр Шин мен Роман 

Стар ченко соқты. Екінші матч 1:1 есебімен 

тең аяқталды. Қазақстандықтар сапынан 

жалғыз голды қорғаушы Роман Савченко 

енгізді.


Естеріңізге сала кетейік, Италия құра-

масы да биыл жоғарғы дивизионда бақ 

сынайды. Олар тек – «В» тобында. Ал 

Андрей Шаянов жаттықтыратын Қазақ-

стан құрамасы – «А» тобында. Қарсы лас-

тарымыз – Ресей, Словакия және Бела русь 

құрамалары.

Бүкіләлемдік біріншілік қарсаңында 

осы әлем чемпионатына қатысатын ел-

дердің көбісінің ұлттық құрамалары жол-

дастық кездесулер өткізді. Соның бірін де 

біздің қарсыластарымыздың бірі, яғни 

Словакия құрамасы өз елінде Латвия хок-

кейшілерін қабылдап, біріншісінде 4:3 

есебімен басым түскенімен, екіншісінде 

0:2 есебімен ұтылып қалды. Сондай-ақ 

Бе ларусь хоккейшілері де Латвия құра-

масымен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліске 

ұшыраған болатын. Латыш хоккейшілері 

де Италия құрамасымен бірге «А» тобында 

додаға түсетін болады.

Жолдастық кездесулерде ешбір ко-

ман даның жеңіске жету үшін бар күш-

жігерін салмасы түсінікті, әрине. Бірінші 

кезекте бәрінің де ұжымдық ойын өрнегін 

жетілдіруге тырысып, бестіктерінің бір-

бі  рімен тіл табысуына қол жеткізуін көз-

дей 


ді. Десек те, латыштардың топтық 

ой ын дардағы  біздің  қарсыластарымыз-

дан басым түсулері Андрей Шаянов пен 

оның шәкірттерін желпіндіріп, Словакия 

жә не Беларусь құрамаларын жеңуге бо-

ла тындығына көз жеткізіп берді деп үміт-

тенеміз. Негізі, біздің құраманың бас ты 

мақсаты – жоғарғы дивизиондағы орын-

ды сақтап қалу.

Дархан ӨМІРЗАҚ

Қарсыластарымыздың 

қуын-ай...

Ертең Германияда шайбалы 

хоккейден 2010 жылғы әлем 

чемпионаты басталады. 

Қазақстан құрамасы бірінші 

ойынын 9 мамыр күні Беларусь 

хоккейшілерімен өткізеді.

Тумаса да, туғандай 

болған тарланбоздар

Қазақстан халықтары-

ның мызғымас достығы 

мен ынты мақтастығының 

символы болып, еліміздің 

абыройын, ұлттық рухын 

асқақтатуға спортшы лары-

мыздың сүбелі үлес қосып 

жүргендеріне талас жоқ. 

Төрткүл әлемге Қазақ елін 

танытып, Қазақстанның 

көк байрағын шетелдерде 

желбіретіп, Әнұранын 

шарықтатып жүрген де – 

осы спортшылар. Осыған 

орай, қазақ халқына 

телегей-теңіз еңбек сіңіріп, 

спортымызды дамытуға 

және елімізді он сегіз мың 

ғаламға паш етуге сүбелі 

үлес қосқан тұлғаларға 

тоқтала кетсек деп едік.

Бірінші кезекте есімізге білікті бап-

кер, ұлағатты ұстаз Эдуард Айрих түседі 

(20.11.1918 – 18.01.1993). Басқа-басқа, 

бірақ «Көгалдағы хоккейдің генералы» 

атанған Эдуард Фердинандовичтің қазақ 

халқына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. 1964 

жылы Краснотурьинскіде жүрген жерінен 

Алматыға шақырылған Айрих келе сала, 

қазақ спортын өрге сүйрейді. Қысқа 

қайырып айтқанда, Алматының аңызға 

айналған «Динамосы» Айрихтің жетек-

шілік етуімен көгалдағы хоккейден КСРО-

ның 19 дүркін чемпионы болған! Екі мәрте 

Еуропа чемпионы кубогын жеңіп алған. 

КСРО құрамасының аға жат тықтырушысы 

болып, Олимпиада ойындарының қола 

жүлдегері және Еуропа чемпионатының 

күміс жүлдегері де атанған. Алматыда адал 

қызмет істеп, КСРО-ға еңбек сіңірген 11 

спорт шеберін, халықаралық дәрежедегі 

30 спорт шеберін, 150-ден астам спорт 

шеберін дайындап шығарды. Қазақстанға 

және Кеңес Одағына еңбек сіңірген 

жаттық тырушы болды. Екі ұл, екі қыз 

тәрбиелеген. Қыздарының біреуі қазаққа 

тұрмысқа шыққан. Оны қол астындағы 

шәкірттері «бас бапкер» демей, өздерінің 

екінші әкелеріндей көріп кеткен. Көргендер 

«қазақ халқына деген көңілі алабөтен еді» 

деп сүйсінеді...

Даңқты шаңғышымыз Владимир 

Смирнов та – баршаға үлгі боларлықтай 

ерекше жаралған жан. Еліміз еңсесін енді 

түзей бастаған қиын-қыстау  жылдары 

халықаралық маңызы бар дүбірлі жа-

рыстардан қалмай, Қазақстан шаңғы-

шыларының жанында болып, қолынан 

келген көмек-қолғабысын көрсетуден 

жалықпаған. Өз ақшасына шаңғы инвен-

тарьларын алып берген кездері де аз 

болған жоқ. Ол – еліміз көк байрағын Тә-

қошеметпен қарсы алып, екі аяғын жерге 

тигізбей, тік көтеріп алды. Мұндай сый-

құрметке қатты толқыған Василий: «Мені 

қазір кәсіпқой бокске шақырып отыр. Жа-

сырмаймын, өзімнің де ауысқым келіп 

жүр. Бірақ қайда жүрсем де, тек қана Қа-

зақстанның, Балқаштың атынан шығам», 

— деп кесіп айтқан. Обалы нешік, сол 

жұдырығымен қарсыластарының бауы-

рынан ұрып, «екі бүктеп» тастайтын «Бал-

қаштың тарғыл барысы» сөзінде тұрды. 

Американың қай қаласында жекпе-жекке 

шықса да, өзін «Қазақстанның, Балқаштың 

боксшысы» деп жариялатты. Одан кейінгі 

арманы өзінің бір жекпе-жегін Қазақ-

станда өткізіп, жерлестерін кәсіпқой бокс 

қызығына тәнті ету еді. Оны да орындады. 

2001 жылдың 6 ақпанында америкалық 

Алекс Гонсалесті айқас басталған бетте-ақ 

мұрнымен жер «сүздіріп», қазақстан дық-

тардың айызын қандырған.

Қайсыбірін санай берейік. Мұндай 

өзімізден тумаса да, туғандай болған 

бас 


қа ұлт өкілдері жетерлік. Қазіргі 

спортшылардың ішіндегі Александр Вино-

куровтың өзі бір төбе емес пе?! Сон дай-ақ 

Солтүстік Америкадағы Ұлттық хоккей ли-

гасында ойнап жүрген Николай Антроповқа 

да осыдан біраз уақыт бұрын қатты риза 

болғанбыз. 2008 жылы Ресей құрамасы 

әлем чемпионатының Квебекте өткен фи-

налында Канада хоккейшілерін жеңіп, ал-

тынмен апталған. Сонда бір журналист 

Антроповтан: «Ресей құрамасы чемпион 

болғанда, қуандыңыз ба?» — деп сұрапты. 

Сонда Ник: «Мен неге басқа мемлекеттің 

жеңісіне қуануға тиіспін, менің Отаным – 

Қазақстан», – деп кесіп айтқан еді.

Н.Ким, В.Люкин, В.Новиков, Ю.Цапенко (бәрі де – спорттық гимнастика); А.Колесов, 

Н.Ким, В.Люкин, В.Новиков, Ю.Цапенко (бәрі де – спорттық гимнастика); А.Колесов, 

В.Резанцев, А.Быков, Ю.Мельниченко, В.Бакулин, А.Назаренко, Г.Цурцумия, М.Манукян 

В.Резанцев, А.Быков, Ю.Мельниченко, В.Бакулин, А.Назаренко, Г.Цурцумия, М.Манукян 

(грек-рим күресі); В.Кравченко, О.Антропов, Н.Смолеева, Е.Чебукина, О.Кривошеева, 

(грек-рим күресі); В.Кравченко, О.Антропов, Н.Смолеева, Е.Чебукина, О.Кривошеева, 

Т.Меньшова (волейбол); Н.Ольхова, В.Тихоненко, И.Герлиц (баскетбол); В.Жиров, 

Т.Меньшова (волейбол); Н.Ольхова, В.Тихоненко, И.Герлиц (баскетбол); В.Жиров, 

В.Демьяненко, Г.Головкин, А.Мирошниченко (бокс); А.Иванов, И.Байрамуков, Г.Лалиев, 

В.Демьяненко, Г.Головкин, А.Мирошниченко (бокс); А.Иванов, И.Байрамуков, Г.Лалиев, 

Т.Тигиев, М.Муталимов, Е.Шалыгина (еркін күрес); В.Муравьев, В.Савин, О.Шишигина, 

Т.Тигиев, М.Муталимов, Е.Шалыгина (еркін күрес); В.Муравьев, В.Савин, О.Шишигина, 

В.Солдатенко, Т.Лесовая, Г.Егоров, Д.Карпов (жеңіл атлетика); Ю.Зайцев, В.Мазин, 

В.Солдатенко, Т.Лесовая, Г.Егоров, Д.Карпов (жеңіл атлетика); Ю.Зайцев, В.Мазин, 

А.Храпатый, И.Ильин, С.Филимонов, И.Некрасова, А.Важенина, М.Грабовецкая (ауыр 

А.Храпатый, И.Ильин, С.Филимонов, И.Некрасова, А.Важенина, М.Грабовецкая (ауыр 

атлетика); В.Минеев, А.Парыгин (қазіргі бессайыс); Е.Яровенко (футбол); С.Котенко 

атлетика); В.Минеев, А.Парыгин (қазіргі бессайыс); Е.Яровенко (футбол); С.Котенко 

(ватерпол); В.Абоимов, К.Петров (жүзу): А.Винокуров (велоспорт); С.Беляев, В.Вохмянин 

(ватерпол); В.Абоимов, К.Петров (жүзу): А.Винокуров (велоспорт); С.Беляев, В.Вохмянин 

(нысана көздеу); И.Валетов (семсерлесу), М.Азизов, А.Гончаров, Ф.Зигангиров, 

(нысана көздеу); И.Валетов (семсерлесу), М.Азизов, А.Гончаров, Ф.Зигангиров, 

С.Айрапетян, А.Мясников, М.Нечипуренко (көгалдағы хоккей) және В.Смирнов, 

С.Айрапетян, А.Мясников, М.Нечипуренко (көгалдағы хоккей) және В.Смирнов, 

И.Гаранин, В.Сахнов (шаңғы жарысы); Борис Александров (шайбалы хоккей), 

И.Гаранин, В.Сахнов (шаңғы жарысы); Борис Александров (шайбалы хоккей), 

Л.Прокашева (конькимен жүгіру); Е.Хрусталева (биатлон)

Л.Прокашева (конькимен жүгіру); Е.Хрусталева (биатлон)

Әзиз ЖҰМАДІЛ

Нұрғазы САСАЕВ

– Қазақ телевизиясына 1972 жылы 

келіп, сонда 2003 жылға дейін еңбек ет-

тім. Кеңес Одағы кезінде талай білікті ма-

мандармен араласып, кейін біраз шәкірт 

тәрбиелеп шығардым. Олардың қатарында 

«Хабар» телеарнасындағы спорт бөлімінің 

редакторы Амангелді Сейітхан, «КТК» 

телеарнасының спорт журналисі Төлеген 

Жұмабеков бар. «Рахат» телеарнасында 

қызмет атқа ратын Ақын Ордабайұлы да 

– өз шә кіртім. Сондай-ақ жақында ғана 

Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жүлдеге 

ие болған Телжан Күдеров те менің 

тәрбиемнен өткен. Қазір қарап отырсам, 

бұлардың барлығы да спорт журналисти-

касында өз орнын тапқан бі лікті маман-

дарға айналыпты.



– Рабат аға, қазақ тіліндегі спорт 

ком 

ментарийінің негізін қалау 

шы-

лардың бірі ретінде бүгінгі спорт ком-

ментаторлығына өз көзқарасыңыз ды 

білдірсеңіз...

– Өкінішке қарай, соңғы кездері Аман-

гелді Сейітханға комментаторлықты аз 

беріп жүр. Әйтпесе Амангелді – өз ісінің 

нағыз шебері. Қай кезде қалай сөйлеу ке-

рек екенін біледі. Соңғы кездері «Қазақ-

стан» ұлттық арнасының спорттық репор-

таждарын жүргізіп жүрген Есей Жеңіс-



Комментаторлардың ұстазы

Қазақ телевизиясына, 

оның ішінде спорт ком-

ментатор лығына 33 жыл 

ғұмырын арнаған Рабат 

Жәні беков ағамыз жақын-

да өзінің 67 жасын атап 

өтті. Осыған орай, май-

тал ман ағамызбен сұх-

баттасуды жөн көргенбіз. 

Сөйтсек, Рабат ағамыздың 

бүгінгі спорт тық коммен-

тарий жө нінде айтары көп 

болып шық ты. Туған күн 

иесін құттықтаған соң, сөз 

кезегін Ра бат ағаның өзіне 

берген едік.

ұлында да ширақтық бар. Сондай-ақ Ақын 

Ор дабайұлы да репортаждарды жақсы 

жүргізе алар еді.



– Жалпы, сіздің ойыңызша, бүгінгі 

қазақтілді спорт комментаторларына 

не жетіспейді?

– Бізге комментаторларды дайын-

дайтын мектеп ашу керек. Ол жоғарғы оқу 

орнында арнайы пән ретінде өтсе, тіптен 

жақсы. Сөйтіп, спортқа зейіні бар жас-

тардың басын қосып, оларды коммен-

таторлыққа баулу керек.

– Рабат аға, сіздердің кездеріңізде 

спорттық репортаждарды жүргізу оңай 

болған шығар. Өйткені комментатор-

ларды сынайтын сіз сияқты ағалар көп 

болған жоқ қой...

– Керісінше, қайта біздің кезімізде қа-

зақша репортаждар жүргізу қиын болды. 

Кейбір спорттық терминдердің қазақша 

баламаларын таппай қиналатынбыз. Бү-

гінде қолданыста жүрген көптеген термин-

дерді сол кезде біз ойлап тапқанбыз.

– Сіздердің кездеріңіздегі коммен-

та торлық пен қазіргі кездегі коммен-

таторлықты салыстырып көрсеңіз...

– Жалпы, өз басым бір комментатор-

дың бірнеше спорт түрінен репортаж жүр-

гізгеніне қарсымын. Мәселен, футбол 

ойынын аяқдопты жақсы меңгерген ком-

ментатор жүргізуі керек, бокс спортын 

бокс ке қызығушылығы бар комментаторға 

беру керек деп ойлаймын. Біздің кезімізде 

бізді бокске де, футболға да, қысқы спорт 

түрлеріне де тықпалай беретін. Сондықтан 

кейбір жағдайларда аздап қиналып қа-

латынбыз. Бірақ бұл мәселе әлі күнге дейін 

шешімін таппай келе жатқан сияқты.

– Ал бұрынғы спортшыларды ком-

мен таторлыққа дайындаса, қалай бо-

лар екен?

– Бұл тәжірибе көптеген елдерде бар. 

Мәселен, алысқа бармай-ақ көрші Ресейді 

алайықшы. Футбол мен теннис спортын 

жүргізетін Николай Озеров жас кезінде тен-

нисші болған, футболмен де айна лысқан. 

Сол сияқты футболды жүргізетін Владимир 

Маслаченко 1950 жылдары Кеңес Ода-

ғының керемет қақпашы ла ры ның бірі бол-

ған. Біз де сол тәжірибеге сү йеніп, бұрынғы 

спортшыларды  коммен  татор лыққа  шақыр-

сақ, ұтылмаймыз. Көбісі «Спортшылардың 

тіл байлығы аз» деп ойлауы мүмкін. Бірақ 

мен талай спортшы лармен араласып жүр-

мін. Қазақ тіліне ағып тұрған талай саң-

лақтарды білемін. Тек аздап тәжірибе жи-

наса, спортшылардың ком ментаторлық ты 

меңгеріп кете алатынына сенімдімін. Осы-

дан біраз жыл бұрын «Олимпиада ой-

ындарының жүлдегері Болат Жұмаділов 

«Хабар» телеарнасына спорттық коммен-

татор болып қызметке тұрады екен» деген 

жаңалықты естігенде, кәдімгідей қуанып 

қалғанмын. Бірақ, өкі нішке қарай, Болат 

ақыры  коммен та торлыққа  келмеді.

— Әңгімеңізге рақмет!

у ел сіздіктің қазығы етіп қадаған Қазақстан 

қоржынына бірінші болып Олимпиада ал-

тынын салған саңлақ. Жалпы, Олимпиа-

далық ойындарда жеті медаль жеңіп 

алған: 1 алтын, 4 күміс, 2 қола. Оның төр-

теуі егеменді Қазақстан елінің еншісіне 

жазылды: 1 алтын, 2 күміс, 1 қола. 

Атбасарлық ауыр атлет, марқұм Анато-

лий Храпатыйдың да ел абыройы үшін 

сіңірген еңбегі аз емес. Еліміздің спорт 

басшылары Азия ойындары мен басқа да 

дүбірлі жарыстарда медаль керек болып 

қысылғанда, «Толик, медаль керек. Давай, 

енді өзің бірдеңе қыл» дегенде, бәлсінбей, 

белін бекем буып, зіл батпан темірді 

көтеруге шыққан кездері болған. Осындай 

есеппен Қазақстан қоржынына 1995 жылы 

Ташкенттегі Орталық Азия ойындарында  

— алтын медаль, ал 1998 жылы ХІІІ Азия 

ойындарында қола медаль салған. 2000 

жылы 37 жасында Сидней Олимпиадасы-

на да қатысты. 

1996 жылы Атланта Олимпиадасында 

Василий Жиров чемпион атанып, төрт 

жылда бір рет ең үздік боксшыға берілетін 

«Баркер Кубогын» иеленді. Туған қаласы 

Балқашқа келгенде, жергілікті халық 

Биылғы дода әдеттегідей Орталық 

ста дионның қосалқы алаңдарында емес, 

«Меркурий-Медет» сауықтандыру кеше-

нінде өтеді. Себебі Орталық стадион 

жөн деу жұмыстарына жабылған, қосал-

қы алаңдары бос емес. Ал «Меркурий-

Медет» сауықтандыру кешені М.Горький 

атындағы саябақтың іргесінде орналас-

қан. Алаңдары сапалы. Киім ауыстыратын 

және жуынатын жерлері де жақсы-ақ.

Осыған орай, 7 мамыр күні ҚР Ұлттық 

олимпиада комитетінің кеңсесінде ман-

даттық комиссия отырысы өтіп, Сейдағ аң -

ның атындағы дәстүрлі турнирдің жере-

бесі тартылады.

Айтпақшы, «биылғы турнир жыл-

да  ғыдан өзгеше болады» деп күтілуде. 

Қазақстан Республикасы Туризм және 

спорт министрлігінің Спорт комитетіне 

қарасты Штаттағы ұлттық командалар 

және спорт резерві дирекциясының бас-

па сөз қызметінің жетекшісі Ардақ То ғы-

мовтың мәлімдеуінше, биыл тек журна-

листер доп теппек. Жылдағыдай көлденең 

келген көк аттыларға жол жоқ.

Ендеше, жасыл алаңда жүздескенше, 

әріптестер!

Әлихан ЖАППАР

ФУТБОЛ


Журналистер 

доп тебеді

8-9 мамыр күндері Алматыда 

журналистер арасында 

Сейдахмет Бердіқұловты 

еске түсіруге арналған шағын 

футболдан дәстүрлі турнир өтеді.

Осыған байланысты АҚШ-тың Лас-

Вегас қаласында промоутерлер байқауы 

өтіп, жекпе-жекті ұйымдастыру құқығын 

Top Rank компаниясымен бірігіп жұмыс іс-

те ген Epic Sport Management компаниясы 

жеңіп алды.

Бірден айта кетейік, WBA тұжы ры-

мының жартылай ауыр салмағындағы 

әлем чемпионының белбеуі әзірге ие-

сіз тұр. Өйткені мұның алдындағы иесі 

Феликс Штурм супер чемпион құрметіне 

ие болған. Демек, қазақстандық сайып-

қыран үшін әлем чемпионы атанатын ке-

ремет мүмкіндік туып тұр. Рас, Мандин 

де оңай шағылар жаңғақ емес. Кәсіпқой 

бокс шаршы алаңында барлығы 41 жек-

пе-жек өткізіп, соның 38-інде жеңіс ке 

жеткен. Ал 23-інде айқасты айқын ба-

сымдықпен жеңген. Сәйкесінше, бокс-

шылар рейтингінде де Головкиннен 

жоғары, яғни бірінші орында тұр. Де-

генмен шетелдік мамандардың көбісі 

Головкиннің жеңісіне сенетін сияқты. 

«Бұл тұжырымның белбеуі қазақстандық 

саңлаққа бұйыруы тиіс», – дейді біра-

уыздан шетелдік мамандар. Сонымен 

Epic Sport Management компаниясы 

жек пе-жекті ұйымдастыруға 1 миллион 

210 мың АҚШ доллары көлемінде го-

но рар қойып отыр. Айқастың қандай 

нәтижемен аяқталатынына қарамастан, 

боксшылар гонорарды 50:50 шамасын-

да қылдай бөліп алатын болады.



Арсен ЖАНАДІЛ

КӘСІПҚОЙ БОКС



Головкин 

жекпе-жегі 

шілдеде өтпек

Қазақстанның маңдайалды 

кәсіпқой боксшысы Геннадий 

Головкин шілде айында авс тра-

лиялық Энтони Мандинмен WBA 

тұжырымының жартылай ауыр 

салмағында әлем чемпионы 

атағына таласатын болды. 

Нұрғис


а ЕЛЕУБЕК

ОВ (фо


то

)


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№72 (298) 6.05.2010 жыл, бейсенбі                  



www.alashainasy.kz

8

e-mail: info@alashainasy.kz

ДУМАН

№72 (298) 6.05.2010 жыл, бейсенбі                     



www.alashainasy.kz

8

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ



e-mail: info@alashainasy.kz

Ке

зекшi  ред



ак

тор – Бо


ла

тбек МҰХТ

АРОВ

Республикалық қоғамдық-саяси  ақпараттық газет

Бас редактор  – Серiк ЖАНБОЛАТ 

Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ  Бас ред

ак

тордың бiрiншi орынб



ас

ары


Мақсат ӘДIЛХАН  Бас ред

ак

тордың орынб



ас

ары


Айдын ҚАБ

А – ж


ау

апты х


атшы

Талға


т КIРШIБ

АЕВ  – 


ж

ау

апты х



атшының орынб

ас

ары



Нұрлыб

ай ИТЕКБ


АЕВ  – 

те

х.ред



ак

то

р



Күләш НАҚЫПОВ

А – 


аға к

оррек


тор, т

ел.: 


388-80-76

Га

зе



т 2008 жылдың 17 қар

ашасынд


а ҚР Мәдение

т және ақпар

ат

  

минис



трлiгiнде тiрк

елiп, бұқар

алық ақпар

ат

 құр



алын есепк

е қою 


ту

ралы №9650-Г  к

уәлiгi берiлг

ен.


Ре

дакция авт

орлар мақаласы мен ж

арнама мазмұнына ж

ау

ап 


бермейдi.

Авт


орлар қо

лж

азб



асы өңде

лмейдi және к

ерi қайт

арылмайды.

Көлемi екi к

омпью


терлiк бе

тт

ен (14 к



ег

ль) ас


атын ма

териалд


ар 

қабылд


анб

айды.


«Алаш айнасынд

а» ж


арияланған ма

териалд


ар мен с

уре


тт

ердi 


көшiрiп немесе өңдеп б

ас

у үшiн ред



акцияның ж

азб


аша рұқс

аты 


алынып, г

азе


тк

е сiлт


еме ж

ас

алуы мiнде



ттi.

Құрылтайшысы және меншiк 

иесi – «ТОЛҒАУ» ЖШС

Директор –  

Александр Филимонович АН

Та

ра



ту

 қызме


тi 

те

л.: 



8 (727) 388-80-88

Ж

арнама бөлімі



те

л.: 


8 (727) 388-81-00

Алма


ты  қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС 

Қалд


аяқов көшесi, 17-үй. Т

ел.: 


(727) 273-12-04, 273-12-54

Тапсырыс – №936

Ас

тана  қаласы «



Ас

тана-По


лигр

афия»,


Бр

усиловский көшесi, 87-үй. Т

ел.: 

(7172) 37-05-59

Тапсырыс – №624

Шымк

ент қаласы «Оңтүс



тiк по

лигр


афия» б

аспалар үйi» ЖШС

Байтұрсынұлы  көшесi, 18-үй. Т

ел.: 


(7252) 30-03-30, 30-03-31

Тапсырыс – №5017

Бағасы  к

елiсiмдi


Таралымы – 10 000 дана

Га

зе



т сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.

«А

ла



ш а

йн

ас



ы» г

аз

ет



е ж


аз

ыл

у и



нд

екс


i: 6

42

59



Ре

да

кц



ия

ны

ң ме



ке

нж

ай



ы:

 

Ал



ма

ты

 қ



ал

ас

ы,



05

00

51



, Б

ег

ал



ин

 кө


ш

ес

і, 1



48 а

Те

ле



фо

н:

 8(



72

7)

38

8-8

0-

60

, ф


акс

8(



72

7)

38

8-8

0-

61

e-

m



ail

inf



o@

alashainas

y.

kz

БҮГІН:

Шығуы 

 

        Ұзақтығы 

 

          Батуы

 05:39  

 

            14.20 

 

           19:59     

ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ 

ТОҚТЫ

Бүгінгі күннің жағымды 

жақтары басым, әсіресе ро-

мант икалық қатынастар үшін 

сәтті күн болмақ. Махаббат се-

зі  мінің толқытатын сәттерін бас-

тан өткізбесеңіз, соның жұл дыз-

ды сәті енді туды. Бірақ ой ла нбай 

әрекет етпеңіз.

ТОРПАҚ

Жеке өміріңізде өзіңіз 

күтпеген өзгерістер орын 

алып, тосын сыйлықтарымен 

сізді қуантпай қоймайды. Әсі-

ре се өмірінің соңына дейін 

бірге болуға бір-біріне серт бе р-

 ген жұптар үшін көңіл көте ріп, 

серуендеп қайтуға қолай лы 

күн.


ЕГІЗДЕР

Күш-жігеріңіздің  күрт   

тө мен деуі  көңіл  күйіңізге 

әсе рін тигізбей қоймайды. 

Сондық тан сіздің, әдетте, өмір-

ге келген нің өзін қуаныш санап, 

ашық-жар қын  жүретін  мінезіңіз 

бүгін, керісінше, өзгереді. Бірақ 

жұ м ы  с  қа  еш  кесірі  тимейді.

ШАЯН

Сізден бүгін талап етіле-

тін басты қасиеттер – тұрақ-

тылық пен еңбексүйгіштік. 

Атқаратын істер басыңыздан 

асады, оның бәрі сіздің уақыт 

бөлуіңізді қажет етеді. Егер ал-

дын ала құрып қойған кестемен 

жұмыс істесеңіз, дұрыс бола ды. 

АРЫСТАН

Осы күні күш-қуатыңыз 

тасып, белсенділігіңіз де бір-

шама арта бастайды. Таяу да 

ғана жүзеге асуы мүмкін емес 

болып көрінген ойыңызды қа-

зір еш қиындықсыз іске асыра 

аласыз. Ал бітірген жұмыстың 

тиісті жемісін жейсіз.

БИКЕШ

Кәсіби табыстарға жету ге 

бүгінгі күні мүмкіндігіңіз 

мейлінше мол. Алайда ма-

ғы налы деген жеңістерге жағ-

дайдың сәтті қалыптасуынан 

емес, өзіңіздің қажырлы еңбе-

гі ңіздің арқасында жетесіз. Сіз ге 

ешкімнің қолдауы керек ем ес.

ТАРАЗЫ

Іскерлік белсенділігіңіз 

төмендеп, жұмысқа деген 

қы зығушылығыңыз да аза юы 

мүмкін. Күнделікті кәсіби мін-

детіңізді орындаудың өзі қиын 

соғатындықтан, шиеленіс 

кен 


мәселелерді шешу сізге тіп тен 

мүмкін емес іс секілді көрі неді. 



САРЫШАЯН

Күн жақсы болып қалып-

тасады. Тіпті керемет болуы 

да мүмкін, тек сіздің көңілі-

ңі з дің  құбылмалығы  кедергі 

кел тір месе болды. Кейде осы 

мі не зі ңіздің  кесірін  өзіңізге  де, 

өз  гелерге  де  тигізесіз.  Салқын-

қандылық сақтағаныңыз жөн. 

МЕРГЕН

Жемісті әрі жеңіске жет-

кізетін күн. Сіз асып-тасыған 

күш-қуатыңызды дұрыс ар-

на ға бағыттасаңыз, жақсы нә-

ти жеге жетіп, бейнеттің зейнетін 

көре аласыз. Жұмыста бәсеке-

лестеріңізді басып озып, қызмет 

сатысымен жоғарылайсыз. 

ТАУЕШКІ

Кәсіби көзқараспен алып 

қарағанда, бүгінгі күн сіз үшін 

өте күрделі. Қателік жіберіп 

алуыңыз мүмкін және оны тез 

арада түзету оңайға соқпайды. 

Мұның соңы қаржылық қиын-

дыққа, яғни кірістің азаюына 

се беп болуы да ықтимал.

СУҚҰЙҒЫШ

Сіз бүгін кез келген қиын-

дықты абыроймен жеңіп шы ға 

аласыз. Себебі сіздің осы күнгі 

аса иілгіштігіңіз бен икем ділігіңіз 

көп көмегін тигі зері өзі ңізге де 

белгілі. Ал биік шың дарды бағын-

дыруға қазір тал пын бай-ақ қой-

ғаныңыз жөн. 

БАЛЫҚТАР

Сізді қызықты күн күтеді. 

Жұлдыздар сізге жәрмең ке-

лерге барып, қоғамдық іс-

шараларға белсене қатысуға 

кеңес береді. Сондай-ақ кон-

фере нциялардан қалмай қа-

тыс қаныңыз абзал. Жаңа білім 

жинайсыз, жаңа таныстық ор-

на тасыз. 



Ауа райы

 

 



  

СІЗ ЕСТІДІҢІЗ БЕ?



Алманы тұрақты 

түрде жеп тұру 

ағзаның жасаруына 

септігін тигізеді. Мұны 

Ұлыбританияның Норич 

қаласындағы Тағам 

зерттеу институтының 

ғалымдары дәлелдеп 

берді.

Ежелгі адамзат 

өркениетінің құнды-

лық тарын  қойнына 

жасырып жатқан 

Мысыр жерінен тағы бір 

бірегей мүсін табылды. 

Архео логтердің 

айтуынша, ол – біздің 

дәуірімізге дейінгі 

221-205 жылда ры өмір 

сүрген IV Птоле мей 

патшаның тас сұл басы.

Алма адамды 17 жасқа жасартады екен Мысырдан тағы бір мүсін табылды

Мысыр көне жәдігерлер жө-

нін дегі Жоғарғы кеңесінің бас шы-

 сы  Захи  Хауасстың  мәлі ме тін ш е, 

арх ео логиялық  олжа  А  ле  к  са н д-

рия маңындағы Клео патра пат-

шайым бейітіне жүргі зілген қазба 

жұмыс тары кезінде табыл ды. Пто-

ле мей  патшаға  ар нал ған  мүсін 

қа ра  граниттен  со ғы лыпты.  Тари х -

тан белгілі, бұл патша Мысырды 

Алек сандр  Ма ке донский  жаулап 

алғаннан ке йін басқарды. Әулет-

тің негізін қалаушы І Птолемей 

Алексан др дың оң қолы болған. 

Клеопа тра патшайым – Птолемей 

әулетінің соңғы өкілі. Айта кетейік, 

ақпан айында Мысыр жерінен 

әйгілі перғауын ІІІ Аменхотеп 

мүсінінің басы табылған бола тын.

ИТАР-ТАСС-тың хабарлауынша, 

зерттеушілер алманың құрамында 

жүректі жасартып, қан айналымын 

жақсартатын, қорғаныш жүйесінің 

қорғау деңгейін арттыратын эпика-

техин полифенол атты күрделі хи-

мия лық зат бар екенін анықтаған. 

Бұл элемент қан тамырларының эла-

с ти касын да жаңартып, тамыр қабыр-

ға лары қатаюын 21 пайызға төмен-

де теді екен. Бұл жағдай адамды 

ин  фа р кт  пен  инсульт  сияқты  қауіпті 

аурулардан қорғайды. Еріктілердің 

қатысуымен жүргізілген зерттеу ке зін-

де алма шырынын тұрақты қолда на-

тын адамдардың өзге замандас та рына 

қарағанда,  17  жасқа  жас  кө  рі  не  тіні 

бел гілі болды. Ағылшын мамандары 

эпикатехин полифенол химиялық 

заты ның жабайы алма құрамында мол 

болатынын айтып отыр.

Сабақ үстінде:

– Керікте – 24, аюда – 28, ал адамда 32 тіс болады.

– Апай, сонда мен аюмын ба?

***


Қыз:

– Кешке маған кел. Үйде ешкім болмайды.

Жігіт:

– Үйде ешкім болмаса, нем бар...



***

Сот залында:

– Айыпталушы, сіз неге сұраққа сұрақпен жауап бересіз?

– Сіз неге олай деп есептейсіз?

***

Бір жігіт молдаға келіп, ақыл-кеңес сұрайды:



– Үйленейін деп едім.

– Үйлен.


– Бірақ мен ол қызды сүймеймін.

– Үйленбе.

– Бірақ ол байдың қызы.

– Үйлен.


– Ол қыздың жасы менен үлкен.

– Үйленбе.

– Молдеке, сіз немене біресе үйлен, біресе үйленбе деп 

жұмбақтап отырсыз?

– Өзің біл, айналайын, сен алмасаң, ол қызды өз балама ал ы п  

бере мін.

Әзіл-шыны аралас

Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ

СКАНВОРД


Егістік

жердің


бір тақ-

тасы


Жүк

көтергіш


техника

Жапон


дойбысы

Құрт


жаятын

жайма


Жолдас

Венгр


Жын, пері

Андриана


Гурцкая

Ан-22


Ағылшын

биі


Қыздар-

дың


әшекейі

Домбыра


бөлігі

Парашют


матасы

Жұбайлар


анасы

Үндістан.

діни-фило-

софиялық


ілім

Сырткиім


Байрақ

Делбе


Туыс

М.Шаханов

поэмасы

Нигерия


қаласы

Апа


Электромаг-

ниттік сәуле-

нің кванты

Жүгері


собығы

«Қанекей,

тілім, сөй-

леші» жыр

авторы

Карта


ойыны

Қосмекенді

жәндік

Сұлу


Газетіміздің №70 (296) санында жарияланған сканвордтың жауабы 

КӨЛДЕНЕҢІНЕН:

 

Мақам. Иса. Зебу. Жирен. Ажа Иек. Бренд. Ыза. Жосық. Ереже. Ырғақ. Өтіл. Ақым. Ғұн. Ла. Юнга. Идиш. 



ТІГІНЕН:

 

Шадияр. Ритон. Ене. Казеин. Жылға. Менеджер. Ғани. Миуа. Ысқақ. Жозы. Қыли. Маза. Ақы. Маш. 



Ежелгі

Спарта


дмқаны

Бақай


Тік беткей

Алаштың атаулы күні

• 1998 жылы Президент Н.Назарбаев Ақмола қаласының атын Астана 

деп өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды.

Туған күн иелері

Ілия Жақанов (1936) – жазушы, композитор, өнертанушы;

Төлен Қаупынбаев (1938) – жазушы;

Кеңесбай Әбенов (1941) – «Транстелеком» АҚ кәсіподақ төрағасы; 

Өмірғали Кенжебек (1942) – «Қазақстан теміржолы» ҰК 

президентінің кеңесшісі; 



Шолпан Қыдырниязова (1949) – Батыс Қазақстан облыстық 

тілдерді дамыту басқармасының бастығы, айтыс ақыны, Қазақстанның 

еңбек сіңірген мәдениет қызметкері; 

Рабандияр Маймақов (1949) – Алматы қалалық экономика және 

бюджетті жоспарлау басқармасы бастығының бірінші орынбасары; 



Мирғали Қонаев (1957) – геология-минерология ғылымының док-

то ры,  академик; 



Жаңыл Жонтаева (1958) – Қызылорда облыстық білім басқар ма-

сы ның  бастығы; 



Юрий Ромашов (1961) – Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық 

шаруашылығы комитетінің төрағасы; 



Ерлан Бекхожин (1963) – Президент телерадио кешенінің бас 

дирек торы; 



Марат Бекімов (1964) – Ақмола, Қарағанды облыстары және 

Астана қаласы бойынша аймақаралық жер инспекциясы бастығының 

орынбасары; 

Ескендір Әбсәләмов (1969) – Қаржы министрлігі Мамандарды 

дайындау, қайта дайындау және біліктілігін арттыру орталығының 

президенті; 

Әлібек Қадырбеков (1969) – Қостанай облысы бойынша салық 

департаменті бастығының орынбасары; 



Арман Тұрлыбек (1971) – Қарағанды облысы әкімінің орын баса ры.

Мерейлеріңіз үстем болып, 

мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы»

Белгілі есімнің белгісіз сыры

ІЛИЯ:  семит тілдерінен енген есім. Аудармасы жаратушы 

дегенді береді. Ал арабтар мен мұсылмандар арасында бұл 

есім «Ілияс» түрінде қолданылады. Бұл есім әдетте су иесі 

Ілияс пайғамбардың құрметіне қойылады. Ілияс та Қыдыр 

ата тәрізді жолаушылардың жебеушісі ретінде есептеледі. 

Мұсылмандар арасында Қыдыр, Ілияс есімі қатар аталады. 



Бөлiм редакторлары: Құб

аш МЕҢДIҒА

ЛИЕВ – с

аяси бюро, т

ел.: 

388-80-72

Берiк ӘШIМОВ – нарық, т

ел.: 

388-80-69

Қалд


ар КӨМЕКБ

АЕВ – қоғам, т

ел.:

 388-80-65

Алма


т ИСӘДIЛ – өрк

ение


т, т

ел.: 


388-80-64

Нұрғазы СА

САЕВ – дод

а (спор


т), т

ел.: 


388-80-74

Бо

ла



тбек МҰХТ

АРОВ – ж


аңалықт

ар, т


ел.: 

388-80-68

Қу

анышбек ҚАРИ – меншiк



тi 

тiлшiлер қосыны, т

ел.: 

388-80-62

Аймақтағы тiлшiлер:

Атыр


ау

 – Нарғыз ҒАБДУ

ЛЛИНА, т

ел.: 8702 5876587

Қар

ағанды – Серiк САҒЫНТ



АЙ, т

ел.: 8777 3909779

Қос

танай – Алмагүл СҰЛТ



АНОВ

А, т


ел.: 87774067903

Қызылж


ар – Ерб

ақыт АМАНТ

АЙ, т

ел.: 8 7054418255



Қызылорд

а – Әділж

ан ҮМБЕ

Т,

 те



л.: 87777054466

Өск


емен – Елмейір А

ХМЕД, т


ел.: 87775797090

Шымк


ент – Шадияр МО

ЛДАБЕК, т

ел.: 8705 9877799

Астана филиалы: Мек

енж


айы: Сейфу

ллин көшесi, 31

Те

л.:


 +7 (7172) , 54-27-31

E-mail: aa_as

tana@mail.ru

Айбын ШАҒА

ЛАҚОВ – 

ст



ана филиалының ж

ет

екшiсi)



Мұр

ат

 А



ЛМА

СБЕКҰЛЫ – тiлшi

Салт

ан СӘКЕН – тiлшi



Бүркiт НҰР

А

СЫЛ – тiлшi



Сб

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сб

Жк



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сб



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

Мамыр

1

2



3

4

5



6

7

8



9

10

11



12

13

14



15

16

17



18

19

20



21

22

23



24

25

26



27

28

29



30

31

 +22+24



о

 

 +11+14

о

 

+18+20

о

 

 

+12+14



о

 

+26+29



о

 

 

+11+14



о

 

+22+24



о

 

   +12+14

о

 

+26+28



о

 

 

+13+15



о

 

 +20+23



о

 

 

+13+15



о

+21+23

о

 

 +14+16

о

 +23+26

о

 

 

+14+16



о

         



+21+23

о

 

 

+13+15



о

 +24+26

о

 

  +14+16

о

 

+27+29



о

 

 

+16+18



о

 

+23+27



о

 

+13+16

о

+20+23

о

 

 +5+7

о

+22+24

о

 

 +10+13

о

 

+19+22

о

 

 +6+8

о

 

+22+24

о

 

+11+13

о

+23+25

о

 

 +12+14

о

+17+19

о

 

+4+5

о

«МЫҢ БІР КӨЛІК» ХИКАЯСЫ



Вокзалға әрең жеттім

Құрметті оқырман! 

Құрметті оқырман! 

«Алаш айнасы» «Көлік хикаялары» атты жаңа жоба 

«Алаш айнасы» «Көлік хикаялары» атты жаңа жоба 

аясында қысқа әңгімелерге бәйге жариялайды. 

аясында қысқа әңгімелерге бәйге жариялайды. 

Биыл қыста Астанаға жиналып, билетте белгі-

ленген күні жолға шықтым. Алматының көшесіндегі 

машиналар кептелісі белгілі. Таугүл ықшамау да-

нынан бірінші теміржол вокзалына жеткенше та-

лай жер. Ертерек жете берейін деп, үйден үш сағат 

бұрын автобуспен шықтым. Абай көшесінде мен 

отырған 34-автобус пен арттан қосылған 35-авто-

бус бір-бірімен тіресіп келе жатып, ақыры бір-бірі-

нің айнасын сындырып тынды. Одан түсіп алып 

«раз боркаға» көшсін. Автобус толы адам, біреулері 

шығып кетіп жатыр, кейбіреулері отыр дегендей. 

Мен шамалы күттім де, соңымыздан келе жатқан 

бас қа автобусқа ауысып отырдым.

Бүгін әншейіндегідей емес, ерекше кептеліс 

екен. Жүріп келе жатырмыз дегеніміз болмаса, ең-

бек теп келе жатқан сияқтымыз. Ілгері жылжығанда 

– артқа жапырылып, тежегішті басып қалғанда – 

алға лықсып, ырқылдаған кібіртік жүріспен Сей-

фул лин көшесіне де жеттік. Бұл көшеде де жүрісіміз 

мандымады. Райымбек көшесіне жеткенде сағатқа 

қарасам, пойыздың жүруіне 45 минуттай уақыт 

қалған екен. Мынадай жүріспен вокзалға жете 

алмайтын түріміз бар. «Қой, бұлай болмас» дедім 

де, автобустан түсіп, таксиге отыруыма тура келді. 

«Уһ» деп енді көңілім жайланғандай. Таксиге 

отыр ған соң жүргізушіге пойызға үлгеруіміз керек 

екенін ескертіп қойдым. Жеңіл машинаның аты – 

жеңіл машина. Жүргізуші машина-машиналардың 

арасымен қисынын тауып, тоқтамай жүріп келеді. 

«Ойпырым-ай, әлгі автобустан түспей отыра бер-

генде, пойызға үлгермей қалатын едім. Сонда не 

болатын еді? Айдана мен Әйгерім болса каникулды 

бірге өткізетін болдық деп қуанып, менің келуімді 

асыға күтіп жүргенде» деп үрейлене ойлап қоя-

мын. Ойға шомып отырып вокзалға жақындап 

қал ғанымызды да білмей қалыппын. Бір қарасам, 

жүрмей тұрмыз. Сөйтсем, көлденең жатқан 

көшенің бойында ұзын-ұзын «рефрижератор» 

машиналар тұрып алыпты. Өздері көп, бес-алтау 

шамасында. Неге екені белгісіз, жүрмей тұр. Біз не 

айналып өтіп кете алмаймыз, не артқа шегіне ал-

май мыз, артымызда да – иін тірескен машиналар. 

Не түсіп қалып жаяу кете алмаймын. Әудем жерде 

тұрған вокзалға жете алмау не деген сұмдық! Са-

ғат қа қарасам, уақыт болып қалыпты. Бүгін не 

қыр  сық айналдырып кетті, өзі? Енді іштей Құдайға 

сыйына бастадым. Алла тағала тілегіңді аяқсыз 

қал дыр ған ба, әлден уақыттан соң алдымыздағы 

созалаңдаған ұзын көліктер жылжып жүре баста-

ды. Уақыт зырлап өтіп жатыр. Бір уақытта біз де 

ор ны мыздан қозғалдық. Вокзалға жеткеннен 

вагон ға дейін екі өкпемді қолыма алып, жүгіріп 

же тіп үлгердім-ау. Мен де міндім, пойыз да қоз-

ғал ды. Енді бір-екі минут кешіккенімде... жолдан 

қа лар  едім...



Елдана МҰСАХАНОВА,

Алматы

Document Outline

  • 1.pdf
  • 2.pdf
  • 3.pdf
  • 4.pdf
  • 5.pdf
  • 6.pdf
  • 7.pdf
  • 8.pdf


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет