Тамшылар!Бұл жаңбырғой!Бұл көктемнің алғашқы жаңбыры балалар.
Осы кезде әуенмен жаңбыр залға кіреді. Жаңбыр:
Алақай!Бұл- мен! Мен Жаңбырмын!Армысыңдар балалар мен аналар!Мен жер жүзіне көрік сыйлаймын,өсімдіктерді суарамын.Міне көктем де келіп жетті.Осы өлкеге келгеніме өте қуаныштымын.Ал сендер қуаныштысыңдарма? Көңіл күйлерің қалай?
Иә!Қуаныштымыз!
Жаңбыр:
Тамаша! Мен сендермен ән шырқаймын көңіл көтеремін ойыншылмын!Әсіресе билегенді ұнатамын.
Жүргізуші:
Жаңбыр біз де биді жақсы көреміз!
«Аспазшы» биі -Тамаша!Бұл билерің маған қатты ұнады.
Балалар,мен қыс мезгілінде аппақ қар болдым,ал көктем мезгілі келісімен жылы жаңбырға айналдым.
Балалар,сендер аналарыңа көмектесесіңдер ме?
Жүргізуші:-Біздің балалардың барлығы аналарына ылғи көмектесіп жүреді.
Жаңбыр: Ойын Шарты мынадай: Қәзір мен екі баламен ортаға шығарып,жаюлы тұрған орамалдарды жылдам жинап беруді сұраймын .Әйтпесе менің тамшыларым орамалдарды сулап тастайды.
11.Ойын. «Үздік көмекші» Жүргізуші:
Айттымғой Жаңбыр!Балаларымыз өте ақылды,қамқор!
Жаңбыр:Иә,риза болып тұрмын. Жүргізуші: Балалар, аяулы, ең қамқор адам кім?
Әрине анамыз.Ендеше анамызға арнап өлең шумақтарын арнасақ,
1 бала.Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым!
2 бала.Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз