Қанат Жүнісов Алғашқы махаббат (комедия) Кейіпкерлер


Айбол: Бар-бар, жолыңнан қалма. Айтпақшы, күзде тойға кел. Қайыржан



бет19/24
Дата14.10.2023
өлшемі56,75 Kb.
#114624
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Айбол: Бар-бар, жолыңнан қалма. Айтпақшы, күзде тойға кел.
Қайыржан: Жүріңіз, ақырын, ағасы оянып кетпесін. (Қайыржан Айболды терезенің астына апарып, төрт аяқтап тұрғызып қойды.)
Қайыржан: Бастаңыз.
Айбол: Мияу, мияу......мияу....мияу....Әй, қашан шығады?
Қайыржан: Дұрыстап қаттырақ мияулаңыз. Естімей жатыр.
Айбол: Мияу, мияу...., мияу-мияу... Әй, бала, маңайға мысықтар қаптап кетті.
Қайыржан: Сіз ұрғашы мысықтың емес, еркек мысықтың дауысын салсаңызшы.
Айбол: Еркек мысық болайын ба? (дауысын жуандатып)Мояу-мояу.... мояу-мояу...
(Осы кезде Гүлзат терезені ашады)
Гүлзат: Брис!
Айбол: (атып тұрып)Сәлеметсіз бе, қарындас?
Гүлзат: Мама! (Терезені жаба қояды. Қайыржан итті айттақтайды.(иттің дауысы) Айбол қашып қақпаға барғанда, бұрыштан Қанат шығады.)
Қанат: (дауысын өзгертіп) Бұл кім ей? Иттің баласы. Ой әкеңнің. Мойнақ айт-айт.
(Бітін бүркеп алған Қанаат Айболды шыбықпен шықпырта жөнеледі. Кері қарай қашқанда ит арсылдайды. Айбол қашқан бойда қақпадан секіреді. Қанат пен Қайыржан алысырақ кетіп қалады)
Қайыржан: Айбол байқұс оңбай алданды. Өзі нағыз кеңкелес. Қашан көрсең мазақ болады да жүреді. Қатырдық, айтсаң сене қоймас. Қанат, бірақ мұндайлардың ашуы жаман болады дейді. Сезіп қойып әкемізді танытып жүрмесін.
Қанат: Е, Мойнақ тістеген жері жазылғанша келе қоймас. Келсе келе берсін.Ертең кешке қаладан нағашы ағам келеді. Көптен бері хабарласпаған еді. Әскерде болыпты, десант дейді. Аты Батыр. Десант болса жақсы төбелесетін шығар. Сол келсін, қажет болса соған айтамыз.
Қайыржан: Айболға күлемін деп түнімен ұйықтамайтын шығармын.
Қанат: Не болса, ол болсын. Менің көңілім орнығып қалды. Қой кетейік, таң атып кетер. Қайыржан, Батыр келгенше Айболға көрінбей-ақ қояйық. Кім біледі? Сақтықта қорлық жоқ.


Келесі көрініс. Қайыржанның ауласы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет