Келесі көрініс.
(Арада біршама уақыт өткен. Қанат Гүлзаттың ауласына келіп мұңайып тұр. Көңілінде сол баяғы қыз.)
Қанат: (бар дауысымен) КА-А-ТЯ-Я!!!
(Есік ашылып далаға бір қыз шығады. Бұл Гүлзатты ойнаған актриса. Тек киімі, шаш үлгісі басқа.)
Қыз: Мені шақырған сіз бе?
Қанат: Сіз кімсіз?
Қыз: Катямын.
Қанат: Катя?
Қыз: Шын атым Камилә. «Катя» деп атап кеткен. Қонаққа келдім, Гүлзаттың сіңлісімін.
Қанат: Катяның сіңлісінің де аты Катя ма?
Катя: Түсінбедім. Мен Катямын, Сіз мені қайдан білесіз?
Қанат: О Катя, Катя оралдың ба?
Сен мендей сағынышқа орандың ба?
Айналып аққу құсқа махаббатым,
Шынымен оралдың ба, оралдың ба?
Катя: Не айтып кеттіңіз. Бұл өлеңді маған арнап тұрсыз ба? Қызық екен. Мынау ғашық болған адамның сөзі ғой.....
Қанат: Мүмкін..... Біз ақындар., Осындай боламыз!!
«Қоңырау көктем»
Сөзі: Қанат Жүнісовтікі
Әні: Нүркен Өтеуіловтікі
Алғаш орындаған – «Бәйтерек» тобы
Күндер зулап, жылдар өтті.
Бәрі, бәрі қас-қағымда.
Балалық шақ сіңіп кетті сағымға.
Қайырмасы:
Он жетінші көктем келді,
Гүл көмкерген омырауын.
Алтын ұя сол бір сәтте,
Соқты соңғы қоңырауын.
Балдай арман баурап алды,
Он жетінің гүл көктемін.
Сәби күлкім сен де қалды, мектебім.
Достарыңызбен бөлісу: |