Қанат Жүнісов Алғашқы махаббат (комедия) Кейіпкерлер


Қанат: Катя қай бөлмеде жатады екен ә, шіркін терезесінен сығалап көрсе. Қайыржан



бет17/24
Дата14.10.2023
өлшемі56,75 Kb.
#114624
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
Қанат: Катя қай бөлмеде жатады екен ә, шіркін терезесінен сығалап көрсе.
Қайыржан: Екінші терезе тұрған бөлмеде жатады.
Қанат: Оны қайдан білесің?
Қайыржан: Кейде сығалап қараймын.
Қанат: есің дұрыс па? Ол менің қызым ғой. Мен сені дос деп жүрсем.
Қайыржан: Бәрібір ештеңе көрген жоқпын. Төсегін салады да, бірден жарықта өшіріп тастайды. Шешініп жатама, киімімен жата ма ұқпайсың.
Қанат: Айбол? Ана, әлі үйленбей жүрген «көтерем әтеш» пе? Оған не жоқ.
Қайыржан: сол, сол «көтерем әтеш» тайық іздейтін болыпты.
Қанат: дәмесінің зорын қара. Катяның Қанат деген жігіті бар деп айтпадың ба?
Қайыржан: Өзің айт. Қара да тұр, ол дәл қазір ауланың сыртынан торауылдап жүрген болар. Келетін уақыты болды.
Қанат: Ей, мұны былай қалдыруға болмайды. Егер қазір келсе, бұл жаққа екінші аяқ баспайтындай қылып жіберейік. Ол өзі аздап жетіспейтін адам. Оны ақымақ қылу түк емес.
Қайыржан: Сонда не істейміз?
Қанат: Былай жасайық.Гүлзат пен кездестіреміз деп аулаға кіргізейікте, итті босатып жіберейік.
Қайыржан: Содан кейін?
Қанат: мен қақпаның тасасында тұрмын да, қасыма келгенде таяқпен ұрып-ұрып аламын.Сен мойнақты өршелендіріп қой.
Қайыржан: Мойнақ оны талап тастаса қайтеміз?


Қанат: Өлмейді. Ит қапқанынан өлген адамды көрген жоқпын
Қайыржан: Келістік. (қақпа сыртынан Айбол көрінеді. Екеуі алдынан шығады.)
Қанат: ассалаумағалайкум.
Айбол: Уа ға лайку у м.
Қанат: Бөтен қой іздеп жүрсіз бе?
Айбол: Қой іздетін мені қойшы деп пе едің?
Қайыржан: Тауық іздеп жүрген жоқсыз ба?
Айбол: Бала! Қыз іздеп жүрмін.
Қанат: Ағасы, сіз қыз іздегелі біраз жыл болған-ау шамасы.
Айбол: Сен білесің. Таңдау керек – таңдау. Маған мына үйдегі жас мұғалім Гүлзат сияқты қыз кезікпей жүр еді. Сыртынан сегіз рет көргеннен кейін ғашық болып қалдым. Үйленер болсаң, осындай қызға үйлену керек. Көктен іздегенім ауылдан табылып, күзде үйленетін болдым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет