Қанат Жүнісов Алғашқы махаббат (комедия) Кейіпкерлер


Айткүл: Соқ өтірікті, апай сенбеңіз. Соңғы қоңырауда олай құшақтасып, жабысып билемейді. Айналып билеу керек. Гүлзат



бет11/24
Дата14.10.2023
өлшемі56,75 Kb.
#114624
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24
Байланысты:
Алғашқы махаббат

    Бұл бет үшін навигация:
  • Қанат
Айткүл: Соқ өтірікті, апай сенбеңіз. Соңғы қоңырауда олай құшақтасып, жабысып билемейді. Айналып билеу керек.


Гүлзат: Балалар. Сендерге қарап таң қаламын, кейде қызығамын. Мектеп бітіргелі жастаңдар да балалықтарың қалмаған. Өздерің үлкен адамша ұстайтын кейбір балалар болмаса, көпшілігің әлі албыртсыңдар. Осы қылықтарыңды көргенде өзімнің мектеп бітірген кездерім көз алдыма келеді. Жасырын отырыс жасапсыңдар. Жоғарғы сыныпта мұндай оқиғалардың болып тұратынын ешкім жоққа шығара алмайды. Дегенмен, ар-ұяттан, аттамаңдар. Тәртіпті болыңдар. Ертең-ақ жан-жаққа кетесіңдер. Күндердің күнінде осы қылықтарыңды сағына отырып еске аласыңдар. Ал, шылыммен ішімдікке әуес болу- ең алдымен денсаулыққа зиян. Денсаулықтан артық байлық жоқ. Мен сендердің алтын ұяларыңнан қанаттанып, биікке ұшуларыңа тілектеспін. Және-сендер менің тұңғыш оқушыларым, тұңғыш түлектерімсіңдер. Бәріңді жанымдай жақсы көремін.


Қанат: Мен де.. ой, бәріміз сізді жақсы көреміз.


Гүлзат: Рахмет. Айткүл, жалғастыра бер.
Айткүл: Келесі Мерқұрманов Қанаттың тәртібі.
Қайыржан: Мына «атқыш» тағы бір оқ атайын деді.
Айткүл: Біздің ойымызша Мерқұрманов- бұзылған бала. Ол үнемі өзімен-өзі күбірлеп сөйлеп, терезеге қарап, қиялданып отырады. Және отырған жерінің бәріне «К» деген әріпті ойып жазып кетеді. Біз белсенді топ жақында сол «К» деген әріптің сырын аштық.


Қанат: Құрыдым.
Айткүл: Өткенде қолымызға Қанаттың қойын дәптері тиді.Байқауымызша ол «К» деген біреуді жақсы көреді, шамасы қыз болуы керек. Өйткені оған арнап, мынандай өлең жазған:
«К»- ға

«Саған қолым жетер ме,


Жалынсам да тәңірге.
Қандай дауа айтарсың,
Жүрек берген әмірге.
О махаббат, махаббат,
Ессіз еріп келемін,
Ерте оянған сезімге»


Гүлзат: Жетер. Айткүл. Бұл- Мерқұрмановтың жеке шаруасы. Ол жағына араласуға ешкімнің құқығы жоқ. Және біреудің қойын дәптерін рұқсатсыз оқу- үлкен қателік. Балалар, Қанат ақынжанды бала, сондықтан әсершіл, арманшыл болар. Өз басым Қанатты түсінемін. Мұқағали ақын бір сөзінде «поэзия махаббаттан басталып, парасатпен аяқталады» деген екен. Бәлкім, ол болашақта үлкен ақын болар. Алайда дәл қазіргі уақытта Қанатқа оқу жайын ойлау керек. Ақындықтың өзі білім болмаса, биік деңгейге ұласпайды. Менің айтарым, бір біріңе сын айта біліңдер, тек тырнақ астынан кір іздемегендерің абзал. Айткүл орныға отыр. Енді соңғы қоңырауда болатын би кешіне дайындаламыз. Кәсіпқой биші болмасам да би үйірмесіне қатысқанмын. Білгенімше, сендерге үйретемін. Сондықтан бой-бойларыңмен, бір қыз, бір ұлдан, жұп-жұпқа бөлінесіңдер. Қайыржан, кел сен Сайрамен билейсің. Қанат, сенің Айткүлмен билегенің дұрыс.. Сен, екеуің бірге...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет