Қанат Жүнісов Алғашқы махаббат (комедия) Кейіпкерлер


Жасболат: Ойбай ай, ойбай. Аяғым.., аяғым тартылып қалды. Айырып барады.. ой.. ой.. Гүлзат



бет9/24
Дата14.10.2023
өлшемі56,75 Kb.
#114624
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Жасболат: Ойбай ай, ойбай. Аяғым.., аяғым тартылып қалды. Айырып барады.. ой.. ой..
Гүлзат: Енді қайттік, қатты ауыра ма?


Жасболат: Иә. Жақындамаңыздаршы, ой ой ауырып барады. Арырақ тұрыңыздаршы.


Директор: Сабыр ет, гшыда. Мына орындыққа отыршы.
Жасболат: Жоқ, отырмаймын. Мұғалімнің орындығына оқушылар отыруға болмайды.


Гүлзат: Ештеңе етпейді отыра бер.


Жасболат: Құдай сақтасын. Сіздер одан де екеуіңіз бірге барып дәрігер шақырып келіңіздерші. Көрмей тұрсыздар ма, қиналып барамын.


Директор: Не болды сонша бажылдап. Жанының тәттісін қарашы. Қазір уқалап беремін.


Жасболат: Не дейсіз? Жо жоқ, рахмет. Сіз емес, сіз емес балаңыз уқаласын. Еділ, не қарап отырсың көмектессеңші...


Директор: Балам, то есть, Назаров, кел көмектес.


Еділ: Осылай уқалайын ба ?


Жасболат: (сыбырлап) Тез мамаңды алып кет.


Еділ: Қоңырау соғылған жоқ қой.


Жасболат: Ақымақ, тез алып кет мамаңды.
Еділ: Ол мені тыңдамайды.
Жасболат: Бол. Бір амалын тап.
Еділ: Мама, мен бағана үтікті тоққа қосып, қара басып ұмытып, өшірмей кетіппін.


Директор: Ойбу, үй өртеніп жатыр деші. Иттің ғана баласы, сен ақ сөйтесің де жүресің. Жүгір енді, не қарап тұрсың.


Еділ: өзіңіз барыңызшы. Мен Жасболатты қалай тастап кетемін.
Жасболат: Аяғым ай, аяғым.
Директор: Енді қайттім? Гүлзат айналайын мен кеттім, сен барып дәрігерді шақыр. Бұларға бірдеңе болып қалса, басымызбен жауап береміз. Әй, жүгірмек, бүлдіреді де жүреді. (Екеуі кетеді)


Жасболат: Уһ! (орындыққа отыра кетеді) Мынау неге құламайды? Өй атаңа нәлет орындық, төрт аяқ!


Еділ: Қане, мен отырып көрейінші. (құлап түседі)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет