Анатомия – 120 ом


Самай сүйек, өзектері, олардың маңызы



бет23/142
Дата07.06.2023
өлшемі331,08 Kb.
#99555
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   142
20. Самай сүйек, өзектері, олардың маңызы.
1. Бет өзегінің – canalis facialis – құрамы ымдау бұлшықеттерін нервтендіретін бет нерві. Өзектің жолы: ішкі есту жолының түбінен бастап, горизантальды, латеральды және алға жүріп, үлкен тастық нерв өзегінің саңылауына жетіп, бұрылып тізе түзіледі. Кейін горизантальды, латеральды және артқа бағытталады. Пирамидальді көтеріңкіге жетіп төмен түседі, біз-еміздікше тесігімен аяқталады.
2. Ұйқы өзегі – canalis caroticus. Самай сүйегінің төменгі беткейіндегі сыртқы тесімен басталады. Жоғары жүріп, 900 –қа бұрылады. Кейін горизантальды, медиальді және алға қарай жүреді де ішкі тесікпен аяқталады. Құрамы ішкі ұйқы артериясы.
3. Бұлшықет-түтік өзегі canalis musculotubarius – ұйқы өзегінен латеральды орналасып, екі бөліктен тұрады:
- semicanalis tubae auditivae – өзектің 2/3 бөлігін алады, дабыл қуысын жұтқыншақтың мұрын бөлігімен байланыстырады, дабыл жарғағының екі жағындағы қысымды теңестіреді.
- semicanalism.tympani - өзектің 1/3 бөлігін алады, құрамы: дабыл жарғағын қатайтушы бұлшықет.
4. Дабыл шектерінің өзекшесі – canaliculi chordae tympani. Бет өзегінде, біз-еміздікше тесіктен бірнеше мм жоғары басталып, алға жүріп, дабыл қуысының артқы қабырғасынан өтіп, тастық-дабыл саңылауынан аяқталады. Құрамы: тілдің дәм сезуін анықтайтын дабыл шегі.
5. Дабыл өзекшесі – canalis tympanicus. Құрамы: дабыл нервісінен кейін кіші тастық нервісіне жалғасады. Самай сүйегінің тастық бөлігінің төменгі беткейінен тастық шұңқырынан басталып, жоғары көтеріледі. Кейін дабыл қуысының төменгі беткейіне өтіп, дабыл қуысының медиальды қабырғасы бойы жүріп, мүйіс саласында жатады. Содан соң дабыл қуысының жоғарғы қабырғасынан өтіп, кіші тастық нервтің саңылауында аяқталады.
6. Еміздікше өзекшесі – canaliculus mastoideus. Мойындырықтық шұңқырдың артқы қабырғасынан өтіп, бет өзегін қиып өтеді де, дабыл-еміздікше саңылаудан өтеді.
7. Ұйқы-дабыл өзекшесі – canaliculi caroticotympani. Ұйқы өзегінің төменгі бөлігінен басталып, дабыл қуысында аяқталады. Бұл өзекшелер арқылы ұйқы – дабыл артериялары өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет