Анатомия – 120 ом


Дабыл қуысы, қабырғалары, құрамы, қатынастары, отит кезіндегі асқынулар



бет24/142
Дата07.06.2023
өлшемі331,08 Kb.
#99555
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   142
21. Дабыл қуысы, қабырғалары, құрамы, қатынастары, отит кезіндегі асқынулар.


Дабылдық бөлік - pars tympanica дабылдық бөлікті төменнен және артынан сыртқы есту тесігі - porus acusticus externus шектейді, ол өзінің бос жиегімен қабыршақтык бөлікпен және самай сүйектің емізіктік өсіндісімен бітісіп, дабыл-қабыршақтық және дабыл-емізіктік саңылаулар түзеді. Дабыл-кабыршақтық саңылауға пирамиданың алдыңғы бетіндегі өсінді еніп, оны параллель саңылауға: тасты-қабыршақтық fissura petrosquamosa және тасты-дабылдық саңылауға fissura petrotympanica бөледі.
Дабыл қуысының алты қабырғасы бар:
1. Алдыңғы – ұйқы қабырғасы – paries carotis – ол ұйқы өзегінен бөледі.
2. Жоғарғы – paries superior, tegmen tympani – дабыл қуысының төбесі.
3. Артқы, еміздікше қабырғасы – paries mastoidae – дабыл қуысын еміздікше өсіндінің қойнауларынан бөледі.
4. Төменгі, мойындырықтық қабырғасы – paries jugularis. Мойындырықтық шұңқырды ішкі мойындырықтық венадан бөледі.
5. Медиальды, лабиринттік қабырға – paries labyrintis – дабыл қуысын ішкі құлақтың лабиринті мен вестибулярлық аппаратпен бөледі.
6. Латеральді, жарғақтық қабырға - paries membranacae – дабыл қуысын сыртқы есту жолынан бөледі.
Дабыл қуысына инфекция енген кезде, дабыл қуысында түрлі іріңді қабыну туындауы мүмкін. Инфекция түсу нәтижесінде пайда болған ірің қуыстың алты қабырғасының біреуін зақымдауы мүмкін. Дабыл қуысының қабынуы – отит деп аталады.
Оттиттің асқынулары:
Дабыл қуысының жоғарғы қабырғасы зақымданса, ірің ортаңғы ми шұңқырына, ал жоғарғы қабырғасы зақымданса, ішкі ұйқы артериясының жолымен жоғары бас сүйегі қуысына немесе төмен мойынға ағуы мүмкін. Артқы қабырғасы зақымданған жағдайда, еміздікше өсіндінің қойнауларының аралығы бұзылады. Бұл жағдайда Шипо үшбұрышы тұсында бассүйегіне трепанация жасайды. Төменгі қабырғасы зақымданса ірің ішкі мойындырықтық вена жолымен төмен мойынға өтуі мүмкін. Егер медиальды қабырғасы бұзылса, онда вестибулярлық аппараттың тітіркену симптомы пайда болады (бас ауруы, бастың айналуы, құсу, жүрек айну). Дабыл қуысының латеральды қабырғасы зақымдалса, дабыл жарғағында тесік немесе перфорция болады. Ірің сыртқы есту түтігіне өтіп, құлақ құлығымен араласып, алтын түстес болады. Сондықтан халықтар арасында «золотуха» ауруы деп тараған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет