Анатомия – 120 ом


Дабыл шектерінің өзекшесі – canaliculi chordae tympani



бет25/142
Дата07.06.2023
өлшемі331,08 Kb.
#99555
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   142
Байланысты:
Анатомия

Дабыл шектерінің өзекшесі – canaliculi chordae tympani. Бет өзегінде, біз-еміздікше тесіктен бірнеше мм жоғары басталып, алға жүріп, дабыл қуысының артқы қабырғасынан өтіп, тастық-дабыл саңылауынан аяқталады. Құрамы: тілдің дәм сезуін анықтайтын дабыл шегі.
Дабыл өзекшесі – canaliculi tympani. Құрамы: дабыл нервісінен кейін кіші тастық нервісіне жалғасады. Самай сүйегінің тастық бөлігінің төменгі беткейінен тастық шұңқырынан басталып, жоғары көтеріледі. Кейін дабыл қуысының төменгі беткейіне өтіп, дабыл қуысының медиальды қабырғасы бойы жүріп, мүйіс саласында жатады. Содан соң дабыл қуысының жоғарғы қабырғасынан өтіп, кіші тастық нервтің саңылауында аяқталады.
Ұйқы-дабыл өзекшесі – canaliculi caroticotympani. Ұйқы өзегінің төменгі бөлігінен басталып, дабыл қуысында аяқталады. Бұл өзекшелер арқылы ұйқы – дабыл артериялары өтеді.
22. Сынатәрізді сүйек, бөлімдері, тесіктері, олардың маңызы.
Сынатәрізді сүйек –os sphenoidale –бас сүйектің негізінде, артында шүйде, алдында маңдай сүйегімен бірігеді. Сына сүйектің денесі – corpus, үлкен, кіші қанаттары – alae majores et minores, қанат тәрізді өсіндісі – processus pterygoideus бар.
Денесі – corpus – сына сүйектің ортасында орналасқан және қалқамен екі жартыға бөлінген. Алдыңғы бетінің ортасында сына тәрізді қырқасы – crista sphenoidale, оның жан жағында сына тәрізді қойнау тесігі – aperture sinus sphenoidalis орналасқан. Сына тәрізді қырқа төменнен құстұмсығына – rostum sphenoidale жалғасады. Денесінің латеральды бетінде әр жағынан ұйқы артериясының жүлгесі – sulcus caroticus орналасқан. Жүлгенің артында сына тәрізді сүйек тілшесі – lingual sphenoidalis бар. Ал, денесінің жоғарғы бетінде түрік ертоқымы sella turcica бар. Оның түбінде гипофиз безі орналасатын гипофиз шұңқыры – fossa hypophysialis орналасқан. Осы шұңқырдың алдында түрік ертоқымы төмпешігі – tuberculum sellae, ал оның алдында көру жүйкесі қиылысатын жүлге – sulcus prechiasmatis өтеді. Шұңқыр артынан түрік ертоқымының арқасымен- dorsum sellae шектелген. Оның жоғарғы ұштары артқы сына тәрізді өсіндіге - processus clinoideus posterior жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет