Анатомия – 120 ом



бет5/142
Дата07.06.2023
өлшемі331,08 Kb.
#99555
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   142
Байланысты:
Анатомия

6.Қабырғалар, құрылысы.
Қабырға – costa – кеуде торында 12 жұп қабырға бар, барлық 12 қабырғаның артқы ұшы кеуде омыртқаларының денесімен байланысады. Алдыңғы ұштары – алғашқы 7 қабырға (І-VII) төске шеміршек арқылы байланысқан. Оларды нағыз қабырғалар – costae verae – деп атаймыз. Одан кейінгі 3 қабырға (VIII,IX, және X) – сүбе, жалған қабырғалар – costae spuriae –бұлар шеміршек арқылы тікелей төске жалғанбайды, алдыңғы негізгі қабырғаның шеміршегіне қосылады.
Соңғы XI-XII қабырғалардың алдыңғы ұштары бос болады, олар қозғалмалы, кезеген қабырғалар – costae fluctuantes. Қозғалмалы қабырғалар басқаларға қарағанда қысқалау және төс сүйекпен байланыспайды. XII қабырға жұбы рудименттік түзіліс ретінде басқа қабырғаларға қарағанда күштірек өзгереді.Осы қабырғаның екі пішіні ажыратады: қылыш тәрізді, яғни ол ұзын қабырға төмен қисайған және үш қырлы кішкене қанжар тәрізді – оның кішкене қысқа қабырғасы горизантальды орналасқан. 12 қабырға кейде болмауы да мүмкін.
Қабырғалар – costae – жіңішке, иілгіш табақшалар. Артқы ұзындау бөлігі ұзын кеуекті сүйектерге жататын сүйектен – os costales, алдыңғы қысқалау бөлігі шеміршектен - cartilago costalis тұрады.
Құрылысы: сүйектік бөлікте басы – caput costae, жіңішкерген жерінде – мойыны – collum costae, мойыны жалпақ және ұзын бөлігі – денесіне ауысады - corpus costae. Қабырға мойынының денеге өтер жерінде – қабырға бұрышы – angulus costae түзіледі. Осы жерге сәйкес кеуде омыртқаларының көлденең өсіндісіндегі қабырғалық шұңқырмен буындасатын буындық беті бар – қабырға төмпешігі – tuberculum costae - орналасады.
II-XII қабырғалардың сыртқы, ішкі беттерін және жоғарғы, төменгі жиектерін ажыратамыз. Қабырғаның ішкі бетінің төменгі жиегінде қан тамырлар мен жүйкелер іздерінің орны – қабырға жүлгесі –sulcus costae бар.
Ал, бірінші қабырғаның жоғарғы және төменгі беттері, сыртқы, ішкі жиектері бар. Денесінің жоғарғы бетінде алдыңғы сатылы бұлшықеттің төмпешігі – tuberculum musculi scaleneus anterior орналасқан. Осы төмпешік бұғана асты тамыр жүлгесін – sulcus venae subclaviae – бұғанаасты артерия жүлгесінен – sulcus arteriae subclaviae бөліп тұрады. ХІ-ХІІ қабырғалардың мойыны, бұрышы, жүлгесі, төмпешігі және қабырға басының қырқасы болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет