Анатомия – 120 ом


Білек сүйектері : құрылысы



бет9/142
Дата07.06.2023
өлшемі331,08 Kb.
#99555
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   142
Байланысты:
Анатомия

9.Білек сүйектері : құрылысы
Білек сүйектері – ossa antebrachii медиальды орналасқан шынтақ жілік сүйегі - os ulna, датеральді орналасқан кәрі жілік сүйектерінен - os radius тұрады. Пішіні түтік тәрізді сүйектерге жатады.
Шынтақ жілік сүйегі- os ulna – ұзын түтікше сүйек. Денесі – corpus ulnae, оның 3 қыры бар: алдыңғы қыры – margo anterior, артқы қыры – margo posterior, сүйек аралық қыры - margo interosseus.
Алдыңғы бетінің – facies anterior – проксимальді бағытта сүйектің қоректік өзекшесінің тесігі – foramen nutricius және шынтақ жілік сүйегінің бұдыры – tuberositas ulnae орналасады.
Артқы беті – facies posterior – артқы қапталға қарай бағытталған, медиальді беті - facies medialis ішкі қапталға қарап орналасқан.
Проксимальді, дистальді эпифиздерін ажыратамыз.
Проксимальді эпифизі – epiphysis proximalis – шынтақ сүйек өсіндісін – olecranon құрайды. Өсіндінің алдыңғы бетінде шығырлық тілік – incisura trochlearis, төмен,алға қарай тәждік өсінді – processus coronoideus орналасқан.
Кәріжіліктік тілік – incisura radilalis тәждік өсіндінің кәрі жілікке қараған бетінде орналасады. Осы тіліктің артында шынтақ буынын сыртқа бұрғыш бұлшықетінің қырқасы – crista supinatorius орналасқан.
Дистальді эпифизі – epiphysis distalis – жұмырланып, шынтақ жіліктің басын – caput ulnae құрайды. Осының ішкі қапталынан төмен бағытта біз тәрізді өсінді –processus styloideus ulnae құрайды.
Кәрі жілік – os radius – түтікше ұзын сүйек. Шынтақ жіліктің латеральді жағында орналасады. Денесі, проксимальді, дистальді эпифиздері бар.
Алдыңғы қыры – margo anterior, артқы қыры - margo posterior, сүйек аралық қыры - margo interosseus.
Алдыңғы бетінің – facies anterior – проксимальді бағытта сүйектің қоректік өзекшесінің тесігі – foramen nutricium айқын көрінеді.
Артқы беті – facies posterior, медиальді беті - facies lateralis ажыратамыз.
Проксимальді эпифизінің – epiphysis proximalis – денесімен іргелес бөлігінде кәрі жіліктік бұдыр – tuberositas radii орналасқан.бұдырдан жоғары кәрі жілік мойны – collum radii, одан жоғарырақ - caput radii көрініп тұрады. Кәрі жілік басының жоғарғы бөлігінде буындық шұңқырша – fovea articularis, бүйірінде шеңбер бағытта орналасқан буын беті - circumferentia articularis айқын көрінеді.
Дистальді эпифизі – epiphysis distalis–жуандау болып келеді. Оның сыртқы беті дөңестеу және бұдырлы. Біз тәрізді өсінді – processus styloideus байқалады. Осы өсіндінің жанында дорзалдық төмпешік – tuberculum dorsale аралығында кәрі жілік білезік бұлшық еті батыңқылары –m.extensors capri radialis айқын байқалады.Сонымен қатар, кәрі жіліктің дистальді ұшының ішкі қапталында, шынтақ жіліктің басының буын бетімен беттесіп буын құрайтын шынтақ жіліктік тілігі – incisura ulnaris орналасқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет