Анатомия – 120 ом



бет7/142
Дата07.06.2023
өлшемі331,08 Kb.
#99555
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   142
Байланысты:
Анатомия

Жауырын сүйегі, os scapula, II — қабырға мен VIII — қабырға аралығында орналасқан, сыртқы пішіні үш бұрыш тәрізді жұп жалпақ сүйек , сыртқы пішіні үш бұрышты болып келуіне байланысты: үш қыры, үш бұрышы және екі беті ажыратылады.
1. Жоғарғы қыры, margo superior, жұқалау келген. Бұл қырдың бойында жауырынның жоғарғы тілігі, incisura scapulae superior, орналасқан. Мацерацияламаған сүйектерде жауырынның көлденең жоғарғы байламы, Іідатеп-lum transversum scapulae superius, арқ ылы бұл тілік, жауырын үстілік нерв, n.suprascapularis, пен қантамырлар өтетін тесікке айналады. Жоғарғы қырының латеральды бөлігінен жоғары қарай, одан әрі томен және сыртқа қарай бағытталынып, сыртқы пішіні құстың тұмсығы тәрізді өсіндіге, processus coracoideus ұласады.
2. Медиальды қырына келсек, margo medialis, ол жауырынның жоғарғы қырына қарағанда жіңішкелеу және ұзындау болып, вертикалді жазықтықтың бойында, омыртқа бағанасына, параллель бағытта орналасқан. Бұл қыр, адамның денесінің арқа жағынан қараганда айқын байқалады.
3. Жауырынның латеральды қыры, margo lateralis, қалыңдау болып, қолтық ойысына қарай бағытталған.
Сонымен қатар жауырынның үш бұрышы ажыратылады:
а) жоғарғы бұрышы, angulus superior, доғалдау болып, жоғары жэне медиальды бағытта, омыртқа бағанасына қарап орналасқан.
ә) төменгі бұрышы, angulus inferior, доғалдау болып төменгі жэне медиальды бағытта, омыртқа бағанасына қарап орналасқан.
б) латеральдық бұрышы, angulus lateralis, жауырынның басқа бұрыштарына қарағанда қомақтылау болып келген. Латеральдық бұрышының бетінде тоқпан жіліктің басы мен беттесетін иық буынын құрайтын буындық ойысы, cavitas glenoidalis, орналасқан. Сонымен қатар, бұл сүйектің латеральдық бұрышы жауырынның қалған бөлігінен жауырын мойыны, сollum scapulae, арқылы шектелген.

Бұғана сүйегі , os clavicula, сыртқы пішіңі латынның "S" әрпіне ұқсап орналасқан дербес сүйек. Бұл сүйектің денесі, corpus claviculae, және төс сүйегімен беттесіп буын құрайтын қомақтылау келген төстік ұшынан, extremitas sternalis, және жауырынның акромиальдық өсіндісі мен беттесіп буын құрайтын акромиальдық ұшынан, extremalis acromialis, тұрады
Денесінің, corpus scapulae, тегістеу келген жоғарғы беті, бұдырлау келген төменгі беті және алдыңғы, артқы қыры ажыратылады.
1. Бұғананың төстік ұшы, exтremits sternalis, қомақтылау келген. Бұл сүйектің төстік ұшында, ер тәрізді болып келген төстік буын беті, facies articularis, айқын көрінеді. Қызметі: төс суйегінің бұғаналық ойығымен беттесіп. Төменгі бетінде: қабырға — бұғана байламының lig.costoclavicularis, бекитін қабырға-бұғаналық батыңқысы, impressio costoclavicularis, орналасқан.
2. Бұғананың акромиальдық ұшы, extremitas acromialis, төстік ұшына қарағанда тегістеу және сәл жалпақтау келген. Мұнда: жауырынның акромиальды өсіндісімен беттесіп, буын құрайтын жалпақтау келген акромиальдық буын беті, facies articularis acromialis, төменгі бетінде құстұмсық-бұғана байламының, lig.coraco-clavicularis, бекитін трапеция тәрізді сызықшасы — linea trpezoidea, мен конус тәрізді байламның төмпешігі, tuberculum conoideum, айқын көрінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет