Анатомия – 120 ом



бет11/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   211
Байланысты:
Анатомия – 120 ом

8.Тоқпан жілік: құрылысы.

Тоқпан жілік, humerus, түтік тәрізді сүйектердің ішіндегі ең ұзын сүйектерге жатады.

Бұл сүйектің денесі, проксимальды және дистальды ұштары немесе эпифиздері ажыратылады.

1. Тоқпан жіліктің денесінің — corpus humeri, жоғарғы бөлігі жұмырланып келсе, төменгі бөлігі үш қырлы болып орналасқан. Сонымен қатар, денесінің төменгі бөлігінде бұл сүйектің, алдыңғы, медиальды және латеральды қырлары, margo lateralis, ажыратылады. Сонымен қатар, қырларының аралығында денесінің: алдыңғы-медиальды , алдыңғы-латеральды және артқы беттері ажыратылады.

а) Алдыңғы медиальды беті, facies medialis, денесінің алдыңғы аралығында орналасқан. Бұл беттің төменгі бөлігінде дистальды бағытта бағытталған, қандандырушы қантамырларының тесігі, foramen nutricium, орналасса, жоғарғы бөлігінде, дельта тәрізді бұлшықеттің — m.deltoideus, бұдыры, tuberiositas deltoidea, айқын байқалады.

ә) Артқы беті, facies posterior, алдыңғы латеральдық бетіне қарағанда өзгешелеу болып келген. Мұнда, жоғарыдан төмен және латеральды бағытта бағытталған кәрі жілік нервінің саласы, sulcus nerviradialis, айқын көрінеді.

б) Алдыңғы латеральдық бетінде айтарлықтай өзгешеліктер байқалмайды.

2. Тоқпан жіліктің жоғарғы немесе проксимальды ұшы, extrmitas superior seuepiphysis proximalis, дистальдық ұшына карағанда қомақтылау болып келген. Мұнда: сыртқы пішіні шар тәрізді болып жоғары, ішке және артқа бағытталған тоқпан жіліктің басы, caput humeri, орналасқан. Ол, тоқпан жіліктің қалған бөліктерінен таяз келіп және шеңбер бағытта орналасқан, анатомиялық мойыны, соllum anatomicum, арқылы шектелген. Анатомиялық мойнынан төменірек, проксимальды эпифизінің алдыңғы жэне латеральды беттерінде: бұл сүйектіңкішітөмпешігі, tuberculum minus, сыртқы қапталында үлкен төмпешігінен, tuberculum minus, айқын байқалады.

Төмпешіктерден томен бағытта, үлкен төмпешік пен кіші төмпешіктің қырқалары, crista tuberculi majoris et minoris, аралығында екі басты иық бұлшықеттің, m. biceps brachii, ұзын басының сіңіршесі өтетін, төмпешік, аралық жүлге, sulcus intertubercularis, орналасқан. Сонымен қатар, тоқпан жіліктің проксимальды ұшы мен денесінің аралығындағы қысыңқылау бөлігін, тоқпан жіліктің хирургиялық мойыны, collium chirurgicum, деп аталынады. Себебі, бұл жерде тоқпан жіліктің сынуы жиі байқалатын болғандықтан.

Тоқпан жіліктің дистальдық эпифизінің, extremitas inferior seu epiphysis distalis, алдыңғы артқы бетіне қарай қысыңқылау келген. Дистальдық эпифиздің томенгі бөлігін айдаршық, condylus humeri, деп аталынады. Тоқпан жіліктің айдаршығы: тоқпан жіліктің кішілеу келген басынан, capitulum humeri, ж әне шығырынан, trochlea humeri, тұрады. Тоқпан жіліктің кішілеу келген басы, кәрі жілік басының шұңқыршасымен беттесіп, тоқпан жілік — шынтақ жілік буынын құрауға қатысады.Сонымен қатар, тоқпанжіліктіңдистальдық эпифизінің алдындағы бетінде, кіші басының үстінде кәрі жіліктік шұңқыршасы, fossa radialis, орналасса, шығырдың жоғарғы жағында, тәждік шұңқырша, fossa coronoidea, айқын бай-қалды.

Бұлсүйектің дистальдық ұшының артқы бетінде, шынтақтық ойыс, fossa оіесгапіі, орналасқан. Сонымен қатар, тоқпан жіліктің айдаршығының бүйір қапталында шығыңқылау келген медиальдық айдаршықүстілік, epicondylus medialis, латеральдық бетінде шағын келген латеральдық айдаршық үстілік, epicondylus lateralis, орналасқан . Медиальды айдаршықүстіліктің артында, шынтақ жілік нервінің жүлгесі, sulcus nervi uinaris, айқын байқалады.

Медиальды айдаршық үстілік латеральды айдаршықүстілікке қарағанда ұзындау болып, сыртынан қарағанда айқын байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет