Анатомия – 120 ом


Білек сүйектері : құрылысы



бет12/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   211
9.Білек сүйектері : құрылысы

Білек сүйектері – ossa antebrachii медиальды орналасқан шынтақ жілік сүйегі - os ulna, датеральді орналасқан кәрі жілік сүйектерінен - os radius тұрады. Пішіні түтік тәрізді сүйектерге жатады.

Шынтақ жілік сүйегі- os ulna – ұзын түтікше сүйек. Денесі – corpus ulnae, оның 3 қыры бар: алдыңғы қыры – margo anterior, артқы қыры – margo posterior, сүйек аралық қыры - margo interosseus.

Алдыңғы бетінің – facies anterior – проксимальді бағытта сүйектің қоректік өзекшесінің тесігі – foramen nutricius және шынтақ жілік сүйегінің бұдыры – tuberositas ulnae орналасады.

Артқы беті – facies posterior – артқы қапталға қарай бағытталған, медиальді беті - facies medialis ішкі қапталға қарап орналасқан.

Проксимальді, дистальді эпифиздерін ажыратамыз.

Проксимальді эпифизі – epiphysis proximalis – шынтақ сүйек өсіндісін – olecranon құрайды. Өсіндінің алдыңғы бетінде шығырлық тілік – incisura trochlearis, төмен,алға қарай тәждік өсінді – processus coronoideus орналасқан.

Кәріжіліктік тілік – incisura radilalis тәждік өсіндінің кәрі жілікке қараған бетінде орналасады. Осы тіліктің артында шынтақ буынын сыртқа бұрғыш бұлшықетінің қырқасы – crista supinatorius орналасқан.

Дистальді эпифизі – epiphysis distalis – жұмырланып, шынтақ жіліктің басын – caput ulnae құрайды. Осының ішкі қапталынан төмен бағытта біз тәрізді өсінді –processus styloideus ulnae құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет