Анатомия – 120 ом



бет151/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   211
Байланысты:
Анатомия – 120 ом

114. Ортаңғы ми, бөлімдері, құрылысы, қызметі.


Орталық ми (средний мозг, mesencephalon) . Орталық миға ми аяғы мен 4 төмпешік кіреді . Оның қуысы - сильний түтігі. Төмпешіктерде сұр заттың ядролары бар. Жоғарғы екі төмпешікте көрудің қыртыс асты орталығы бар. Ол негізінен жарықты қабылдайды. Ал төменгі екі төмпешікте естудің қыртыс асты орталығы жатыр. Ол дыбысты қабылдайды. Орталық ми көлденең кесілгенде үш бөліктен тұратынын көруге болады 1. төбесі, 2 қақпақ; 3 ми аяқтарының негізі. Каклақ пен ми аяғының аралығында кара заттар (ядролар) бар , ал төбеде қызыл заттар және тор іспетті зат орналасқан. Сильвий түтігі орталық мидың сұр затымен қоршалған. Ол жерде II және IV жұп бас ми және парасимпатикалық жүйкелердің ядролары орналасқан. Ми аяқтарының негізі пирамидалық өткізгіш жолдардан тұрады. Олар ми жарты шарларын көпір мен мишық ядроларымен біріктіреді. Қара субстанция және қызыл ядролар экстрапирамидалық өткізгіш жолдардың қыртыс асты орталығы. Олар адам қимылының автоматизмін қамтамасыз етеді. Қақпақтан жоғары көтерілуші немесе ішкерідегі (медиаль) өткізгіш жолдар өтеді. Олар сопақша мидан басталып таламус ядроларына дейін барады. Шеткерідегі (латераль) немесе есіту өткізгіш жолдары көпірден төрт төмпешіктің төменгі төмпешіктеріне және аралық мидың ішкерідегі (медиаль) тізесіне барады . Орталық мидың атқаратын қызмет 1. Бұлшық еттің тонусын реттейді .2 Жүру , тік жүру , рефлекстерінің орталығы 3. Жоғарғы төмпешіктер көрудің қыртыс асты орталығы . Олар импульсті көздің тор қабатынан алып , жарықты қабылдауы нәтижесінде көздің шыны сияқты денесі мен қарашықтың пішіні өзгереді , зат анық көрінеді . 4. Төменгі төмпешіктер дыбыстың қыртыс асты орталығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет