Анатомия – 120 ом


Артқы ми, бөлімдері, құрылысы



бет152/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   211
115. Артқы ми, бөлімдері, құрылысы

Артқы ми (metencephalon) екі бөліктен: көпір мен мишықтан тұрады. Көпір (pons) немесе вароли көпірі көлденең орналасқан бiлiкке ұқсайды. Көпірдің алдыңғы беті ми сауытының ылдиына , артқы беті мишыққа қараған. Көпірдің алдыңғы бетінің ортасынан ұзынша сай өтеді , онда мидың негізгі артерия қан тамыры орналасқан. Көпірдің артқы беті ромбы тәріздес шұңқырдың құрылысына қатынасады. Көпір екі бүйірінде жіңішкеріп , мишықтың ортадағы аяқтары түрінде мишықпен бірігеді. Көпірдің сұр заты ішінде , ақ заты сыртында. Көпірдің алдыңғы бөлігі негізінен ақ заттан тұрады. Ондағы сүр заттар көпірдің меншікті ядролары. Бүл ядроларға ми қыртысынан жүйке талшықтары келеді, ал одан жүйке талшықтары мишыққа барады. Көпірдің артқы бөлігі көттеген ядролардың жиынтығынан түрады. Олар бас ми жүйкелерінің V - VІІІ - жүптарының ядролары. Vжүп (үштік жүйке) көпірдің ортадағы мишық аяқшасына өтетін жерінен, VI жүп (әкеткіші) жүйке көпір мен сопақша мидың пирамидасының арасындагы сайдан шығады. Бас ми жүйкелерінің VII - VIII жүптары көпірдің артында, көпір мишық, сопақша ми аралығындағы бұрыштан шығады. Көпірдің ақ затынан мидың басқа бөліктерінің өткізгіш жүйке талшықтары өтеді. Көпірдің негізгі атқаратын қызметі: 1. өткізгіштік; 2. рефлекторлық




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет