Анатомия – 120 ом


Қуықасты без, құрылысы, қызметі



бет204/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   211
172.Қуықасты без, құрылысы, қызметі.

Қуыкасты безі, prostata, -тақ бұлшықетгі- безді мүше, сперманың құрамына кіретін секрет бөледі. Қуықасты безі кіші жамбас астауының алдыңғы төменгі бөлігенде, несепқуықтың астында, несепжыныс диафрагмасында орналасады. Қуықасты безі аркылы несеп шығаратын өзектің бастапқы бөлігі мен оң және сол шәует жіберетін түтік етеді. Куыкасты бездің пішіні каштан ағашы жаңғағына ұксас. Қуыкасты бездің несепқуықтың түбіне, шәует қуықшасына және шәует шығаратын түтіктің кеңжеріне бағытталған негізі, basis prostatae, және алдыңғы, арткы, төменгі бүйіқ беттері жәнебездің үшы ажыратылады. Бездің алдыңғы беті, facies anterior, қасаға симфизіне қараған, одан ішінде веналыкөрім орналаскан борпылдақ шелмаймен бөлінген. Қуықасты безінен қасаға симфизіне бүйір және орталық қасаға-қуықасты байламдары, ligg. puboprostaticae және касаға-қуықасты бұлшықеті, т. puboprostaticus тартылған. Қуықасты безінің артқы беті, facies posterior, тік ішектің кеңжеріне (ампуласына) бағытталып, одан жамбас астау шандыр табакшасы- мен (septum rectovesicale), бөлінген. Тік ішекпен тұспалас орналасуы, тірі адамдарда тік ішектін алдыңғы кабырғасы арқылы қуықасты безін ұстап анықтауға мәжбүр етеді. Төменгі бүйір беті, facies inferolateralis, денгелек, веналық өрім мен арткы өтісті көтеретін бүлшықетке қарайды. Қуықасты безінің ұшы, apex prostatae, төмен бағытталып, несепжыныс диафрагмасында орналасады. Несеп шығаратын озек қуықасты безінің не- гізінен кіріп, оның үлкен бөлігі қуыкасты безінің артында орналаскан және безден ұшы аймағында шығады. Қуыкасты безінің колденең көлемі 4 см, бойлык (жоғарғы-төменгі) 3 см-ге, алдыңғы- артқы (қалындығы) -2 см шамасында. Бездің салмағы 20-25 г. Қуықасты безі тығыз конси- стенциялы және сұр-қызғылт түсті. Қуықасты безінің екі үлесі: оң, lobus dexter, және сол, lobus sinister, ажыратылады. Екеуінің шекарасы болып бездің алдыңғы бетінде орналаскан терең емес жүлге саналады. Без негізінің арткы бетінен шығыңқы орналасатын, несеп шығаратын озекпен алдынан және шәует жіберетін түтіктің артынан шектелген бөлікті, қуықасты безінің қылтасы, isthmus prostatae, немесе бездің ортаңғы үлесі, lobus medius, дейді. Қартайған шақта бұл үлес гипертрпфияғя ұшырайды, сондықтан несептің шығарылуы қиындайды.

Куықасты безі қабырғаларының кұрылысы:

-Қуықасты безі сыртынан қапшықпен, capsula prostatica, жабылады, одан бездің ішіне дәнекер тінді талшыктар-қуықасты қалқалары тармақталады. Ол безді тіннен,parenchyma glandulare, және бірыңғай сала- лы бұлшықеттік тіннен, substantia muscularis, құралған. Безді тіндер ұяшық-түтік құрылы- сты простата безшелері (үлесшелері), glandulae prostaticae, түрінде жеке құрылым- дарға топталады. Без үлесшелері 30-40 шамасында қуықасты безінің артқы және бүйір бөліктерінде орналасады. Қуықасты безінің адыңғы бөлігінде без үлесшелері аз, бұл жерде негізінен еркек несеп шығару өзек қуысы- ның айналасында жиналған тегіс бұлшықеттік тін орналасады. Қуықасты безінің бұлшыкеттік тіні несепқуық түбі қабырғасының бұлшықеттік шоғырларымен бірігіп, еркек несеп шығару өзегінің ішкі бүлшықеттік қысқышының қалыптасуына қатысады. Қуықасты безінің без жолдары жұп құрап, нүктелі тесіктермен шәует төбешігі ауданындағы еркек несеп шығару өзегіне ашылатын шығарғыш куықасты без түтігінің, ductuli prostatici, түтігіне өтеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет