Анатомия – 120 ом


Жатыр түтігі, құрылысы, қызметі



бет207/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   211
175. Жатыр түтігі, құрылысы, қызметі

Жатыр түтігі (tuba uterine) немесе Фаллопиев түтігі (tuba Fallopii), (грек.-salpinx) – аналық клетканың (овуляциядан кейін) ішастар қуысынан жатыр қуысына өтуін және серматозоидтардың жатыр қуысынан жатыр түтігіне өтуін қамтамасыз ететін, сонымен қатар ұрықтанған клетканы (зиготаны) жатыр қуысына қарай (жүктілік болу үшін) бағыттап өткізетін бұлшықетті түтікті ағза.

Голотопиясы: жатыр түтігі кіші жамбас астауында, жатырдың жалпақ байламының жоғарғы бөлігінде орналасқан.

Скелетотопия: жатыр түтігі S1 – S2 тұсында орналасады.

Синтопия:

- жоғарыда – жіңішке ішек ілмектері жанасып жатады;

-төменде – аналық без және оның рудименттік туындылары орналасқан;

-алдында – несеппен толған кездегі несепқуық орналасады;

-артында – тік ішек орналасқан.

Жатыр түтігінің тесіктері (екі тесігі ажыратылады):

-жатыр түтігінің құрсақтық тесігі (ostium abdominale tubae uterinae) – жатыр түтігі құйғышының ұшында орналасқан, пішіні дөңгелек тәрізді және ішастар қуысымен байланысады; осы тесік арқылы жарылған фолликулдан (овуляция кезінде) шыққан аналық жыныс клеткасы fimbria ovarica бойымен жатыр түтігінің кеңжеріне (ампуласына) өтеді;

-жатыр түтігінің жатырлық тесігі (ostium uterinum tubae uterinae) –жатыр қуысына ашылады (спематозоидтарды жатыр қуысынан жатыр түтігіне және ұрықтанған аналық клетканы, яғни зиготаны жатырға өткізеді).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет