Анатомия – 120 ом


Аналді үшбұрыштың бұлшықеттері және фасциялары



бет210/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   211
Байланысты:
Анатомия – 120 ом

178.Аналді үшбұрыштың бұлшықеттері және фасциялары.

Аналді үшбұрыштың бұлшықеттері және фасциялары.

Шонданай төмпелерін бір-бірімен қосатын шонданай аралық сызық (linea

biischiadica) шатаралықты екі аймаққа бөледі :

а) несеп-жыныс аймағы (regio urogenitalis) – фронтальдіге жақын

жазықтықта орналасады (ерлерде осы аймақта penis-тың түбірі орналасқан, ал

әйелдерде – сыртқы жыныс ағзалары);

б) аналдық (артқы өтіс) аймақ (regio analis) – горизантальді жазықтықта

орналасады (осы аймақта артқы өтіс тесігі –анус орналасады);

Жамбас диафрагмасы (diaphragma pelvis) – бір беткей, екі терең орналасқан

бұлшықеттерден және үш фасциядан тұрады.

Бұлшықеттері:

А) Беткей:

1. Артқы өтістің сыртқы қысқышы (m. sphincter ani externus);

Б) Терең:

1. Артқы өтісті көтеретін бұлшықет (m. levator ani);

2. Құйымшақ бұлшықеті (m. coccygeus).

Фасциялары (сырттан, яғни тері жақтан жамбас қуысына қарай есептегенде):

1. Шатаралықтың беткей фасциясы (fascia perinei superficialis) – тері

астында орналасқан, дененің жалпы беткей фасциясының жалғасы;

2. Жамбас диафрагмасының төменгі фасциясы (fascia diaphragmatis

pelvis inferior), (шатаралықтың меншікті фасциясы) – бөксенің үлкен

бұлшықетінің меншікті фасциясының алдыға қарай бағытталған жалғасы

және m. coccygeus пен m. levator ani-дың сыртқы бетін жауып, артқы өтістің

сыртқы сфинктерінің сыртқы беткейіне өтіп, артқы өтісті қоршайтын

шелмайда аяқталады;

3. Жамбас диафрагмасының жоғарғы фасциясы (fascia diaphradmatis

pelvis superior) – құрсақ ішілік фасцияның (fascia endoabdominalis-тың)

жалғасы жамбас астау фасциясының (fascia pelvis-тың) париеталді табағының

бір бөлігі және m. levator ani-дың үстіңгі жамбас қуысыжақ бетін жауып

жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет