Анатомия – 120 ом


Бел омыртқалары: құрылысы, айырмашылық ерекшеліктері



бет5/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   211
4.Бел омыртқалары: құрылысы, айырмашылық ерекшеліктері.

Бел омыртқалар, vertebrae lumbalis, жалпы саны — бесеу

Ерекшеліктері:

1. Омыртқа бағанасын құраушы омыртқалардың ішіндегі ең ірі омыртқалар қатарына жатады. Денесінің белі қымшалау, жиектері шығыңқылау, жоғарғы және төменгі бетінің сыртқы пішіні "лобия" бұршағына немесе “бүйрекке" ұқсас болып келген.

2. Арқа өсіндісі, processus spinosus, қысқалау және жалпақтау болып, сагитал жазықтықтың бойында орналасқан.

3.Қабырғалық өсінді негізінің артқы бетінде әлсіз айқындалған қосымша өсінді processus accesoriusорналасқан, яғни көлденеңөсіндінің қалдығы болып саналады.

4. Қабырғалық өсінді, processus costalis, ол құрсақтық даму кезінде пайда болған қабырғалық сүйектік нүктеден дамыған. Бұл өсіндіден кеуде омыртқаларында, 12 жұп қабырғалар дамыса, бел омыртқалардың тұсында, сүйектік қабырғалық нүктеден бел омыртқалардың қабырғалық өсінділерін құрайды.

5. Буын өсінділері, processus articularis, сагиталды жазықтықтың бойында орналасқан. Жоғарғы буын өсіндінің буын беттері ішке қарай иіліп орналасса, төменгі буын өсіндісінің буын беттері сыртқа қарай бағытталған. Сонымен қатар, жоғарғы буын өсінділерінің ұшында еміздік тәрізді қосымша өсінділер, processus maniilaris, айқын байқалады. Бұл өсінділер бұлшықеттердің беку нәтижесінде пайда болған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет