Анатомия – 120 ом


Сегізкөз сүйегінің анатомиясы



бет6/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   211
5.Сегізкөз сүйегінің анатомиясы.

Сегізкөз омыртқалары, vertebrae sacralis, жалпы саны 5 (S1-S5).Oл 17— 18-ге толған кезде, бұл омыртқалардың шеміршектік ткані сүйектік тканға айналып, дискілері, discusites vertebralis дара сегізкөз сүйегін, os sacrum, құрайды.

Сегізкөз сүйегі, os sacrum. Сыртқы пішіні сына тәрізді болып келген. Ол соңғы бел омыртқамен беттесіп, буындасып, жамбас қуысының артқы қабырғасын құрауға қатысады.



Сегізкөз сүйегінің ерекшелігі:

-денесінің ойыстау келген, жамбас қуысына қараған беті, facies pelvina, дөңестеу, бұдырлау келген дорзальді беті, facies dorsalis sacri, және жұп бүйір беттері, facies lateralis, ажыратылады. Сонымен бірге жалпақтау келген негізгі, basis ossis sacri, төмен және алға қарай бағытталған сүйірлен- ген ұшы, apex ossis sacri, ажыратылады

Сегізкөз сүйегінің алдыңғы немесе жамбас қуысына қараған беті, facies pelvina, тегіс және ойыстау келумен қатар, бұл бетте омыртқа денелерінің бір-бірімен өзара омыртқа дискілері мен бітіскен жерлерін белгілейтін көлденең сүйектік сызықшалар, lіnеае transversae, айқын байқалады. Көлденең сызықшаның латеральды қапталында омыртқа аралық тесіктердің бір- бірімен өзара бітісуі нәтижесінде 4 жұп алдыңғы сегізкөздік тесіктері, foramina sacralia anterior орналасқан. Бұл тесікшелер арқылы сегізкөз өрімін құраушы жұлын нервтерінің алдыңғы бұтақтары мен қантамырлар өтеді.

Сегізкөз сүйегінің сыртқы беті, facies dorsalis ossis sacri, дөңестеу және бұдырлау болып келген. Бұлбеттерде, жоғарыдан төмен қарай бағытталған арқа, көлденең және буын өсінділердің бір-бірімен қосылу

нәтижесінде пайда болған 5 бұдырлы сегізкөз қырқалары және төрт жұп сегізкөз сүйегінің дорзальдық тесіктері орналасқан.

Сегізкөз сүйегінің ортаңғы қырқасы, crista sacralis mediana, ол 5 сегізкөз омыртқалардың арқа өсінділерінің бір-бірімен өзара бірігуі нәтижесінде құралған.

Ортаңғы сегізкөз қырқаның, crista sacralis, бүйір қапталында параллель бағытта, бұл сүйектің екі жұп қырқасы, crista sacralis intermedia, аралық буын өсінділерінің бірігуі нәтижесінде пайда болса, сегізкөз қырқалары, бұл сүйектің өсінділері көлденең бір-бірімен косылуы нәтижесінде пайда болған. Латеральды қырқа мен аралық қырқаның аралығында сегізкөз сүйегінің дорзальдық тесігі, foramina sacralja dorsalia, орналасқан. Бұл тесікшелер сегізкөз сүйегінің алдыңғы тесікшелеріне қарағанда кішілеу келіп орналасқан. Қызметі: бөксе бұлшықеттеріне бағытталған сегізкөз өрімінің артқы бұтақтарын бойынан өткізу. Сегізкөз омыртқаларының тесіктері бір- бірімен өзара тізбектелініп, foramen sacralis, сегізкөз сүйегінің өзе-кшесін, canalis sacralis, түзеді. Сегізкөз сүйегі өзекшесінің жоғарғы жағы кеңдеу, төменгі бөлігі жіңішкелеу келіп, алға қарай иіліп орналасқан

Сегізкөз сүйегінің негізі, basis ossis sacri, көлденең бағыгга сопақша ойыстау болып орналасқан. Қызметі: 5 -бел омыртқаның денесімен беттесіп, алға қарай бағытталған сегізкөз сүйегінің мүйісін, promontorium, құрайды. Артқы бетінің жоғарғы жиегінде, сагитал жазықтықтың бойында бағытталған, жоғарғы буын өсіндісі орналасқан. Ол 5-бел имыріқаның төменгі буын өсіндісімен өзара беттесіп, буын құрау үшін, ішке және сыртқа қарай бағытталған.С егізкөз сүйегінің ұшы, apex ossis sacri, 1- құйымшақ омыртқаның денесімен буындасу үшін, сүйірлеу және сопақша болып келген.

Төменгі сегізкөз омыртқаның доғаларының нашар дамуына байланысты, сегізкөз өзекшесінің төменгі саңылауын, hiatus sacralis, құрайды. Бұл саңылаудың бүйір қапталында төменгі буын өсіндінің кері дамуына байланысты сегізкөз сүйегінің мүйізшесі орналасқан. Сегізкөз сүйегінің жоғарғы бүйір бөліктері қомақталынып, бүйір бөліктерін құрайды. Екі- жақтық бүйір беттерінде құлақ қалқанына ұқсаған буын беттері, facies auricularis, орналасқан. Негізгі қызметі: мықын сүйегінің өз аттас буын бетімен беттесіп, буын құрау. Сегізкөз сүйегінің құлақ тәрізді буын бетінің артқы қапталында, бұл сүйектің бұлшықеттері бекитін бұдырлары, tuberositas sacralis, орналайқан. Сегізкөз сүйегі ер адамдарда әйел адамдар- ға қарағанда енсіз, ұзындау, алдыңғы беті ойыстау келген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет