Анатомия – 120 ом


Сына сүйектің үлкен қанаты – alae majores



бет50/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   211
Байланысты:
Анатомия – 120 ом

Сына сүйектің үлкен қанаты – alae majoresжалпақ табақша, 5 беті, 4 жиегі бар.

Ми сауытына қараған жоғарғы беті – facies cerebralis – милық көтеріңкілер мен ми қатпарларының батыңқылары бар. Үлкен қанаты негізінде 3 жұп тесіктер орналасқан: дөңгелек тесік – foramen rotundum, сопақша тесік – foramen ovale, қылқанды тесік – foramen spinosum.

Көз шарасына қараған беті – facies orbitalis – тегіс, ромб тәрізді. Қызметі: көз шарасының латералды қабырғасын құру.Көз шарасының төменгі саңылауы – fissure orbitalisinferior орналасқан.

Алдыңғы немесе жоғарғы жақ сүйегіне қараған беті – facies maxillaries үшбұрыш тәрізді. Қанат-таңдай ойысының – fossa pterygopalatinaартқы қабырғасын құрауға қатысады.

Жоғарғы бүйір самай ойысына қараған беті - facies temporalis ойыстау келген. Самай атты шұңқырдың –fossa temporalis ішкі қабырғасын құрауға қатысады. Төменірек ортасында горизонталь бағытта самайастылық қырқа – crista infratemporalis орналасқан. Қызметі: самай және самай асты ойыстың ішкі қабырғасын құрауға қатысады.

Самай асты ойысына қараған бетінде – facies infratempоralis сопақша және қылқанды тесіктер көрінеді.



3 қыры:

Жоғарғы маңдайлық қыр – margo frontalis – тісшеленіп, маңдай сүйегімен сына-маңдай жігі – sutura sphenofrontalisкөмегімен шектеледі.

Алдыңғы бетсүйектік қыры – margo zygomaticus –тісшеленіп, бетсүйекпен сына-бетсүйектік жік – sutura sphenozygomaticus арқылы байланысады.

Артқы қабыршақтық қыры – margo squamosus zygomaticus–самай сүйектің сына сүйектік қырымен сына-самайлық жік – sutura squama арқылы байланысады.

Сынасүйектің қанат тәрізді өсіндісі – processus pterygoideus –медиальды және латеральды табақшадан – lamina medialis et lateralis тұрады. Бұл табақшалар алдынан бірікше, артынан керісінше алшақтап, терең қанаттық шұңқыр – fossa pterygoidea құрады. Төменгі ұштары бір-бірінен қанат тәрізді өсіндінің тілігі – incisura pterygoideaарқылы айырылады. Негізінде алдан артқа қарай қанаттық өзек – canalis pterygoideus орналасқан.

Медиальды табақшасы – lamina medialis латеральды табақшаның ішкі қапталынан төмен қарай орналасады. Латералды табақшаға қарағанда қысқалау және қалыңдау болып келеді. Медиальды табақшаның артқы жиегінің жоғарғы бөлігінде қайықша тәрізді шұңқыр – fossa scaphoidea бар.одан таңдай пердесін керетін бұлшықет басталады. Медиалды табақшаның төменгі ұшы сүйірленіп, қанатты ілмекпен – hamulus pterygoideus аяқталады. Қанаттық өсіндінің алдыңғы жиегімен таңдайдың үлкен жүлгесі – sulcus palatinus major өтеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет