Анатомия – 120 ом


Ұйқы-дабыл өзекшесі – canaliculi caroticotympani



бет48/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   211
Байланысты:
Анатомия – 120 ом

Ұйқы-дабыл өзекшесі – canaliculi caroticotympani. Ұйқы өзегінің төменгі бөлігінен басталып, дабыл қуысында аяқталады. Бұл өзекшелер арқылы ұйқы – дабыл артериялары өтеді.

22. Сынатәрізді сүйек, бөлімдері, тесіктері, олардың маңызы.

Сынатәрізді сүйек –os sphenoidale –бас сүйектің негізінде, артында шүйде, алдында маңдай сүйегімен бірігеді. Сына сүйектің денесі – corpus, үлкен, кіші қанаттары – alae majores et minores, қанат тәрізді өсіндісі – processus pterygoideus бар.

Денесі – corpus – сына сүйектің ортасында орналасқан және қалқамен екі жартыға бөлінген. Алдыңғы бетінің ортасында сына тәрізді қырқасы – crista sphenoidale, оның жан жағында сына тәрізді қойнау тесігі – aperture sinus sphenoidalis орналасқан. Сына тәрізді қырқа төменнен құстұмсығына – rostum sphenoidale жалғасады. Денесінің латеральды бетінде әр жағынан ұйқы артериясының жүлгесі – sulcus caroticus орналасқан. Жүлгенің артында сына тәрізді сүйек тілшесі – lingual sphenoidalis бар. Ал, денесінің жоғарғы бетінде түрік ертоқымы sella turcica бар. Оның түбінде гипофиз безі орналасатын гипофиз шұңқыры – fossa hypophysialis орналасқан. Осы шұңқырдың алдында түрік ертоқымы төмпешігі – tuberculum sellae, ал оның алдында көру жүйкесі қиылысатын жүлге – sulcus prechiasmatis өтеді. Шұңқыр артынан түрік ертоқымының арқасымен- dorsum sellae шектелген. Оның жоғарғы ұштары артқы сына тәрізді өсіндіге - processus clinoideus posterior жалғасады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет