27. Таңдай сүйек. Бетсүйек. Мұрын және көз жастық сүйектер. Тіласты сүйектер.
Таңдай сүйек, os palatinum, ауыз қуысы мен мұрын қуысының, көз шарасының және қанаттаңдай ойысының қабырғаларын құрауға қатысушы жұп сүйек. Ол, перпендикулярлы бағытта қиылысып, орналасқан горизонталді табақша мен перпендикулярлы табақшадан тұрады.
Горизонталды табақшаны , lamina horizontalis, екі жақтық бөлігі бір-бірімен өзара ортаңғы жік арқылы, sutura palatina mediana,алдыңғы қапталы жоғарғы жақ сүйегінің таңдай өсіндісі мен таңдайлық көлденең жік, sutura palatina transversa, арқылы беттесіп, сүйектік таңдайды құрайды. Бұл табақшаның мұрын және ауыз қуысына қараған беттері ажыратылады.
Перпендикулярлық табақша, lamina perpendicularis, сагитальді жазықтықтың бойында горизонталді табақшамен тік бұрыш қүрап,орналасқан жалпақ табақша. Бұл табақшаның алдыңғы қыры сына сүйектің медиалді қанат тәрізді өсіндісімен шектессе, артқы қапталы сына сүйектің денесінің мұрын қуысына караран бетімен іргелес орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |