Анатомия – 120 ом


Жоғарғы жақсүйек – os maxilla



бет55/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   211
Жоғарғы жақсүйек – os maxilla – жұп әрі қуысты сүйектердің қатарына жатады. Оның денесі – corpus maxilla және төрт өсіндісі бар: маңдайлық өсінді – processus frontalis, жоғарғы жақ сүйегінің бетсүйектік өсіндісі – processus zygomaticus, таңдай өсіндісі – processus palatinus, альвеолярлық өсінді – processus alveolaris. Денесі 4 беттен тұрады. Олар: алдыңғы – facies anterior, артқы немесе самайасты – facies infratemporalis, көз шарасына – facies orbitalis, мұрынға қараған беттері – facies nasalis.

1. Жоғарғы жақсүйегінің көз шарасына қараған беті, facies orbitalis, тегістеу және сыртқы пішіні үшбұрыш тәрізді болып келген.

Қызметі: көз шарасының, orbita, төменгі қабырғасын құрау.

Бұл беттің үш қыры: медиальды, алдыңғы және артқы қырлары ажыратылады.

- Медиальды қыры, алдында жоғарғы- жақ-көзжасы жігі арқылы көз жас сүйегімен, артында жоғарғы жақ-тор сүйектік жік арқылы тор сүйектің лабиринтімен шектеседі.

- Алдыңғы қыры, тегістеу келген, ол көз шарасының төменгі жиегін, margoinfraorbitalis, құрауға қатысады. Бұл қыр латеральды бағытта тісшеленіп, бет сүйектік өсіндісі, processus zygomaticus, мен медиальды бөлігі иіліп, өрлеме бағытта үшкірленіп, жоғарғы жақсүйектің маңдайлық өсіндісіне, processus frontalis, ұласады.

- Жоғарғы жақ сүйегінің көз шарасына қараған бетінің артқы қыры, бұл қырға параллель бағытта орналасқан сына сүйектің көз шарасына қараған бетімен беттесіп, көз шарасының төменгі саңылауын, fissura orbitalis inferior, құрауға қатысады. Бұлқырдың ортаңғы бөлігінде сагитальді жазықтықтың бойында, артынан алға қарай бағытталып орналасқан, көзшарасының төменгі жүлгесін, sulcus infraorbitalis, одан әрі тереңдеп барып, көз шарасыныңтөменгітесігіне, foramen infraorbitalis, ұласады. Бүл өзекше арқылы көз шарасының төменгі қантамырлары мен нервтері өтеді.

Сонымен қатар, көз шарасының төменгі өзекшесінің бойында тістің альвеолярлық өзекшенің тесікшелері орналасқан, foramina alveolaria. Бұлөзекшенің бойында жоғарғы жақсүйегінің алдыңғы топ тістеріне бағытталған тістің альвеолярлық қан- тамырлары мен нервтері орналасқан.

2.Төменгі самайлық беті, facies infratemporalis, олтөменгі самайлық ойыс, fossa infra temporalis, пен қанат-таңдай ойысына, fossa pterygopalatine, қараған, дөңестеу және бұдырлау болып орналасқан.

Бұл беттің орталық бөлігінде: жоғарғы жақ сүйегінің бұдыры, tuber maxillae, және азу тістердің альвеолярлық өзекшесінің 2-3 тесікшелері, foramina alveolaria, орналасқан. Бұлөзекшелер арқылы жоғарғы жақ сүйегінің үлкен азу, тістерімен кіші азу тістерінің түбіріне бағытталған қантамырлар мен нервтер өтеді.

3. Алдыңғы беті, facies anterior, көз шарасының төменгі жиегінің астында сәл ойыстау болып келген. Бұл беттің бойында: көз шарасы- ныңтөменгі өзекшесінің сыртқы тесігі, foramen infraorbitale, төменірек иттістік ойыс, fossa саnіnа, орналасқан. Алдыңғы беті төменде, біртіндеп жоғарғы жақсүйегінің альвеолярлық өсіндісіне, processus alveolaris, және алъвеолярлық көтеріңкілерге, juga alveolaria, ұласады. Жоғарғы жақсүйегінің алдыңғы бетінің мұрын қуысына қараған жиегі ойыс жағы алға қарай бағытталып, мүрын ойығын, incisura nasalis, құрайды. Мұрын тілігінің төменгі бөлігі алға қарай ығысып, орналасқан алдыңғы мұрын қылқанын, spina nasalis anterior, құрайды. Жоғарғы жақ сүйегінің алдыңғы бетінің мұрындық тілігі, бір-бірімен өзара беттесіп, сыртқы пішіні алмұртқа ұқсап орналасқан алмұрт тәрізді тесікті, apertura piriformis, құрайды.

4. Мұрын қуысына қараған беті, facies nasalis, ол жоғарғы жақ сүйек денесінің басқа беттеріне қарағанда өте күрделі болып орналасқан. Бұл беттің жоғарғы бөлігінің артқы қапталында жоғарғы жақсүйегінің қойнауының саңылауы, apertura maxillaris, айқын байқалады. Бұдырлы жапсардың бойында үлкен таңдайлық жүлге, sulcuspalatinus major, орналасқан. Жоғарғы жақсүйегі қойнауының мұрын қуысы мен жалғастырушы саңылау маңдайлық өсіндінің аралығында вертикаль бағытта көзжас саласы, sulcus lacrimalis, айқын байқалады. Көзжас саласының жоғарғы бөлігі көзжас сүйегімен шектессе, төменгі бөлігі көзжас сүйегімен шектессе, төменгі бөлігі кеуілжір сүйегінің көз жастық өсіндімен беттесіп, мұрын-көзжас өзекшесіне, canalis nasolacrimalis, ұласады. Сонымен қатар, көзжас саласының алдында горизон- тальді бағытта аралық кеуілжір қырқасы, crista ethmoidalis, орналасқан.

Жоғарғы жақ сүйектің төрт өсінділері ажыратылады:

1. Маңдайлық өсінді, processus frontalis, ол жоғарғы жақсүйегінің алдыңғы беті мен мұрын бетінің тікелей жалғасы болып саналады. Бұл өсіндінің латеральдық және мұрын қуысына қараған немесе медиальды беті ажыратылады. Медиальды беті мұрын қуысына қарайды, торлы қырқа – crista ethmoidalis бар. Латеральды бетінде көз жасы безінің алдыңғы қырқасы – crista lacrimalis anterior бар. Артқы бөлігі, артқы жағынан көзжас-жоғарғы жақтық жік, sutura lacrimomaxilaris, арқылы көзжас сүйегімен жалғасқан. Көз жасы безінің алдыңғы қырқасының артында көз жасы тілігі – incisura lacrimalis орналасады.

2. Жоғарғы жақ сүйегінің бетсүйектік өсіндісі - processus zygomaticus - сыртқы пішіні үшбұрышты және бұдырлы болып келген. Бетсүйектік өсінді, бетсүйек пен жоғарғы жақ-бетсүйектік жік, sutura zygomatico- maxillaris, арқылы байланысқан.

3. Таңдай өсіндісі, processus palatinus. Сүйектік таңдайдың түзілуіне қатысатын горизантальды сүйектік табақша. Оның медиалды жиегі бойында мұрындық қырқа – crista nasalis орналасып, мұрынның алдыңғы қалқанымен – spina nasalis anterior аяқталады. Мұрындық қырқаның алдыңғы бөлігінін бүйірінде, таңдайлық өсіндінің жоғарғы бетінде күректістік тесік – foramen incisivum орналасып, ауыз қуысына 1 немесе бірнеше тесік арқылы ашылатын күректістік өзекке – canalis incisivus жалғасады.

4. Альвеолярлық өсінді, processus alveolaris, ол жоғарғы жақ сүйегі денесінің таңдайлық өсіндісімен қиылысқан жерінен төмен қарай бағыт алып орналасқан. Сыртқы беті дөңестеу болып, ауыз қуысына қараған беті ойыстау болып келген. Альвеолярлық өсіндінің төменгі жиегінің алдыңғы беті альвеолярлық доғаны, arcusalveolaris, құрайды. Бұлөсіндінің төменгі бетінде, тіс түбірлерінің ұяшықтары, alveoli dentales, аралығында ұяшық аралық та- бақша septa interalveolaris байқалады. Альвеолярлық өсіндінің алдыңғы бетінде альвеолярлық көтеріңкі, juga alveolaria, орналасқан. Сонымен қатар, екі жақтылық альвеолярлық өсінді бір-бірімен өзара альвеолярлық жік ар- қылы, suturainteralveolaris, өзара бітісе жалғасқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет