Анатомия – 120 ом



бет83/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   211
Тізе буынының ішкі байламдары:

  • Алдыңғы крест тәрізді байлам, lig.cruciatum anterior, ол ортан жіліктің латералды айдаршығының ішкі бетінен басталып, алдыңғы айдаршық аралық алаңға, area intercondylaris anterior барып бекиді.

  • Артқы кресттәрізді байлам, Iig.cruciatum posterior, ол ортан жіліктің медиальды айдаршығының латералды бетінен басталып жэне томен бағытта өтіп, артқы айдаршық аралық алаңға барып бекиді. Синовиальды қабықшалар бұл байламдардың сыртқы бетін көмкеріп, тізе буынының қуысын және алдыңғы және артқы бөліктерге бөліп тұрады. Сонымен қатар бұл байламның басты функциясы, буынның буын беттерін бірдей қашықтықта беттестіріп ұстау.

Тізе буынының сыртқы байламдары:

  • Асықты жілік шыбығының жанама немесе коллатералды байламы, lig. collaterale fibulare. Ол ортан жіліктің латералды айдаршық үстілік өсіндісінен басталып, төмен бағытталып, асықты жілік шыбығының басына барып бекиді. Ол өте мықты, қалыңдығы 5мм-дей фиброздық дәнекер ткан. Бұл байлам мен буын қапшығының аралығында май қатпары байқалады. Байламның негізгі қызметі — тізе буынының латералды қапталын бекемдеу.

  • Асықты жіліктің жанама немесе коллатералды байламы lig.collaterale tibiale, олтізе буынының медиальды қапталында орналасқан. Сыртқы пішіні 10-12 мм-дей жалпақтау келген фиброздық байлам. Бұл байламның дәнекер тканды талшықтары ортан жіліктің медиальды айдаршық үстілік өсіндісінен, epicondylis medialis басталып буын қапшығымен ж эне медиальды дискімен беттесе жалғасып, асықты жіліктің медиалды айдаршығына барып бекиді. Қызметі: буын қапшығының медиальды бетін бекемдеу.

  • Тізе буынының қиғаш байламы, lig.popliteum obliguum, тізе буынының артқы бетінде қиғаш орналасқан. Бұл байламның фиброздық талшықтары санның жартылай жарғақты бұлшықет mm.semimembranosus сіцірінщтікелей жалғасы болып саналады. Байламның дәнекер тканды фиброзды талшықтары асықты жіліктің медиалды айдаршығынан басталып, жоғары және латералды бағытта өтеді де, қаздың терең аяқшасын, pes anserine profunda, құрап, одан әрі ортан жіліктің медиалды айдаршығының артқы бетіне барып бекиді.

  • Тізе буынының доға тәрізді байламы, lig.popliteum arcuatum. Ол тізе буыны қиғаш байламының тікелей жалғасы болып саналады. Ол асықты жілік шыбығы басының артқы бетінен және ортан жіліктің латералды айдаршығынан басталып, жоғары қарай бағыттала доға тәрізді иіліп, асықты жілік сүйегінің артқы бетіне барып бекиді.

Сонымен қатар, тізе буынының алдыңғы беті, санның төрт басты бұлшықеттерінің сіңіршелері арқылы бекемделген:

  • Тізе тобығының байламы, lig.patella, тізе тобығының ұшы мен асықты жілік бұдырының аралығында орналасқан. Ол санның тік бұлшықеті сіңірінің тікелей жалғасы болып саналады.

  • Тізе тобығының медиалды жалпақ сіңіршесі, retinaculum patella mediale, ол санның терт басты бұлшықетінің медиалды басы сіңірінің тікелей жалғасы болып саналады. Жалпақтау келіп, тізе буынының медиалды қапталын жауып, асықты жіліктің бұдырына барып бекиді.

  • Тізе тобығының латералды жалпақ сіңіршесі, retinaculum patella mediale, олсанның жалпақ латералды бұлшықеті m. vastus lateralis сіңірінің тікелей жалғасы болып саналады. Тізе буынының латералды қабырғаларын жауып, томен қарай өтіп, асықты жіліктің бұдырына барып бекиді.

Сонымен қатар, тізе буынының маңында бірнеше синовиальды қалталар, bursa synoviales кездеседі. Олар бұлшықет сіңірлерінің сүйектік нүктелеріне бекитін жерлерде орналасқан. Қайсы бірі синовиальды қалталар, тізе буынының қуысымен жалғасып, тізе буынының қосымша қуысын құрайды.

51.Сирақ сүйектерінің қосылыстары және сирақ табан буыны(таппадым)(100%)

Сирақ сүйектерінің қосылыстары

1. Асықты жілік пен шыбығының аралығындағы буын, articulatio tibiofibularis, асықты жілік пен оның шыбығының аралығындағы буын беттерінің өзара беттесуі нәтижесінде құралған. Буын беттерінің сыртқы пішіні жазық келгендіктен шамалы қозғалатын буындарға жатады. Буын беттері гиалинмен комкерілген. Буын қапшықтары буын беттерінің жиектеріне бекіген. Буын қуысының, кейбір кезеңде, тізе буынының қуысымен жалғасуы байқалады.

Байламдары:


  • Асықты жілік шыбығы басының алдыңғы байламы, lig.capitis fibula anterior, ол асықты жіліктің латералды айдаршығынан басталып, асықты жілік шыбығы басының алдыңғы бетіне бекиді.

  • Асықты жілік шыбығы басының артқы байламы, lig.capitis fibula posterior, ол асықты жіліктің латералды айдаршығының артқы бетінен басталып, асықты жілік шыбығы басының артқы бетіне бекиді.

  • Қосымша, бұлбуын тізе буынының жанама асықты жілік шыбығының байламы, lig.collateralis fibulare, арқылы бекемделген.

Буындағы қозғалыстың көлемі шамалы. Сирақ сүйектерінің сүйекаралық қырлары бір-бірімен өзара сүйекаралық жарғақ, membrane interossea cruris, арқылы байланысқан. Жарғақтың жоғарғы бөлігінде қантамырлар мен нервтер өтетін жоғарғы тесік орналасса, төменде де сондай тесіктер болады.

Сирақ сүйектерінің дистальды эпифиздері озара сүйек аралық дәнекер ткандар арқылы, syndesmosis tibiofibularis, арқылы байланысқан. Бұл байланыстың аралығының сирақ-асықты синовиалды қуысымен жалғасуы жиі байкалады. Бұл жағдайдағы байланыс өз алдына дербес буын ретінде, articulatio tibiofibularis, қарас тырылуы мүмкін. Бұл байланыс алдыңғы және артқы байламдар lig.tibiofibularis anterior et posterior арқылы байланысқан



52.Табан сүйектерінің қосылыстары.

Буын дегеніміз- құрылысы күрделі, диартрозды байланысқа жататын қосылыс түрі. Буындардың негізгі функциясы: сүйектердің арасын байланыстыру.Буынның бірнеше түрлері болады: иық белдеу сүйектерінің буыны, жамбас астау буындары немесе аяқ пен қолдың еркін қозғалатын сүйектерінің арасын байланыстыратын буын түрлері де кездеседі. Соның ішіндегі аяқтың еркін қозғалатын сүйек буындарына жамбастың ұршық буыны(articulation coxae), тізе буыны(articulation genus), тілерсек буыны(articulation talocruralis), аяқ басының сүйектерінің буындары жатады.

Articulatio intermetatarseae-табан сүйектерінің аралық буыны. Жазықтау келген. Құрылысы жағынан қол ұшы буындарына ұқсас.

Байламдары :

1)lig. Metetarsea interossea - Табан сүйектерінің б-мы.

2)lig metatarsea dorsalia- табан сүйектерінің дорсальді байламы.

3)lig metatarsea plantaria-табан сүйектерінің табандық б-мы.

53.Шопар және Лисфранк буындары.

Шопар буыны н/е тілерсек сүйектерінің көлденең буыны-articulatio tarsi transversa 2буыннан art. talocalcanonavicularis (асық-өкше-қайықша б-ны) ж/е art. calcanocuboidea (өкше-текше б-не) тұрады.

"S" әрпіне ұқсас ж/е хирон практикада кесуге қолайлы анатомиялық құрылым. 2 буынды біріктіріп тұрғпн 2 жақтылық байлам lig bifurcatum бұл байламды "кілт " деп те атайды, себебі, егер де бұл байламды кеспесек буын ажыратылмайды.

Лисфранк буыны - тарсальды-метатарсальды буын. Ол үш сфеноидты және метатарсальды сүйектер мен кубоид сүйектерінің арасындағы кішкене оқшауланған буындардан тұрады. Бұл буындардың капсулалары көптеген байламдармен күшейтіледі. Олардың бірі - медиальді сфеноид пен 2-ші метатарсальды сүйектің арасындағы медиальді тарсальды-метатарсальды байлам негізгі, ұстап тұратын буын ретінде Лисфранк буынының кілті деп аталады.



54.Ымдау бұлшықеттері, құрылысы, қызметі.(37.66%)

Бұлшықет дегеніміз адам денесін қозғалысқа келтіретін ірі тұлғалы жүйе болып келеді. Бұлшықеттер сонымен қатар: ауыз қуысының, кеуденің, құрсақтың, жамбас қуысының қабырғаларын және ішкі мүшелердің: жұтқыншақтың, көмейдің, көздің, дабыл қуысының бұлшықеттерін құруға қатысады. Жәнеде жұтынуда, тыныс алуда үлкен көмек көрсетеді. Адамның бұлшықеттерінің саны 600-дей, салмағы ересек адамда 60% құраса, жаңатуған нәрестеде 40%, қартайған кезде бұлшықеттердің салмағы 25-30% кемиді.

Ымдау бұлшықеттері, mm. Facialis, дененің басқа бұлшықеттерінен айырмашылығы:


  • а) біріншіден эмбрионалдық дамуы өзгешелеу болып келсе;

  • ә) екіншіден тері астында орналасып, фасциялық қабықшасыз келіп, сүйектік нүктелерден басталып, теріге барып бекиді.

  • б) үшіншіден жиырылған кезде беттіңтерісінде адамның көңіл-күйін білдіретін қатпарлар пайда болады.

Топографиялық орналасуына қарай ымдау бұлшықеттері: көздің, ауыздың, мұрынның, құлақ қалқанының төңірегінде және бас сүйектің қақпағының маңындағы бұлшықеттерге бөлінеді.

1. Бас сүйек қақпағының бұлшықеттері, mm. epicranius, ол жалпақтау келіп, бас сүйек қақпағын жауып орналасқан апоневротикалық табақшадан тұрады. Орналасуына қарай: шүйде- маңдайлық, апоневротикалық табақшадан және самай-төбелік бұлшықеттен тұрады:

а) шүйде-маңдайлық бұлшықеті, m.occipitofrontalis. Ол маңдай сүйектің жоғарғы қастық доғасынан, arcussuperciliaris шүйде сүйегінен, linea nuchae suprema, басталып, апоневрозға ұласады. Бұл бұлшықеттің орналасуына қарай: маңдайлық қарынша, venter frontalis мен шүйделік қарыншадан, venter occipitalis, тұрады. Бұлшықеттің қарыншалары бір-бірімен өзара жалпақтау келген апоневрозды табақша (шлем) арқылы жалғасқан. Апоневроздық табақша бастыңтерісімен шектеліп дәнекерткандармен тығыз қоймай, бассүйектің сүйек үстілік қабықшасы мен іркілде-ген дәнекер ткандар арқылы шектелген. Бұлшықеттер қарыншаларының жиырылу кезінде шаштың апоневрозды қабықшасы алға немесе артқа қарай еркін жылжуы сол себепті.

ә) самай-төбе бұлшықеті, m.temporoparietalis, ол бас сүйектің самай бөлігінде орналасқан. Бұлшықеттер талшықтары құлақ қалқанының шеміршегінің алдыңғы қапталынан басталып, жоғары қарай өтіп, бастын, апоневроз табақшасына ұласады.



Қызметі: бұл бұлшықеттің шүйде бөлігінің қарыншасы жиырылған кезде, бастың терісін артқа қарай кереді, ал егер бұл бұлшықетінің маңдай қарыншасы жиырылса, көздің саңылауын бадырайтып көздің қабағы мен қасты көтереді.

Құлақ қалқанының маңындағы бұлшықеттер

Құлақ қалқанының маңында орналасқан бұлшықеттер, топографиялық орналасуына қарай: алдыңғы, артқы жәнежоғары бұлшықеттерге бөлінеді.

1. Құлақ қалқанының алдыңғы бұлшықеті, m.auricularis anterior. Ол самай бұлшықетінің фасциялық қабықшасы мен шүйде-маңдайлық бұлшықеттің апоневрозды қабықшасынан басталып, томен және артқа қарай бағыт алып, жинақталынып құлақ қалқанының терісіне барып бекиді.

Қызметі: құлақ қалқанын алға қарай қозғалту.

2. Құлақ қалқанының жоғарғы бұлшықеті, m. auricularissuperior, ол шүйде-маңдай бұлшықетінің апоневрозды қабықшасынан басталып, құлақ қалқан шеміршегінің жоғарғы қапталына барып бекиді. Бұл бұлшықеттің талшықтары самай-төбе бұлшықеттер талшықтарынан дербес орналасқан.

Қызметі: құлақ қалқанын жоғары қарай тарту мен қатар, бастың апоневрозды қабықшасын керу.

3. Құлақ қалқанының артқы бұлшықеті, m.auricularisposterior, олжелкелік бұлшықеттердің фасциялық қабықшасынан, fascia nuchae басталып, алға қарай бағытталып, құлақ қалқан терісінің артқы бөлігіне барып бекиді.

Қызметі: құлақ қалқанын артқа қарай тарту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет