Анатомия – 120 ом


Мұрын танауының маңындағы бұлшықеттер



бет85/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   211
Байланысты:
Анатомия – 120 ом

Мұрын танауының маңындағы бұлшықеттер

1. Мұрын бұлшықеті, m.nasalis. Ол жоғарғы жақ сүйегінің ит тіс пен латералды күректістік котеріңкілерден басталып, жоғарғы латералды бағытта өтіп, бұлшықет талшықтары: сыртқы және ішкі бөліктерге бөлінеді.

а) Сыртқы немесе көлденең бөлігі, pars transversa, мұрын танауын орай өтіп, шашырап жалпақтау келіп қарама-қарсы жағындағы бұл бұлшықеттің бұлшықеттік талшықтарымен айқасып, мұрын қырының апоневроз тканына ұласады. ә) Ішкі немесе танаулық бөлігі, pars alaris, танаудың шеміршектік бөлігіне барып бекиді.

Қызметі: танаудың тесігін тарылту.

2. Мұрынның аралық қабырғасын томен тартушы бұлшықет, m .depressor sep tinasi. Олжоғарғы жақ сүйегінің альвеолярлық медиалды күрек тістік өсінділерінен және осы маңға орналасқан ауыздың шеңбер бағытта орналасқан бұлшықетті талшықтарынан басталып, мұрын қуысының аралық қабырғаларының шеміршектік бөлігінің алдыңғы қапталына барып бекиді.

Қызметі: мұрын қуысының аралық қабырғасын томен қарай тарту.



55.Шайнау бұлшықеттері, құрылысы, қызметі.(30.21%)

Шайнау бұлшықеттері бас сүйектерінің белгілі сүйектік нүктелерден басталып, төменгі жақ сүйегіне бекитін төрт жұп бұлшықеттерден тұрады. Негізгі қызметі: самай-төменгі жақ буынын қозғалысқа келтіру.

1. Шайнау бұлшықеті, m.masseter. Сыртқы пішіні төртбұрыш тәрізденіп, төменгі жақ сүйегінің бұтағының сыртқы бетінде орналасқан оте мықты бұлшықет. Ол, бет сүйектік доғаның төменгі жиегінен басталады. Бұл бұлшықеттің талшықтары беткей орналасқан және теренде орналасқан бұлшықеттер топтарына бөлінеді. Беткей оналасқан бұлшықеттер тобы, pars superficialis, ол бет сүйектік доғаның сыртқы бетінен басталса, теренде орналасқан бұлшықеттер тобы, pars profunda бетсүйектік доғаның ішкі қапталынан басталады. Беткей орналасқан бұлшықеттік талшықтары төмен және артқа қарай бағытталса, тереңде орналасқан бұл бұлшықетгің талшықтары керісінше төмен және алға қарай бағытталынып, одан әрі бұлшықет талшықтары жинақталынып, төменгі жақ сүйегі бұрышының сыртқы бетіндегі шайнау бұлшыкетінің бұдырына, tuberositas m asseterica барып бекиді.

Қызметі: төменгі жақ сүйегін көтеріп, алға Қарай тарту.

2. Самай бұлшықеті, m.temporalis. Ол бас сүйектің самайлық ойысында, fossa temporalis желпуіш тәрізденіп орналасқан. Бұл бүлшықеттің талшықтары: мандай сүйектің самайлық бетінен: сына сүйектің үлкен қанатының самай ойысына қараған бетінен; самай сүйектің қабықшалы бөлігінің самай ойысына қараған талшықтары, одан әрі жинақталынып және төмен қарай бағытталып, төменгі жақ сүйегінің тәж тәрізді өсіндісіне, processus coronoideusбарып бекиді.

Қызметі: бұл бұлшықеттердің алдыңғы, артқы ортаңғы бұлшықеттері талшықтарының қызметі төменгі жақ сүйегін жоғары және алға қарай тартса, артқы топ талшықтары керісінше, төменгі жақ сүйегін жоғары және артқа қарай тарту.

3. Қанат тәрізді латералды бұлшықет, m.pterygoideus lateralis. Сыртқы пішіні қысқалау және қалыңдауболып келген. Бұлбұлшықеттің екі басы: жоғарғы және төменгі басы ажыратылады. Жоғарғы басы, ca p u t superior, ол сына сүйектің үлкен қанатының төменгі самайлық бетінен және төменгі самайлық қырқасынан, crista infratemporalis басталады. Төменгі басы, сына сүйектің қанат тәрізді өсіндісінің латералды табақшасының бүйір бетінен басталады. Бұлшықеттің жоғарғы басы мен төменгі басының бұлшықеттік талшықтары жинақталынып, артқа қарай бағытталып, төменгі жақсүйегінің қанатты атты шұңқыршасына, foveapteiygoidea барып бекиді.

Қызметі: бір жақты жиырылған кезде төменгі жақсүйегі қарсы жағына қарай ауытқыса, екі жақты бұлшық ет бір уақыта жиырылса, төменгі жақсүйегі алға қарай қозғалады.



56.Мойынның бұлшықеттері мен шандыр қабықтары. Мойынның беткей бұлшықеттері. Мойынның терең бұлшықеттері.(35%)

Мойын аумағында, regio cervicalis, орналасқан бұлшықеттерді мойын бұлшықеттері, mm. colli, деп атайды. Мойын бұлшықеттерінің топографиялық орналасуы өте күрделі. Бұл бұлшықеттердің күрделі болып келуі эмбрионалдық дамуына, тогіографиялық орналасуына және осы маңындағы орналасқан қан тамырлар мен нервтерге және фасциялық қабықшасының күрделі болып орналасуына тікелей байланысты.

Топографиялық орналасуына қарай мойын бұлшықеттері: беткей және терең орналасқан бұлшықеттерге бөлінеді. Мойынның тереңде және тіласты сүйегінен жоғары, төмен орналасқан бұлшықеттер тобы, одан әрі тағы да латералды және медиалды топтарда орналасқан бұлшықеттерге бөлінеді.

1. Мойынның беткей орналасқан бұлшықеттеріне: мойынның теріасты бұлшықеті, m .platysma ; төс-бұғана еміздік бұлшықеті, m.stemocleidomastoideus, және тіласты сүйегіне бекитін жоғарғы және төменгі бұлшықеттер жатады.



  • а) Тіласты сүйегіне бекитін жоғарғы бұлшықеттерге: төменгі жақ-тіласты бұлшықеті, т.mylohyoideus; екі қарыншалы бұлшықет, m.digastricus; біз — тіласты бұлшықеті, m.styiohyoideus бұлшықеттері жатады.

  • ә) Тіласты сүйегінен төмен орналасқан бұлшықеттерге: төс-тіласты бұлшықеті, т.stem ohyoideus; төс-қалқанша бұлшықеті, m.sternothyroideus; қалқанша-тіласты бұлшықеті, m. thyrohyoideus және жауырын-тіласты бұлшықеті, m. omohyoideus жатады.

2. Мойынның терең орналасқан бұлшықетгері орналасуына қарай медиалды және латералды топтарға бөлінеді.

  • а) латералды топтарға: мойынның алдыңғы, аралық, ар тқы сатылы, бұлшықеттері, mm.scalenianterior, m edius et posterior;

  • ә) медиалды топтарға мойынның ұзын бұлшықеті, m.longus colli, бастың ұзын бұлшықеті, m.longus capus, бастың алдыңғы тік бұлшықеті, т.rectus capitis anterior, бастың латералды тік бұлшықеті, m.rectus capitis lateralis, жатады.

Мойынның беткей бұлшықеттері

1. Мойынның теріасты бұлшықеті, m.platysma seu subcutanea, өте нәзік ж әне жалпақтау келіп, тері астында орналасқан. Ол бұғана сүйегінен төмен орналасқан кеуде бұлшықеттерінің беткей фасциялық табақшасынан басталып, өрлеме бағытта өтіп, төменгі жақ сүйегінің тұсында, латералды бұлшықет талшықтары меншікті шайнау бұлшықеттіңжәне қалқанша бездің фасциялық қабықшасына ұласса, медиалды бұлшықеттік талшықтары ауыз езуінің маңында ерінді төмен түсіретін бұлшықет, m. depressorlabiiinferioris пен күлімсіреу бұлшықеттің, m.risorius бүліпық еттің талшықтарына ұласады.



Қызметі: жиырылған кезде мойынның терісін төмен қарай тартып, тері астында орналасқан веналардың қысылуынан қорғап, бас аумағынан жинақталған вена қанын жүрекке қарай өтуін қамтамасыз етумен қатар, ауыздың езуін төмен қарайтартады.

2.Төс — бұғана — еміздік бұлшықеті, m.sternocleidomastoideus. мойынның бүйір қапталында орналасып, жиырылған кезде айқын байқалатын қос аяқшалы ірі бұлшықет. Бұл бұлшық еттің медиальды аяқшасы төс сүйегінің тұтқасының алдыңғы бетінен, латералды аяқшасы бұғана сүйегінің төстік ұшынан басталады. Бұлшықеттің аяқшалары, өрлеме бағытта өтігі, бірбірімен өзара бұрыш құрап бірігіп, бұл бұлшықеттің қарыншасын құрап, самай сүйектің еміздік тәрізді өсіндісі мен шүйде сүйегінің жоғарғы желкелік сызықшасының бүйір қапталына барып бекиді.



Қызметі: денені берік ұстап тұрып, жиырылған кезде, басты бір жағына қарай иеді. Бұл бұлшықеттің екі жағы да жиырылған кезде, басты артқа қарай, шалқайтады. Сонымен қатар, басты тік ұстап жиырылған кезде, кеуде қуысын кеңейтіп, терең дем алуға ықпал етеді.

Мойынның терең Бұлшықеттері

Мойынның терең бұлшықеттері топографиялық орналасуына қарай латералдық және медиалдық топтарға бөлінеді.



- Латералдық топ бұлшықеттері өзара дербес орналасқан үш сатылы бұлшықеттерден тұрады.

1. Алдыңғы сатылы бұлшықет, m. scalenus anterior, ол III-VI дейінгі мойын омыртқалардың көлденең өсіндісінің алдыңғы төмпешігінен басталып, төмен және алға қарай бағытталып, I қабырғаның жоғарғы бетінде орналасқан сатылы бұлшықеттің төмпешігіне, tuberculum m.scalenianterioris барып бекиді.



Қызметі: омыртқа бағанасын тіктеп ұстаған жағдайда, I қабырғаны көтеріп, кеуде қуысын кеңейтіп, тереңтыныс алуға ықпалетсе, керісінше, кеуде торын ықшамдап ұстаған жағдайда бір жақты жиырылған кезде, мойын омыртқаларын жиырылған жағына қарай бұрады. Бұл бұлшықеттің екі жақтық бөлігі бірдей жиырылған кезде, омыртқа бағанасын алға қарай иеді.

2. Ортаңғы сатылы бұлшықет, m. scalenusmedius. Ол, жоғары 5-6 мойын омыртқалардың қабырғалық өсінділерінің төмпешігінен басталып, төмен алға қарай бағыт алып, қабырғаның жоғарғы бетіндегі бұғана астылық артерия жүлгесінің, sulcus arteпае subclaviae, артқы қапталына барып бекиді. Ортаңғы сатылы бұлшықет пен алдыңғы сатылы бұлшықеттің аралығындағы кеңістікті сатылы бұлшықеттің аралық кеңістігі, spatium interscalenum, деп аталынады.



Қызметі: кеуде торын мықтап ұстаған жағдайда, мойын омыртқасын алға қарай бүксе, керісінше омыртқа бағанасының мойын бөлігін тік ұстаған жағдайда, бірінші қабырғаны жоғары өтеріп, терең тыныс алуға көмектеседі.

3. Артқы сатылы бұлшық ет, m.scalenus posterior. Ол, V-VI мойын омыртқалардың қабырғалық өсінділерінен басталып, ортаңғы сатылы бұлшық еттің артқы бетін жанай томен қарай бағытта өтіп, II қабырғаның сыртқы бетіндегі сатылық бұлшықеттік бұдырына барып бекиді.



Қызметі: омыртқа бағанасын тіктеп ұстаған жағдайда, II қабырғаны көтеріп, кеуде қуысын кеңейтіп, тереңтыныс алу қызметін атқарса, кеудені берік ұстаған жағдайда екі жақтық бөлігі бірдей жайылған кезде, мойын омыртқаларды алға қарай тартады.

4. Ең ұсақ сатылы бұлшықет, m.scalenus minimus, тұрақсыз, алдыңғы сатылы бұлшықетінің ішкі қапталында кездеседі. Ол III мойын омыртқаның көлденең өсіндісінен басталып, төмен бағытта өтіп, I қабырғаның алдыңғы сатылы бұлшықеттіктөмпешіктің ішкі қапталының гұсындағы ішкі қырына және плевра қапшығының күмбезіне барып бекиді.

Қызметі: омыртқа бағанасын тіктеп ұстаған кезде, I қабырға мен плевра қапшығының күмбезін көтеру қызметін атқарады.

Мойынның терең бұлшықеттерінің медиальды тобы:

Мойынның медиалды топ бұлшықеттері омыртқа бағанасының алдында, ортаңғы сызықшаның бүйір қапталында орналасқан. Бұл бұлшықеттер тобы ұзындығы мен қысқалығына қарай: бас пен мойынның ұзын бұлшықеттеріне және бастың алдыңғы және латералды тік бұлшықеттеріне бөлінеді.

1. Мойынның ұзын бұлшықеті, m.longus colli, олауыз омыртқадан III-IV кеуде омыртқаларға дейінгі аралықта бойлай орналасқан. Бұлшықеттал-шықтарының орналасуына қарай: медиалды вертикалды, жоғарғы қиғаш және төменгі қиғаш топтарға бөлінеді.


  • а) Медиалды-вертикалды бөлігі, V мойын омыртқадан III кеуде омыртқаға дейінгі омыртқалардың буйір қапталынан басталып, өрлеме бағытта өтіп, ІІІ-ІІ мойын омыртқалардың көлденең өсіндісінің алдыңғы төмпешігі мен ауыз омыртқаның алдыңғы төмпешігіне, tuberculum anterior atlantis, барып бекиді.

  • ә) жоғарғы қиғаш бөлігі, олІІ-V мойын омыртқалардың қабырғалық өсінділерінен басталып, өрлеме бағытта өтіп, II мойын омыртқаның алдыңғы төмпешігіне барып бекиді.

  • б) төменгі қиғаш бөлігі, олжоғарғы үш кеуде омыртқалардың денесінен басталып, өрлеме бағытта өтіп, төменгі үш мойын омыртқалардың қабырғалық өсіндісіне барып бекиді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет