Анатомия 1-билет Науқас тамақтанғаннан кейін эпигастрий аймағындағы өткір ауырсыну туралы шағымдармен ауруханаға түсті. Ауырсыну қыжылмен және ауырлық сезімімен бірге жүреді. Науқастың айтуынша, ол майлы және ащы тағамдарды теріс пайдаланады, сонымен қатар үнемі алкогольді ішеді.
Бұл белгілер қай органға әсер еткенде пайда болады?
1-қадам. Зақымдалған ағзаның сыртқы құрылысын айтып беріңіз. Асқазанның төрт бөлігі болады:
кардиалді бөлігі ( pars cardiaca);
асқазан түбі ( fundus ventriculi);
асқазан денесі ( corpus ventriculi);
пилорикалық (қақпалық) бөлігі ( pars pyloricum), оның өзі екі бөлімнен тұрады: қақпалық үңгір ( antrum pyloricum) және қақпалық түтік ( canalis pyloricus).
2) Екі қабырғасы ажыратылады :
алдыңғы қабырғысы ( paries anterior);
артқы қабырғасы ( paries posterior).
3) Екі иіні бар:
кіші иіні ( curvaturа ventriculi minor);
үлкен иіні ( curvatur а ventriculi major).
4) Екі тесігі болады:
кіреберіс (кардиалді) тесігі ( ostium cardiacum) – бұлшықеттік сфинктері болмайды;
шығаберіс, яғни қақпалық (пилорикалық) тесік ( ostium pyloricum) – бұлшықеттік сфинктері ( m.sphincter pylori) жақсы жетілген.
5) Өңеш пен асқазанның түбі арасында кардиалді тілік орналасқан ( incisura cardiaca), оған асқазанның ішкі бетінде орналасқан сілемейлік қабықтың қатпары (Губарев қатпары) сәйкеседі; асқазан денесі мен пилорикалық бөлігінің аралығында бұрыш ( angulus ventriculi ) болады және онда бұрыштық тілік орналасқан ( incisura angularis), ол тірі адамда болатын функциялық сфинктерге ( sphincter antri-ге) сәйкес келеді; sphincter antri – асқазан денесін antrum pyloricum-нен бөліп тұрады, адам өлгеннен кейін қысқыш босап жойылып кетеді.
Асқазан (сыртқы көрініс) (Р. Д. Синельников бойынша).
1 — incisura cardiaca ventriculi; 2 — fundus ventriculi; 3 — corpus; 4 — curvatura ventriculi major; 5 — pars pylorica; 6 — antrum pyloricum; 7 — pars horizontalis inferior duodeni; 8 — pars descendens duodeni; 9 — pars superior duodeni; 10 — pylorus; 11 — incisura angularis; 12 — curvatura ventriculi minor; 13 — pars cardiaca; 14 — esophagus.