Анатомия 1-билет


-қадам. Кіші жамбас қуысындағы зақымдалған ағзаның ұңғылдарын көрсетіңіз (ер., әйел)



бет3/11
Дата01.10.2024
өлшемі274,98 Kb.
#146309
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Анатомия ЖКТ ОСПЭ 2024

2-қадам. Кіші жамбас қуысындағы зақымдалған ағзаның ұңғылдарын көрсетіңіз (ер., әйел).
Ер адамдарда ішастар тік ішектен несепқуықтың артқы бетіне қарай өтіп, тікішек-куық ұңғылын, ехcavatio rectovesicalis, кұрады. Несепкуық несеппен толған жағдайда байкалмай, толмаған жағдайда байқалатын, көлденең бағытта тік ішек пен несепқуықтың аралығында көлденең қатпар, plica vesicalis transversa, oрналасқан. Әйел адамдарда тік ішек пен несепкуыктың аралығында жатыр, uterus, орналасқандықтан, ішастардың орналасуы өзгешелеу. Әйел адамдарда ішастар тік ішектің алдыңғы бетіне қарай өтіп, қынаптың, vagina, жоғарғы бөлігінің арткы бетін экстра перитонеалді жағдайда жауып, одан әрі жоғары көтеріліп, жатырды мезоперитонеалді, жатыр түтігін, tuba uterina, интраперитонеалді, аралығында тікішек-жатыр ұңғылын, excavatio rectouterina, құрап, несепқуыққа карай бағыт алады. Несепкуык ішастармен мезоперитонеалді жабылған, жатыр-қуық ұңғылын, ехсcavatio vesicouterina, құрап, іш қуысының алдыңғы қабырғасының ішастарына жалғасады.



3-билет
Науқас А., 36 жаста, қалалық аурухананың қабылдау бөлмесіне тамақ ішкеннен кейін 30 минуттан кейін пайда болатын іштің өткір ауруы туралы шағымдармен жүгінді. тамақ ішкеннен кейін кофе ұнтағы түстес құсуы, жеңілдік әкеледі. Бірнеше жыл бойы ауырып, аурудың қозуы эмоционалды шамадан тыс жүктемелерден кейін туындайды. Науқас алкогольдік ішімдіктерді теріс пайдаланады және 12 жыл бойы күніне 1 қорап темекі шегеді. Іштің пальпациясы кезінде эпигастрий аймағында ауырсыну байқалады. Бауыр мен көкбауыр пальпацияланбайды. Нәжіс сасық иісті, қара түсті.
Науқаста көрсетілген белгілер қай органға әсер еткенде (немесе қандай патология) пайда болады?
1-қадам. Асқазанның құрылысын айтып беріңіз
(Сыртқы құрылысы 1-билетте)
Асқазанның ішкі құрылысы:
а) сілемейлі (ішкі) қабаты ( tunica mucosa):

  • бір қабатты призмалық эпителиймен көмкерілген (ішектік түрі);

  • сілемейлі қабатта, асты химиялық қорытуда маңызды орын алатын, асқазан сөлін ( succus gastricus) (тәулігіне 1,5-3 л) түзетін арнайы бездер орналасады  (адамдағы асқазан бездерінің саны шамамен 35 млн-ға жуық): 

1) Кардиалдық бездер – асқазанның кіреберісінде орналасқан және олардың бөлетін секреттері:

  • сілемейлі секрет;

  • фермент дипептидаза - белокты ыдыратады; 

  • гликолетикалық фермент - көмірсутегін ыдыратады;

  • тұз қышқылын нейтралдаушы секрет бөледі.

2)Асқазанның меншікті бездері ( glandulae gastricae), немесе фундалық бездер – күмбезде және денесінде орналасқан, үш (негізгі, жабушы, қосымша) клеткалардан тұрады:

  • негізгі клеткалар – пепсиноген түзеді;

  • жабушы клеткалар – тұз қышқылын бөледі; 

  • қосымша клеткалар – сілемейлі секрет бөледі.

Пепсиноген мен тұз қышқылы қосылып фермент пепсин түзіледі. Пепсин белок пен көмірсутегін белсенді ыдыратады, ал майларды қорыта алмайды. 
3)  Пилорикалық (антралық) бездер ( glandulae  pyloric ae) – асқазанның шығаберісінде орналасқан, негізгі клеткалардан (пепсиноген түзетін) және қосымша (сілемейлі секрет бөлетін) клеткалардан тұрады.
4) Сілемейлік бездер: асқазанның барлық бөлігінде сілемейлі қабатында орналасады және сілемей сұйықтықты бөледі.
Асқазан бездерінің өзектерінің ашылатын жері:

  • асқазанның сілемейлі қабатының бетінде көптеген дөңгелек пішінді (диаметрі 1-6 мм) дөңестер орналасқан, осы дөңес жерлерді асқазан алаңдары ( areae gastricae) деп атайды ;

  • areae gastricae-ның ұшында асқазан ұяшықтары ( foveolae gastricae) болады, осы ұяшықтардың түбінде асқазан бездерінің түтіктері ашылатын ұсақ (диаметрі 0,2 мм) тесіктер орналасқан;

  • areae gastricae мен тесіктердің саны неғұрлым көп болса, солғұрлым асқазан сөлі жеткілікті қалыпты түзілетіндігін ескерген жөн. 



  • сілемейліасты қабық ( tela submucosa) – асқазанның барлық бөлігінің қабырғасында өте жақсы жетіскен, сол себепті сілемейлі қабығы қозғалмалы келеді және әртүрлі бағытта орналасқан көптеген қатпарлар болады;

  • асқазан қатпарлары ( plicae gastricae) – асқазанның кіші және үлкен иіндерінде ұзына бойлық бағытта орналасқан ( plicae longitudinales); денеcінде – торлы ( plicae reticulares), ал кардиалық және пилорикалық тесіктердің аймағында – сәулелі радиарлы ( plicae radialis) орналасады

  • осы аталған қатпарлар адам өлгеннен кейін сақталмай жазылып кететіндігін ескерген жөн және асқазанның ауруларында да (гастрит, жара, ісік аурулары, обыр) қатпарлардың орналасу бағыттары бұзылады немесе жазылып жойылып кетеді, сөйтіп асқорыту бұзылады;

  • асқазан қатпарларының ( plicae gastricae) түзілуі – жақсы жетілген tela submucosa-ның қозғалмалылығынан және сілемейлі қабатының меншікті бұлшықет табақшасы ( lamina muscularis mucosae) талшықтарының  жиырылуынан болады, сонымен қатар, қантамарлардың тонусы мен тіндердің тургоры әсер етеді. Осы аталған құрылымдарды асқазанның аутопластикалық аппараты деп атайды.

Асқазанның аутопластикалық аппараты: қатпарлар, тіндердің тургоры, сілемейліасты қабаты (жақсы жетілген, қозғалмалы), тамырлардың тонусы.
Аутопластикалық аппарат сілемейлі қабаттың басқа қабаттарға тәуелсіз қозғалмалылығын және әртүрлі бағыттағы қатпарлар түзілуін қамтамасыз етеді (15-сурет), яғни асты механикалық қорытуда маңызды. 
Сонымен қатар, асқазанның шығаберіс тесігі аймағында сілемейлі қабығы қалыңданып циркулярлы бағытта орналасқан асқазанның шығаберісінің жапқышын ( valvula pylorica) түзеді.
Бұл құрылымның маңызы өте зор, яғни valvula pylorica  және  m.sphincter pylori  бірігіп, қорытылған астың асқазаннан онекі елі ішекке өтуін және оның кері асқазанға өтпеуін реттеп отыратын арнайы құрылым. Аталған құрылымдардың қызметі бұзылғанда әртүрлі патологиялық жағдайлар туындайды: m.sphincter pylori-дың ұзақ уақыт жиырылмай босауы, онекі елі ішек құрамының (сілтілі орта) кері асқазанға (қышқылдық орта) жие өтуі болады да асқазанның қышқылдық ортасы бейтараптанып (нейтралданып) асқорыту төмендейді, бұл жағдай гастритке, жараға (16-сурет) және асқазанның әртүрлі ісік ауруларына алып келеді; m.sphincter pylori-дың ұзақ уақыт жиырылуы (спазмы) – асқазанда қорытылған астың ұзақ уақыт жатып қалуына (асқазанда тек су, спитр және кейбір тұздар ғана сіңіріледі), қышқылдың көбейуіне (эрозия, гастрит пайда болады) және асқазанда ауаның (газдың) жинақталуына (асқазанның тырсыюы, жие кекіру, жүректің айнуы, лоқсу, құсу) әкеледі.
Асқазанның сілемейлі және сілемейліасты қабатында биологиялық белсенді заттар (гастрин, серотонин, гистамин т.б) бөлетін көптеген эндокриндық клеткалар орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет