Анатомия 1-билет


-қадам. Зақымдалған ағзамен қандай ағзалар жанасатынын көрсетіңіз (синтопиясы



бет2/11
Дата01.10.2024
өлшемі274,98 Kb.
#146309
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Анатомия ЖКТ ОСПЭ 2024

2-қадам. Зақымдалған ағзамен қандай ағзалар жанасатынын көрсетіңіз (синтопиясы
Асқазанның синтопиясы (41-сурет) :

  • алдыңғы беті: бауырға, диафрагмаға жанасады және іштің алдыңғы қабырғасына жанасатын бос беті ( facies libera) болады (асқазан бос кезде   facies libera-ға көлденең жиекті ішек жанасатынын ескерген жөн); 

  • артқы беті: көк бауырмен, ұйқы безімен, солжақ бүйрекпен, бүйрекүсті безімен, аортамен, төменгі қуыс венамен жанасады; асқазанның үлкен иініне тоқ ішек сәйкес келеді;


Асқазанның көршілес ағзалармен жанасып орналасуы (Schultze бойынша синтопиясы). А — асқазанның алдыңғы қабырғасы: 1 — facies hepatica; 2 — facies diaphragmatica; 3 — facies libera; Б — асқазанның артқы қабырғасы: 1 — facies lienalis; 2 — facies suprarenalis; 3 — facies renalis; 4 — facies pancreatica; 5 — facies colica

2-билет
Хирургиялық бөлімге науқас ішектің қозғалысы кезінде анус аймағындағы ауырсыну, анустан қанның шығуына туралы шағымдармен түсті.
Бұл науқаста қандай орган зардап шегеді?
1-қадам. Зақымдалған ағзаның құрылысын және оның ішастарға қатынасын айтып беріңіз.
Тік ішектің макроскопиялық құрылысы:

  • тік ішектің жалпы ұзындығы 13-16 см аралығында болады.

1) Үш бөлігі ажыратылады:

  • жамбас ( pars pelvina) немесе ампула үсті ( pars supraampullaris);

  • ампула ( ampulla recti) – кеңейген жері, диаметрі 8-16 cм;

  • анус (артқы өтіс) каналы ( canalis analis), анус (көтен, айналшық) тесігімен ( anus) аяқталады; canalis analis ұзындығы 2,5-3 см.

Ескеретін жағдай, клиникада тік ішекті бес бөлікке бөледі: ампула үсті (немесе тікішек-сигма бөлігі), жоғарғыампулалық, ортаңғыампулалық, төменгіампулалық және шатаралықтық.
2) Екі иілімі бар:

  • сегізкөздік иілім ( flexura sacralis), сегізкөздің алдыңғы ойыстанған бетіне сәйкес жатады, яғни иілімнің дөңес жағы артқа қараған; 

  • шатаралықтық иілім ( flexura perinealis), иілімнің дөңес жағы құйымшаққа сәйкес алдыға қарайды. 


Микроскопиялық құрылысы:

1) сілемейлі қабық ( tunica mucosa):




  • жартыай тәрізді қатпарлары ( pliacae semilunares recti) болады немесе олар көлденең және қиғаштау жатқандықтан көлденең қатпарлар ( plicae transversales recti) деп те атайды, олар негізінен – ампула үсті және ампула аймағында орналасады; ал анус (артқы өтіс) каналында – ұзына бойлық қатпарлар болады, олар – анус (артқы өтіс) бағаналары ( columnae anales);

  • ампула мен анус каналының шекарасында сілемейлі қабықтың кішкене білікшесі түзіледі, оны тікішек-артқы өтіс сызығы ( linea anorectalis) деп атайды;

  • анус бағаналарының ( columnae anales-тың) төменгі шеттерінің арасын қосып жатқан көлденең бағытта орналасқан қатпарлар болады; бұл қатпарлар – анус (артқы өтіс) жапқыштарын ( valvulae anales) немесе көтенішек қақпақшасын (Моргани қақпақшасын) құрайды және қақпашалар жақын орналасатын бағаналармен бірге анус (айналшық) қойнауларын ( sinus anales) түзеді;

  • анус жапқыштарынан ( valvulae anales-тен) төмен – дөңгелек білікше, артқы өтіс қыры ( pectеn analis) орналасқан; аталған білікше артқы өтістің ішкі сфинктерінің шығыңқы жатқан дөңес бөлімімен түзіледі;

  • тік ішектің ампула үсті бөлімінің және ампуланың сімейлі қабығы бірқатарлы призмалы эпителиймен ( ішектік түрімен) тысталған; m. sphincter ani internus-тың төменгі жиегі, яғни артқы өтіс-терілік сызық ( linea anocutanea) деңгейінде, призмалы эпителий көпқабатты жалпақ эпителийге (терілік түріне) ауысады;

  • linea anocutanea-дан төменде жұқарған терінің ақ түсті жолағы – ақ сызық (linea alba) орналасқан;

  • ақ сызық аймағының терісінде қатпарлар, май және тері бездері мен түктер (жүн) болмайды;

  • сілемейасты негізі ( tela submucosa) жақсы жетілген; анус (артқы өтіс) каналы ( canalis analis) аймағындағы tela submucosa-да геморроидалық веналық өрім ( plexus venosus haemorrhoidalis) орналасқан; геморрой кезінде аталған өрімнің веналары қанға толып веналар кеңейеді және геморроидалық түйіндер түзіледі, осы түйіндер жарылып қан кетуі болатындығын ескерген жөн.

2) бұлшықет қабығы ( tunica muscularis):
* ішкі қабаты – дөңгелек бағытта, циркулярлы орналасады ( stratum circulare) және canalis analis аймағында жуанданып артқы өтістің ішкі (қысқышын) сфинктерін ( m. sphincter ani internus) түзеді; ал артқы өтістің сыртқы (қысқышын) сфинктері ( m. sphincter ani externus) – шат(бұт) аралықтың көлденең жолақты бұлшықетімен түзіледі (біздің еркімізбен жиырылатын бұлшықет).
сыртқы қабаты – бойлық талшықтардан тұрады ( stratum longitudinalе).
3) сірнелі және адвентиция қабығы – сыртқы қабық:

ішастарға қатысты орналасуы: тік ішектің жоғарғы бөлімі интраперитонеалді орналасқан және шажырқайы ( mesorectum) болады; ортаңғы бөлімі мезоперитонеалді орналасады, ал төменгі бөлімі негізінде адвентициямен жабылған, бірақ кейде тек алдынан ішастармен жабылып экстраперитонеалді жатады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет