1
Анатомия бөлімі
№4 Тірек-қимыл жүйесі ‒ Сүйектің құрылысы ‒ Адам
бұлшықеттерін жіктеу
Сүйектер буын және шеміршек
арқылы бір-бірімен байланысып, адам
қаңқасын құрайды. Ол дененің тірек қызметін атқарады.
Қаңқа сүйектеріне _____________ бекиді.
Тірек қызметінен басқа қаңқа сүйектері ішкі мүшелерді
механикалық
зақымданудан қорғайды.
Адам
қаңқасына тұлға, бассүйек, қол мен аяқ сүйектері жатады. 200 ден
астам сүйек болады. Сүйектер пішіні, құрылысы бойынша ерекшеленеді.
Құрылысы бойынша сүйектерді
2 топқа: түтік тәрізді, жалпақ
Түтік тәрізді сүйектерді ұзын (тоқпан, сан, білек) және қысқа (саусақ
сүйектері (фаланга) деп бөледі. Балаларда түтік тәрізді сүйектердің
қуысы
сүйектің
қызыл кемігіне толы болады, адамның жасы ұлғая келе сары (май
ұлпасымен) кемікпен алмасады.
Жалпақ сүйектердің ұзындығы мен жуандығы әртүрлі болады.Оларға
жауырын, бас сүйек, төс, жамбас сүйектері жатады
Бас сүйекте екі бөлім бар. Бас сүйектері жұп және тақ болады.
Ми бөлімі: шүйде және маңдай тақ сүйектері; төбе және самай жұп сүйектері.
Бет бөлімі: бет және үстіңгі жақтың жұп сүйектері;
астыңғы жақтың тақ
сүйектері.
@assel.moldabay
2
Кеуде қуысы 12 жұп қабырғадан тұрады. Барлық сүйектер жалпақ,
жартылай
қозғалмалы болып байланысқан, қабырғалар
омыртқа жотасымен
буын арқылы байланысқан.
Омыртқа жотасы 33–34 омыртқадан тұрады және 5 бөлімге бөлінген: мойын
(7 омыртқа); арқа (12 омыртқа); бел (5); сегізкөз (5); құйымшақ (4–5).
Омыртқалар аралас сүйектерге жатады. Олар қозғалмалы байланысқан.
Қол сүйектерін иық белдеуі және қолдың еркін қозғалатын сүйектері
құрайды.Қол сүйектері: жұп жауырын және жұп бұғанадан тұрады.