Анатомия және физиология пәніне кіріспе



бет105/120
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133443
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   120
Байланысты:
Анатомия және физиология пәніне кіріспеg

Резус-фактор.
Эритроциттерде А және В агглютиногендерімен басқа қосымша антигенді белок резус фактор (Rh-фактор) деп аталатын агглютиноген кездеседі. Ол алғаш рет макака резус маймылдарының қанында анықталған. 85% адамдардың қанында резус- фактор болады да, ол Rh (+) оң деп аталады. 15%- қанында резус фактор жоқ, ол Rh (–) теріс деп атайды. Бұл адамдардың қанында антирезус-агглютининдер болмайды. Егер резус (-) теріс қанды адамга резус (+) оң қаңды қайта құйғанда, құйылған резус агглютиногенге адам қанында арнайы антирезус-агглютининдер мен гемолизиндер түзіледі. Бұл жағдайда бұл адамға резус (+) оң қанды құйғанда, эритроциттердің агглютинациясы мен гемолизі жүріп гемотрансфузиялық шок дамиды.
Резус фактордың жүктілік өтуінде алатын орны ерекше. Мысалы анасының қанында резус фактор жоқ, ал әкесінде ол бар болса, баласы әкесінен резус факторды мұралыққа алып, тұқым қуалауы мүмкін. Бірінші баланың дені сау туылады. Келесі жүктілігінде анасының резус агглютининдері плацента арқылы бала қаны айналымына түсіп, эритроциттерді желімдеп оны бұзылысқа ұшыратады. Баланың іште өлуі немесе гемолитикалық сары аурумен туылуы байқалады. Толық ауыстырып қан құю арқылы баланы аман алып қалуға болады.


Жүйке жүйесі


Нейрон құрылысы, және оның түрлері.
Нейрон дегеніміз – орталық жүйке жүйесінің құрылымдық қызметтік бірлігі.
Нейронның құрылысы мынадай бөлімдерден тұрады:
1) Дене- сома;
2) Аксон- ұзын өсіндісі;
3) Дендрит- қысқа өсіндісі;
Дененің қызметі өсінділердің зат алмасуын реттеп отырады.
Аксонның қызметі қозуды денеден басқа нейрондарға жеткізеді,
дендриттің қызметі жүйке жасушалардың арасында байланыс жасайды.
Екі нейронның арасындағы байланысты синапс деп атайды.
Синапстың қызметі импульстарды бір нейроннан екінші нейронға өткізу.
Нейрон түрлері. Нейрондар тармақтарының санына қарай 3 бөлінеді:
1.көпүйекті (мультиполярлы),
2.қосүйекті (биполярлы),
3.бірүйекті (униполярлы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет